План урока по воспитательному работу на тему Даярлы? топпен ?оштасып біз мектепке барамыз!


Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!
Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыластыққа тәрбиелеу.Әдісі: ЕртеңгілікБарысы: І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Кіріспе сөз- Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң мен солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!. Бүлдіршіндерімізге сәт - сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Өтті қызық көп күндер,Алты жасқа жеттіңдер.Барасыңдар мектепке,Бір белестен өттіңдер.Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.Педагог: Өсті міне бойларың,Өсті ақыл - ойларыңҚуанышқа ортақпын,Құтты болсын тойларың!Қазақстан Республикасының гимні айтылады.Айналайын, балалар,Алда мектеп - ана бар.Өздеріңнен өседі,Өнерпаздар, даналар.Ақниет: Қуан, шаттан алақайҚуанатын күн бүгінБұл қуаныш себебінБізге қарап ұғарсың,Ер жетті деп бөбегімАта - анамыз қуансын.Шаттық: Ойыншықты жинаймызБөбектерге сыйлаймыз.Өнер - білім үйреткен,Өзіңізді қимаймыз.Досымжан: Құшағыңда жарқылдапӨтті сәби күндерімБи биледім, ән тыңдапАлаңдауды білмедім.Жансерік: Енді мен үлкен баламынАнамның тілін аламынҰстаздың барлық айтқанын,Миыма құйып аламын.(Есік қағып «5»- тік баға кіреді).- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер, - деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.І тапсырма: сұрақтарға жауап беру.ІІ тапсырма: сауат ашу сабағынанІІІ тапсырма: математика сабағынанІV: өз өнерлеріңді көрсетіңдер.І тапсырма.- Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан туралы жаттаған өлеңдерің бар ма?- Біздің Қазақстан», «Отан»- Сенің ауылың кімнің атымен аталады?- Мектебің кімнің атымен аталады?Жарайсыңдар балалар!ІІ тапсырма.- Дыбыстар нешеге бөлінеді?- Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгілейміз?- Дауыссыз дыбыстарды ше?(Әдептілік - әдемілік)ІІІ тапсырма.- Тура және кері санап бер.- Кім есеп құрастырып береді?ІV тапсырма.(өнерлеріңді тамашалайық)Жансая: Талай қызық той өткіздік,Бірақ орны ерекше.Даярлықпен қоштасатын.Бүгінгі той ерекше.Хор: «Сәлем мектеп»Нұржауған: Нағыз білім ырыс бақ,Дүниені тұр ұстап,Енді біздер сабаққаКірісеміз дұрыстап.Қарақат: Тәрбие берген ұямызТәртіпті бала боламызҚоштасып даярлық топпененБіріншіге барамыз.Нұргүл: Құшағыңда жарқылдап,Өтті сәби күндерім,Мектепке барам мен ендіДаярлық топ қош енді.Ән: «Біз өмірдің - гүліміз!» орындайтын ұлдар тобы.Би: «Қыздар тобы.Айымжан: Әліппеден әріп танып,Алғаш рет оқимыз.Тәрбиеден тәлім алып,Санамызға тоқимыз.Мерей: Ән саламыз бас қоса,Даярлықпен қоштасаҚалам, дәптер, өшіргішКітаптармен қоштаса.