Біз мектепке барамыз сыныптан тыс шара


«Біз мектепке барамыз»
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар,оқушылар,ата-аналар! Міне,бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдығына алғаш рет қадам басқан бүлдіршіндеріңіздің 0 «е» мектепалды даярлық тобының оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар. «Біріншіге барамыз» атты,қоштасу кешімізге қош келдіңіздер! Ендеше бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.(Ортаға келеді)
Би: «Вальс»
Мұғалім: Өтті қызық көп күндер
6 жасқа жеттіңдер
Барасыңдар біріншіге
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың
1-оқушы: Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Армысыздар ата-ана,үлкендер!
Қызығына балалардың мәз жандар
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздеріңнен көрем шаттық арайың
Болсын солай әр бір күнің,әр айың
2-оқушы: Алтыға толдым биыл мен
Оқушы болып киінем
Арқала сөмке асына
Мектепке барам асыға
3-оқушы: Армысың,мектеп әр бесік
Айқара ашқан есігін
Тәрбие,білім,бар нәсіп
Өзіңде өрлеп өсемін
Үйретерсін еңбекке
Сен арқылы ойлармын
Сен арқылы ұғармын
Жұмбақ әлем сырларын
4-оқушы: Көңілдіміз,күлеміз
Әріптерді білеміз
Мектеп біздің үйіміз
Тату-тәтті жүреміз
5-оқушы: Даярлығым қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Енді ертіп келмеймін
6-оқушы: Елдің атын жазамын
Жердің атын жазамын
Туған тілге тазамын
Батаңды бер қазағым
Біріншіге барамын
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Мұғалім: Мейірімді шапағатын тербеткен,  Арманға асқар құлашымды серметкен.  Мен бақытты балдырғаның саяңда,  Біліміңнің бал-бұлағы шөлдеткен -дей келе келесі кезекте тақпақтарға берейік.
7-оқушы: Мектебімнің есігін
Беске тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз
8-оқушы: Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз
9-оқушы: Қызық күндер өткіздік
Даярлықтың бағында
Көп оқыдық,көп білдік
Ел мен Отан жайында
10-оқушы: Даярлығым қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Енді ертіп келмеймін
11-оқушы: Ең әдемі көрікті
Мектебіміз үйіміз
Үйрендік бар әріпті
Біздер жаза аламыз
12-оқушы: Қолыма алып кітапты
Үңілдім тұңғыш әріпке
Қоңырау үні сыңғырлап
Тұрғандай маған қол бұлғап
Мұғалім: Мың бұралып арулар аңдып басып
Келеді міне ортаға шалқып-тасып
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді бимен Інжу,Іңкар атты қыздарымызды қарсы алайық.
Би: «Моно-моно»
Мұғалім: Мектебім жүректегі айбыным
Әрдайым көкте тұрар ай күнім
Мектеп десе дүрсілдейді,жүрегім
Жетістігі алға оқып өрлесін-дей келе келесі кезекте тағы да бүлдіршіндеріміздің лебіздеріне кезек берейік.
13-оқушы: Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана
14-оқушы: Оқимыз,білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Даярлықпен қоштасып
Біз біріншіге барамыз
15-оқушы: Даярлығым байтағым
Күліп-ойнап қайтамын
Ән саламын,би билеп
Тақпақты да айтамын
16-оқушы: Сауат ашудан әріп танып
Алғаш рет оқимыз
Тәрбиеден тәлім алып
Санамызға тоқимыз
17-оқушы: Бұл алғашқы қадамым
Таудай менің талабым
Білім нәрін алуға
Мен біріншіге барамын
Әріптерді үйреткен
Жамандықтан жиреткен
Ұстаз біздің анамыз
Жарқыраймыз жанамыз
18-оқушы: Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Мұғалім: Бүгін бізде дүбірлі той
Ден қойып тыңдаңыздар,көңілді қой
Жырдан шашу шашылсын,күй күмбірлеп
Бөбектердің лебізі тыңдалып сергісін бой- дей келе келесі кезекте тағы да бүлдіршіндеріміздің лебіздеріне кезек берейік.
19-оқушы: Қуанамыз , сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін,
Алғашқы топты қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне қараңыз
Ғылым, білім жолында
Үлкен жолдар саламыз
20-оқушы: Жарық болса күніміз
Жарып шығар үніміз.
Елін сүйген ер жетер,
Біз болашақ гүліміз
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы баламыз
Жақсы оқып әр қашан,
Бестік баға аламыз
21-оқушы: Міне мен де үлкен болдым
Жасым толды алтыға
Кітаптағы сөздерді
Енді оқимын шетінен
Туған тілді мақтаймын,
Салт дәстүрді сақтаймын
Өсті талап талғамым
Көп нәрсені үйрендім.
22-оқушы: Нағыз білім ырыс – бақ
Дүниені тұр ұстап
Енді біздер сабаққа
Кірісеміз дұрыстап
Күннің нұры шуақты
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Мұғалім: Биші болам болашақта Шарадай
Төземін мен қиын жолға қарамай
Мың бұралған бишімізді қошеметтеп
биімен Күнтуған қызымызды қарсы алайық
Би: « »
Мұғалім: Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді
Ертегіні тәуір көрем мен тегі
Осы күні ойлап көрсем,жасымда
Ертегін маған айтып беріпті-дей келе кезекте «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашалайық
Ертегі: «Мақта қыз бен мысық»
Мұғалім: Мың бұралған арулар жайлап басып
Келеді ортамызға жайнап тасып
Қыз баласын сыйлаған халқым менің
Қошеметтеп,қол соғайық,қарсы алайық
Би: «Испан»
Мұғалім: Біздің халық өнерпазға бай халық
Әнші деп те,күйші деп те айтайық
Талаптарың таудай екенін,ал енді
Жау,жау,жаңбыр әнімен Назым,Сабрина,Күнтуған,Аяулым атты қыздарымызды қарсы алайық
Ән: «Жау,жау жаңбыр»
Мұғалім: Қазекем мақтанады ұрпағымен
Көрінсін ұлдарым бар қырымен
Танытсын кім екенін мына көпке
«Жігітке жеті өнер де аз» -дегендей,келесі кезекте
Би: «Ұлдар биі»
Мұғалім: Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай
Дәл бүгін би биленіп,ән шырқалмай
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай-дей келе «Флешмог» биі қарсы алайық
Би: «Флешмог»
Хор: Қуанышым менің мол
Біріншіге тарттым жол
Даярлығым қош сау бол!
Мұғалім: Ендігі кезекте мектебіміздің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Гүлбану Жеңісқызына сөз кезегін береміз.
Мұғалім: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңе нұр тұнды
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер
Өздеріңмен қоштасатын күн туды
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін
Өздеріңді сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік