Физика саба?ында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә. Назарбаев
Алима Әуезхановна физика пәнінің мұғалімі №7 кәсіптік лицей
Кіріспе сөз
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Физика пәні оқушылардың қызығушылығымен тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Олар өзбетімен ізденуі барысында білімнің шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Әрбір оқушыға жас ерекшелігі мен ойлау қабілеті, айналасы үлкен әсерін тигізеді.
Физикалық теория – логикалық бір жүйеге келтірілген білімдер жиынтығы. Оның негізгі элементтерін (фактілер, сызбалар, ұғымдар, заңдар, теорияның салдары) білу физиканы оқытудың негізгі мақсаты болып табылады.
Логикалық ойлау – білімді тиімді меңгертудің бірден-бір жолы. Кез-келген есепті шешу барысында оқушыларды талдауға, яғни есепті шешудің бірнеше жолдарын қарастырыуға, ойландыруға үйрету керек.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер - оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан, қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын пайдалану – өзекті мәселелердің бірі.
Электрондық оқулықтарды теориялық сабақарда пайдалану кезінде білім алушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдап алған тақырыбы бойынша тапсырмалар орындап, тесттер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Осы мақсатта электрондық оқулықты пайдаланып, физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында 1 курс «автокөлік жөндеу» мамандығы бойынша оқитын оқушыларға «Жылу машиналарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау» атты ашық сабақ өткіздім. Бұл сабақта оқушылар жылу қозғалтқыштарының жұмыс уақытында қоршаған ортаға көмірқышқыл газын және басқа зиянды заттарды шығарып жататындығын, ауаның жану өнімдерімен, күлмен, күйемен зияндалуы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар жылу машиналарының проблемалары мен даму болашағы жайлы пікірталасты.
Өз іс-тәжірибеммен сабақ беру үрдісінде төмендегідей негізгі факторларды:
өз бетінше тапсырмалар орындауды;
рефераттар қорғауды;
оқушылармен жекелей және топпен жұмыстар жүргізуді;
үйге олардың ойлау қабілетін дамытатын есептер беруді;
сабақта халықтық педагогика элементтерін қолдануды;
теориялық-практикалық сауаттылығын арттыруды басшылыққа аламын.
Мен жұмысымда оқытудың жаңа педагогикалық технологиялық негізі етіп, деңгейлік саралауды алдым. Ол бойынша дамыта оқыту әдісі жүзеге асырылып, оқушының ойлауы мен есте сақтауын, белсенділігі мен ынтасын, дағдысы мен білім сапасының артуы қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі оқытуда өз бетімен жұмыс істеудің мақсаты – бекіту, өткен сабақты қайталау болса, қазір жаңа технологияға байланысты оқушылардың жеке фактілерді, физикадан алған білімдерін күнделікті тұрмыста қолдана білуіне көңіл аударылады.
Деңгейлік саралауды басшылыққа ала отырып, «Тұрақты электр тогы», «Конденсатордың құрылысы және түрлері» атты сабақтар өткіздім.
Сонымен қатар, физика сабағында ойын элементтерін қолдана отырып, сабақ өткізу – әрбір баланың сабаққа ынтасын арттырып, қызығушылығын туғызады. Сабақта сонымен бірге жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді өте тиімді пайдалануға болады. Ойын элементтерін қолданып, «Электр құбылыстары» атты сайыс сабақ, «Халықтық ұғымдар мен салт-дәстүрлердің астрономиялық негізі» атты ойын сабақ өткіздім.
Ақпараттандыру заманында студенттер меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеруде.
Арнайы білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттырып, интенсификациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
№ 7 Кәсіптік лицейінде 2006-2007 оқу жылынан бастап физика пәнінен сабақ беріп келемін. Елбасымыз 2011 жылғы халыққа арнаған Жолдауында әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіру - білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететінін айта келіп, маңызды міндет ретінде пән кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту қажеттігін атап көрсетті.
Лицейімізде пән кабинеттерінің жаратылыстану пәндері үшін орны ерекше. Сонымен қатар, кабинет сызба кестелер, суреттер және т.б. көрнекілік түріндегі оқу құралдары, компьютермен және мультимедиялық жұмыстармен қамтамасыз етілген.
Білім мен тәрбие қай кезде де егіз болып келеді, сол себепті олар қатар жүргізілуі тиіс.
Ұлттық бай мұрамызды келешегіміздің мақсатына сай тиімді пайдалану – әрбір ұстаздың міндеті. Өз сабақтарымызда әр түрлі әдістерді пайдалану арқылы студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беретініміз айқын. Біз болашақта білімді, сауатты, мәдениетті ұрпақты тәрбиелеуіміз қажет екенін әрқайсымыз өз сабағымызда басшылыққа алғанымыз жөн...
Қорыта келгенде, баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.