А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту


"Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту"
 Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі- мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден- бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркенитетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай- ақ рухани жан дүниесі бай, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу- осы ұстанымдардан туып тұрған өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Қазақстан Республикасы” Білім туралы ” Заңында”Білім беру жүйесінің баты міндеті- жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту”деп атап көрсетеді.Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт жасауы керек деген қағида берік орнықты.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты- баланың білім беру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту.
Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдармен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды- тұлғаны дамытудың ең басты тетіктердің бірі ретінде қарастырды, өйткені шығармашылық іс- әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді. [3]
Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Сондықтанда осы тақырыпты таңдап алдым.
Мақсаты: Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Міндеті:Оқушы қабілеті мен әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, ізденімпаздықпен іскерлігін жетілдіру. шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін,
1. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.
Баланы ізденушілікке баулу оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
Зерттеу мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондайақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі:«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біріншісі-ішсем, жесем, ұйықтасам» деп туады. Екіншісі — көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, ол неге үйтеді ,бұл неге бүйтеді деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін, тыныштық көрмейді ,- деген ой- тұжырымды растайды.
Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. «Зерттеу» түсінігі энциклопедиясында «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының басымдылығымен түсіндіріледі.Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді.Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.
Шығамаршылықзерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы.Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде,екінші жағынан,ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті.[9] Елімізде шығармашылықтың дамуы туралы арнайы зерттеп жұмыстарын жазған психолог – ғалымдар Т.Тәжібаев, Ж.Аймауытов, Қ.Рахымбаева, С.Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.
Психологиялық сөздікте «Шығармашылық іс- әрекет нәтижесінде жаңа материалдық және тарихи құбылыс болып саналатын шығармашылықтың психологиялық аспектісі де бар: жекелік және үрдістік. Бұл жеке тұлға нәтижесінде өзінің жаңалығымен, бөлектілігімен ерекшеленетін өнім шығаруға қажетті қабілеттердің, білімнің, икемділіктің және дағдылардың болуын талап етеді» деп берілген.
Л.Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс- әрекетті атаған.» Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Понамеров оны даму ұғымымен қатар қояды.
Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалым М.Поташник былай анықтама береді:
-жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;
-іс- әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.
1.2. Психологтар соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. Оның бірі «туа біткен» данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау негізге алынған екен. «Туа қалыптасқан» данышпандар өз туындыларына керемет қабілеттілік та-
нытқан. Ал «келе – келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті- қажымайтын жігер, білуге деген құштарлық, өз-өзіне қоятын қатаң талаптың болуы екен.
Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да,жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аямай еңбек ету.
Психологтардың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып, ақыл – ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жас деуге болады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық , яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру; оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу; шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білу керек. Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жаза алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге , қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жазғанына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу –жасқаншақ немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі жалқаулыққа жеңдіреді. Міне осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға байланысты.
1.3 Шығармашылық- бүкіл болмыстың, қозғалыстың дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршілік көзі.Қазіргі педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт- бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде.Оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.
Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Бұған бүкіл халықтық және жеке адамның шығармашылығы арқылы жеттік.Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс- әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға ие болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында да зеріттеліп келеді. Шығармашылық педагогикасының мақсаты- бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен жаңа шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет»ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Қабілеттің екі түрі бар:
Репродуктивті-іс- әрекетті, білім берілген үлгі бойынша қабылдай алу
деңгейі.
Шығармашылық- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу»дегенді білдіреді.демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.Ол үшін мұғалімнің өзі де шығармашылықпен тұрақты айналысып, дәуір көшінің өзгерістеріне ілесе алатын болуы тиіс десек, мұғалім- бақылаушы емес, бағалаушыда емес, танымдық іс- әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы.
Шығармашылық жұмыстың түрлері.
Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс.Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор.Жазба жұмыстар олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі.Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын.
Шығармашылық жазба жұмыстары -тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда мұғалім оқушыға міндетті түрде бағыт – бағдар беруі керек. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Шығармашылық жұмыс табиғаттың төл перзенті адамның көңіл күй, ой-толғам болмысына, сыртқы дүниені танып білу, ұмтылу мүмкіндігіне де байланысты.Осыған орай кейде ой-толғау түрінде оқушыларға «Мен кіммін?»,«Who l am?»деген тақырыпты жазуға тапсырма беремін.
Тілдерді меңгеруде оқушылар сөздерді, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу, салауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан жазба жұмысын барлық сыныптарда үнемі өткізіп отырған тиімді.
Жалпы білім беретін мектептерде5 сыныптан бастап диктант түрлерін, жазба жұмыстарын өткізуге болады.
Әріп диктанты. 5 сыныптарда өткізіледі. Мақсаты- ағылшын тілінің дыбыстары мен әріптерін дұрыс меңгеріп, олардың бір- бірінен айырмашылықтарын, ұқсастықтарын білдіру. Бұл диктант түрі оқушылардың сауатын ашумен қатар олардың есте сақтау қабілетін дамытады әрі оқушы каллиграфиясының қалыптасуына әсерін тигізеді.
Мысалы:a,e,i,o,u,y,t,d,n,m,b,v әріптерінен келетін сөздерді жаздыру.
Жеміс пен көкеністі екі топқа бөлу.
Fruit vegetable
Bananas, apples, tomatoes, onions, carrots, cabbages, apricots, oranges.
Киімдерді үш топқа бөлу.
Boy’s wear Girl’s wear Either
Boots raincoats pajamas pants tights dresses trousers pullovers shirts gloves.
Сөз таптарына байланысты үш топқа бөлу.
Nouns Verbs Adjectives
Dog, play, farm, hand, river, cry, small, eat, clean, hunter, boring, write.
Оқушылардың білімін сынауға арналған тағы бір жазба жұмысының түрі- сұрақтарға жауап жазу. Сұрақтар алынған мәтінді қайталауға, немесе белгілі бір тақырыпқа берілген суреттер, диафильмдер бойынша қойылуы мүмкін. Жауаптары бағаланғанда оның мазмұнына, сөйлем құрлысының дұрыстығы, орфографиялық сауаттылығы ескеріледі.
Диктант, жазба жұмыс түрлерін оқушылардың жас ерекшілігіне, топтың қабылдау қабілетіне қарай, оқу материалының күрделілігіне байланысты жеңілдетіліп немесе қиындатып отыруға байланысты жеңілдетіп немесе қиындатып отыруға болады.[8]
Мұғалім басқа оқушылар өлең жаттау керек болса, ол оны есіне сақтап жазады немесе сурет қылып салып береді,дыбыстарды көрсетіп, карточкалар жасайды, ұнатқан суретін салады да, сол бойынша әңгіме құрастырады, өзі сөзжұмбақ жасайды, берген сөзжұмбақты шешеді, бөлек дайындалған карточкалармен жұмыс істейді.
Орта буынға келгенде, қабілетті дарынды оқушылар сабақтағы жұмыстарға қанағаттанбайды. Осы кезден бастап қосымша сабақтар өткіземін, баланың қабілетін танытуға мүмкіндік туады. 45 минутта қалай үлгеремін демей, жеке өзімен аптасына қосымша сабақ жүргіземін, әр уақытқа оқушыдан бөлемін, себебі екеуіне сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, түсіндіріп отырады, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Бұл жастағы балалар өз мүмкіндіктеріне қарай шығармашылық жұмыстармен айналыса бастайды. Мен көбіне-көп оқушылардың өздеріне орындауға мүмкіндік беремін,келесі сабақта қатесін тауып,қосымша ойлармен толықтырып, әңгімелеп береді, шағын мазмұндамалар жаздырамын. Осындай қосымша сабаққа қатысатын оқушылар мектептегі жарыстарға, апталықтарға белсене араласып ұйытқы бола алады. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжрибесін қорытындылауға үйренеді. Қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі, оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Бұл сабақтарда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептеледі. Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында әр баланың көңіл күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады, интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдаулар арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер бойына жұғысты болады. Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы-баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:
-баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап-тілектерін сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;
-білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
-өзін-өзі дамытатын тұлғалар қалыптастыру.
Бұл тапсырма арқылы балалардың объективті дүниені тану, диалектикалық заңдылықтарды ұғыну, оның қарама-қайшылықтарын түсіну, сапасы мен санын ажырата білу сияқты қасиеттері қалыптасып, логикалық ойлай білуге, жүйелілікпен талдай білуге үйренеді. Тапсырманың соңғы үшінші түрі қиындау бірақ өте қызықты. Ойынды жүргізу үшін арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Тек ойдың ретін жоғалтып алмаса болғаны. Сынып жағдайында күніне бірнеше рет қайталап ойнауға болады. Бұл шығармашылық қабілеттердің негізгі өлшемдерінің бірі-білімді жаңа жағдайға тасымалдай білуді қалыптастырады
Қазіргі талап –оқушыларды ойландыру,іздендіру, сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту,сөз байлығы молайса,ой қабілеті шынықса , білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы, тиянақты болады. Бұл орайда төмендегідей жұмыстарды жүзеге асыр-дым.
Мысалы, «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтінді даярлап , оқушыларға үлестіремін. Олар мәтіндегі сөйлем-
дердің жігін айырып, тиісті тыныс белгілерін қояды.
Мысалы, «Where did you get it?»
When uncle Peter came to their house, mother said I`m sorry I have no cheese I know you like it very much little Jim turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth and said You have very good eyes Where did you get it the boy answered from the rat-trap.
«
«Write….about the football….on Sunday. » Pete….writes three words in his notebook…puts his…
Down on the desk. «Where… your story,…Show it to me!», says the teacher. Pete…to the teacher his story. ….takes his notebook and reads: «Rain. No game»
арттырып, ынталандыру үшін сабақтарда мынадай жолдармен өткізуге болады.
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді пайдалдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.[4]
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда ағылшын тілінен жүргізілген үйірме жұмысы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлығын арттыруға көмектеседі. Ағылшын тілінде сөйлеуге төселіп, сөздік қоры молаяды, оқушылардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншілік сезімі оянып, қызығушылығы артады.
Үйірмеде орындалатын жұмыс түрлеріне тоқталсам, оқушылар шығармашылық тапсырмаларды меңгеру үшін мына шарттар орындалуы тиіс:
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу, яғни, баланы балабақша кезеңінен бастап, мектеп бітіргенге дейін үзбей шығармашылыққа баулып, қиялын, ақыл-ойын басқа да қабілеттерін дамытып отыру керек.
Шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жетіп, күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы керек.
Бала әрекетінің өз бетімен айналысуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы, немен айналысамын десе де өз еркі болуы керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашудың бірден-бір көзі өз бетінше жұмыс істеу
Логикалық ойын, сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел;
Еркін тақырыпта әңгіме құрастыру, оқиғаға тән көрініс, суреттерге сюжет құру. Оқушы сол көрінестерді қиялмен, суретпен, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді.
Жүйелі шығармашылық әрекеті мен шығармашылық қабілет дамытуда берілетін тапсырмалар сөйлеу мен тыңдап түсінуге бағытталған жаттығулар, сөздікпен жұмыс.[10] Сөздікпен жұмыс – сөздерге сөз тіркестеріне байланысты жаттығулар. Сөздің мағынасын жан-жақты түсінуге, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді.
Сыныпта өзара шығармашылықм қарым-қатынас орнату, енжар, салғырт балдарды белсендіріп, шығармашылыққа араластырады.
.
Қорытынды
Қорыта келгенде, шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігін, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарайлап отырсақ, шығармашылыққа өз үлестерін қосары сөзсіз. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттырамын. Эксперимент-зерттеудің алғашқы кезеңінде жоғары деңгейде болса, зерттеуден кейін бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер, оқушылардың логикалық ойлауға машықтануы, шығармашылық жұмыстармен айналысуы, пәнге деген қызығушылығы, берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білуі, өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы осындай жұмыстардың нәтижесінде көтеріліп отырды.