?аза? тілі апталы?ына арнал?ан сыныптан тыс шара.


1270-635«Қазақ тілім- тұғырым»
00«Қазақ тілім- тұғырым»

Жауапты: К.М. Камалиева
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті. Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!
Ең тәтті де – тіл,
Ең ашты да – тіл,
Ең жұмсак та – тіл,
Ең катты да – тіл.
Тіл – ұлттың жан дүниесі.
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.
Тіл Ұлы, құдіретті; Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды; Біздің болашағымыз – ана тілінде! Рухани байлық.
1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар. Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Басымды иіп, тіземді бүгіп тұрып,
Ажарымды айдындай шуақ тұнып.
Отанымды сүйемін күліп тұрып,
Отанымды сүйемін жылап тұрып.
2-жүргізуші: 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі.
1-жүргізуші: Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы – туған тілі болып саналады.
2-жүргізуші: Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар «Тіл мерекесіне арналған»
« Қазақ тілім- тұғырым» атты әдеби кешті бастаймыз.
Сіздердің алдарыңызда 5-7 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.
1-жүргізуші
Әділдікпен баға берер оларға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Әділ қазы алқаларын сайлайық
Өнерліні таңдап бүгін алуға
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп.
Өлеңдерін ортаға салсын дейміз
5 а сынып оқушыларыЖумангалиев Адлет
Құмаров Батырхан
Құсайнов Жоламан
Кабылдинова Алина
2-жүргізуші
Бүгін бізде дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Бүгінгі күн таныды әлем
Қазағымның кім екенін.
Мақтанышпен мен өзіңді
Ән етемін жыр етемін.- деп ортаға
5 б сынып оқушылары шақырылады.
Шайдуллина Еңлік
Алашорда Алем
Абильдинов Аслан
Ермаганбетова Дильназ

1-жүргізуші
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті
Ән бастайды өнермен
6 сынып жастары

2-жүргізуші
Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде,
Алау болып жанамызОртаға 7 сынып оқушылары шақырылады.Сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.
ІІІ орын
ІІІорын
ІІІорын
ІІ орын
ІІ орын
І орын
1-жүргізуші
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
2-жүргізуші
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңаАқ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Осымен тіл күніне арналған әдеби кешіміз аяқталды.