?р ?ле?і-бір ?лем атты М.Ма?атаев?а кеш


Тақырыбы: Әр өлеңі- бір әлем
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу. Мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын дамыту.
1-жүргізуші:
Болмаса егер ақиқаттан бөтені,Айтылған сөз арлы адамға жетеді.Туындысы дана менен дараныңЖүректе екен жайғасатын мекені.2-жүргізуші:
Жырыменен жүректерді тербеген,Жан жарасын талайлардың емдеген.Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдыңМұқағали сынды ақындары кемде -кем.
Ән: Саржайлау
 
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, Алаш жұрты!
2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.
1жүргізуші:  Шындығында да Мұқағали бойындағы  тамаша талантын жұртына арнайды. Ең бірінші бақытым деп білген халқына донор секілді  бүкіл күш-қуатын сарп етті.
«Үш бақытым» өлеңі Сағынай Ернұр
2-жүргізуші: Ендеше, өздеріңіз көріп- сезіп отырғандарыңыздай бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, миллион сырлы сезімнің егесі– Мұқамедқали, Мұқағали Мақатаевқа арналады.
«Менің анкетам» өлеңі
«Арыз жазып кетейін » өлеңі
«Қарасаз» өлеңі
«Сүйемін, өскен Отаным» өлеңі
1-жүргізуші:  Өзінің «Менің анкетам» деген өленіңде  жазылғандай  М.Мақатаев  1931 жылы Алматы облысы , Нарынқол  ауданында  дүниеге келген. Әкесі соғыста қайтыс болған. Анасының  аты–Нағиман. Әже баласы болған соң анасын «Нақа» деп атаған. Туған апасы: «Мені сөзге, жырға үйреткен, тәрбиелеген, халқымды сүюге үйреткен–әжем» деп ылғи сол Нағиман әжесін үнемі еске алып отырады дейді. 2-жүргізуші: Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, Қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
«Майгүлге» өлеңі
«Әке аманаты» өлеңі
«Әке» өлеңі
«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі
Ән : Сенің көзің
1-жүргізуші: Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.2-жүргізуші: Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.
1-жүргізуші:  Өз Отанының кең алқабында, кең атырабында, кең құшағында туылған адам қандай бақытты?!
«Поэзия» өлеңі
«Өлең деген тумайды жайшылықта» өлеңі
2-жүргізуші:
Поэзия –  сәулелі сезімнің сыңғырлы үні, жүрек дүрсілі һәм қоңырауы. Ол –жаңару мен түрленудің, нәр берудің құралы.
Мұқағали:
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,–
десе, замандасы, әріптесі рухани достарының бірі – жұмбақ ақын Жұмекен:
Күпі киген ақынныңКостюмді ойы – тамаша,Киіндірген Абай тек қара өлеңді жаңаша.Қағып-сілкіп күпіні – шекпен алған сол ақын – Шекпен киген кешегі Мұқағали болатын.
деп оны жылы қабылдайды, мойындайды. Ендеше, Мұхаңның ілеміне тереңірек бойлап, оның сыршыл поэзиясының төркінін ұғудың да сәті келген сияқты.
«Ей, өмір», «Елім барда», «Жастық», «Көнемізде»
«Автограф», «Қара өлең», «Шыда, шыда» өлеңдері
1-жүргізуші:
Мұқағали – қазақтың саңлағы,Мұқағали – ән-жырдың шаңырағы.Шырқалғанда жырларың жаным толқып,Жүдеу тартқан көңілім жадырады.
2-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды.
1-жүргізуші: Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері «Есіме мені алғайсың», «Күрең күз», «Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға, домбыраңды берші маған», «Бала ғашық», тағы басқа әндері.2-жүргізуші: Олай болса, ақынның әндеріне кезек берейік.
Ән: «Бақыт деген»,
«Мен деп ойла» әндері
1-жүргізуші:
Өзінің «Күнделігінде» ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты: «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар.
2-жүргізуші:
Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түкте емес. Біріктіріп қарағанда ол-поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай
Мұқағалидың өз дауысындағы өлеңін тыңдау
1-жүргізуші: Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт жоқ. Ол өлең болып өмір сүрді де, өлең болып жатып үзіліп кетті. Өлеңнің соңғы жолын жазуға көңіл құдіреті жеткенімен қолының әлі келмей әлсіреп барып көз жұмды.
2-жүргізуші: Жазушы баспасының ұжымы қайта құру және демократия
талаптарын ескере отырып, республикалық «Тұлпар» сыйлығының статусын бекітті. Аталмыш сыйлық екі жылда бір рет көркем проза, поэзия және әдеби сын саласындағы үздік шығармаларға беріледі.
Тұңғыш белгіленіп отырған «Тұлпар» сыйлығы 1991 жылы қазақ елінің үлкен ақыны марқұм М.Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты өлеңдер мен дастандар кітабына берілді.
«Әйелдер – ай», «Қариялар азайып бара жатыр», «Өмір жайлы», «Шәмілге хат», «Күндестік құрысын», «Дәрігеріме», өлеңдері
«Мұқағалиге арнау», «Балашақтан болашаққа»
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары – біздерміз!
2-жүргізуші:  «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан – ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали – мәңгілік өмір! Осымен «Әр өлеңі- бір әлем» атты Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналған кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!


ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
13 - ақпан күні сағ:12.30 «Әр өлеңі – бір әлем» атты Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш болады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі
және кітапханашылар