«Информатика кемесі-білім те?ізінде» атты информатика апталы?ыны? жабылу салтанатыны? ж?рісі


Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі»
Аюпова Назым Байдуллаевна
Колледждің қосымша білім беру педагогі
«Информатика кемесі-білім теңізінде» атты информатика апталығының жабылу салтанатының жүрісі.
Есболат:
-Армысыздар ардақты алқалы жұрт !
Жұмагүл:
-Қайырлы күн!
Таңмен таласа оянып білім алуға асыға басып колледж бетке алатын барша студенттер мен аяулы оқытушылар.
Ұстаздар демекші бір түрлі ән айтқым келіп тұрғанын қарашы:
(Ұстазым менің ұстазымӨзіңмен өткен қыс жазымҚалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырыпҰстазым менің ұстазым)  деп әндете жөнеледі.
Есболат:
-Жұмагүл: не істеп тұрсың, ұстаздар мерекесі әлдеқашан өтіп кетті емес пе? Ән айтқаның қалай?
( Жұмагүл,Есболатқа жалт қарайды  да)
Жұмагүл:
-Мәс саған, Есболат не қарап тұрсың? Қолыңдағы не, сабақ үстінде планшет ұстауға болмайды ғой?
Есболат:
-Әуелі өзіңе қарап ал, сен де құлағыңда наушник ән тыңдап отырған жоқсыңба ?Жұмагүл:
-Есболат планшетінді бере тұршы бір досыма хабарлама жіберіп алайын. (Жұмагүл Есболатқа жақындайды).
Есболат:
-бере алмаймын, әуелі мен өзім мына киноны көріп болайын, компьютерді пайдаланбайсынба (Есболат планшетке қарап күліп кино көруін жалғастыра береді).
Жұмагүл:
-Есболат осы сен екеуіміз сахнаға не үшін шықтық, не боп кетті өзі, ән, сотка, планшет,кино,компьютер?
Есболат:
Өзімізді-өзіміз таныту керек ғой!
Жұмагүл:
-Олай болса бастаймыз ба?
Есболат:
-Әрине, бастасақ бастайық.
Жұмагүл:
 Құрментті оқытушылар,студенттер колледжімізде өтіп жатқан «Информатика кемесі-білім теңізінде» атты информатика апталығының жабылу салтанатына қош келдіңіздер!
Есболат:
-Олай болса осы апталықты ұйымдастырушы Аюпова Назым апайымызды сахна төріне шақырайық.....
 (Апталық аясында болған шараларға қатысып белсенділік танытқан,жүлделі орын алған студенттерді марапаттайды).
Жұмагүл:
"Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем, ән мен тәтті күй
көңілге түрлі ой саларәнді сүйсең менше сүй "-деп Абай атамыз айтқандай. Олай болса осы ұстаздарымыздан тәлім алып жүрген талантты оқушылардың шағын концертін ұсынамыз, қабыл алыңыздар!
1."Ақпарат" әні орындайтын ИнБ-82 тобы студенттері Тоқсанбаева Шұға,Абуова Гүлнұр.
2. "Испан" биі орындайтындар ИнБ-82 тобының бір топ қыздары.
Есболат:
Құрметті студенттер мен оқытушылар! Осымен   колледжімізде өтіп жатқан «Информатика кемесі-білім теңізінде» атты информатика апталығының жабылу салтанаты өз мәресіне жетті.
Сау болыңыздар!