Автоматты (пулеметті) жина?тау ж?не б?лшектеу (10-сынып)


22225-5080СЕЙІТДӘУЛЕТ Елмұрат
«Берел орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің АӘД пәнінің
оқытушы-ұйымдастырушысы
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинастыру ретімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың іс-қимылдарының ептілігін, шапшаңдылығын, тез ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: алға қойған мақсаттарына жете білуге, қиыншылықты жеңе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, АК-74 автоматы, тапсырмасы бар конверттер, лоторея билеттері,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Миға шабуыл» стратегиясы, сұрақ-жауап, тірек-сызбамен жұмыс, «АӘД бинго» ойыны, практикалық әдіс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар сапқа тұрады, рапорт беріледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалады. Оқушыларды түрлі түсті фишкалар арқылы топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Миға шабуыл» стратегиясы.
1-топ:
- Ұңғы колибрі;
Нақты атыс қашықтығы, м;
Атудың көздеулі қашықтығы, м;
Шоғырланған атыс қашықтығы, м: жер үстіндегі нысаналар бойынша ұшақтар мен парашютшілер бойынша
Атыс қарқыны
Ұрыстық ату жылдамдығы ату/мин
Үзбей атқанда
2-топ:
Жекелей атыспен
Жарақталған магазинмен қосқанда массасы
Сүңгі пышақтың массасы г
Магазиннің сыйымдылығы, патрондар
Оқтың шекті ұшу жылдамдығы
Оқтың қиратқыш әрекеті сақталатын қашықтық, м
Оқтың бастапқы жылдамдығы, м/с
Автоматтың (пулеметтің) негізгі бөліктері мен механизмдерін атап, көрсету.
«Бағалау сатысы».
Оқушыларға берілен параққа, өздерін үй тапсырмасына қандай деңгейде жауап бергені бойынша күн салу арқылы көрсетеді.
«Сергіту сәті». Комлекс жаттығуларын орындату
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тірек-сызба арқылы автоматты (пулеметті) бөлшектеудің түрлерімен таныстыру
Автоматты бөлшектеу
толық емес бөлшектеу толық бөлшектеу
Автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін
Жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті)қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі.

2) практикалық әдіс арқылы автоматтың (пулеметтің) толық емес бөлшектеу тәртібін көрсету:
1) Оқжатарды бөлшектеу 2) жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу
3) сүмбіні алу 4) автоматтан ұңғылық тежеуіш компенсаторын, пулеметтен жалын сөндіргішін бөліп алу 5) ұңғы қорапшасының қақпағын бөлшектеу
7) бекітпемен қоса бекітпен жақтауын алу 8) бекітпені бекітпе жақтауынан алу
9) ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу
3) практикалық әдіс арқылы автоматтың (пулеметтің) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті:
1) газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу 2) бекітпені бекітпе жақтауына қосу
3) бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу 4) қайтармалы механизмді қосу 5) ұңғы қорабының қақпағын қосу 6) шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою 7) автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды, пулеметке жалын сөндіргішті қосу 8) сүмбіні қосу 9) пеналды дүм ұясына салу
10) оқжатарды автоматқа қосу.
ІV. Тақырыпты меңгергендіктерін алғашқы байқау.
«Конверт» тапсырмалары
1-топқа:
Автоматты толық емес бөлшектеу;
Оқжатар, ұңғы қорабының қақпағы, пенал, газ поршеньді бекітпе жақтауының қызметі.
2-топқа:
- Бекітпе, қайтармалы механизм , құндақ, автоматтың ұңғылық тежеуіш компенсаторының қызметтері
- Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинақтау;
«Бағдаршам». Оқушылар бір-бірін бағдаршам түстері арқылы бағалайды. Жасыл түс- өте жақсы, сары түс – орташа, қызыл түс – нашар.
V. Бекіту.
«АӘД бинго» ойыны. Лотореялық билеттер таратылады. Әрбір шыққан санға сұрақтар беріледі.
81-Автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін бөлшектеудің қай түрі жүзеге асады? (толық емес бөлшектеу)
66- оқжатардың суреті көрсетіледі
13- Автоматта ұңғылық тежеуіш-компенсаторы, ал пулеметте .........................................
(жалын сөндіргіш)
89- ұңғылық тежеуіш-компенсатор сурет
10- Ұңғы бастырмасының қызметі (Атыс кезінде автоматшының қолын күюден сақтау үшін)
16-бекітпе суреті
73- Ұңғы қорабында орналасқан бөліктер мен механизмдерді ластанудан сақтайтын бөлшек
(Ұңғы қорабының қақпағы)
28- қайтармалы механизм суреті
33 - Сүңгі-пышақтың қынабымен қоса алғандағы массасы, г (490)
1-Пулеметте қанша патронға дейін болады? (45)
58 - Оқжатарды бөлшектегеннен кейінгі іс-әрекет (Оқтың бар-жоғы тексеріледі)
84 - Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру қалай басталады?
(Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосады)
25-Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алдыңғы жағдайға қайтару үшін арналған бөлшек
(Қайтармалы механизм)
Қорытындылау.
VІ. Қорытындылау. Бағалау.
Оқушылар бір-бірін бағалайды.
«Бігінгі сабақ мен үшін.............»
Сабақ Мен сабақта Қорытынды
1. Қызықты 1. жұмыс істедім 1. материалды меңгердім
2. Қызықсыз 2. демалдым 2. білімімді толықтырып, көп нәрсе білдім
3.Бәрі-бір 3.басқаларға көмектестім 3.Түсінбедім
«Жеміс ағашына» стикерге сабақ бойынша өз ойларын жазып, жапсырады.
VІІ. Үйге тапмырма.
§ 2 оқу, мазмұндау;
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау тәртібін жаттау
Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы,
Берел ауылы