«Тарма?талу алгоритмі ар?ылы Visuallogic ба?дарламасын пайдаланып рационал сандарды ?осу ж?не азайту»


«№46 қазақ мектебі» КММ
Ашық сабақ тақырыбы:
«Тармақталу алгоритмі арқылы Visuallogic бағдарламасын пайдаланып рационал сандарды қосу және азайту»
Математика пәнінің мұғалімі: Смагулова Ардақ Бердібекқызы
Информатика пәнінің мұғалімі: Сагатбекова Назгуль Ахметолдиновна
Өскемен қаласы, 23 қараша 2015ж.
Күні: 23.11.2015 жыл
Сыныбы: 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Тармақталу алгоритмі арқылы Visuallogic бағдарламасын пайдаланып, рационал сандарды қосу және азайту»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: а) Рационал сандарды қосудың, азайтудың қасиеттерін пайдалана
отырып, есептеулер жүргізген кезде Visuallogic бағдарламасында
алгоритм құруды үйрену.
б) Математиканы оқытудағы Visuallogic бағдарламасының
мүмкіншіліктерін көрсету және сабақта қолданудағы тиімділіктері
туралы білу.
Дамытушылық: Танымдық қызығушылығы мен логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, шапшаңдылыққа, мақсатқа жете
білуге, компьютерді пайдалана алуға, жүйелілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: Кіріктіліген сабақ. Математика + информатика.
Көрнекіліктері: кеспе қағаздар, ноутбук, экран, тақта.
Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру (1 мин)
2) Сабақтың мақсатын айту (1 мин)
3) үй тапсырммасын тексеру (5 мин)
4) оқушыларды компьютерде бағалау туралы түсінік.(1 мин)
Рационал сандарды қосу және азайтудың, тармақталу алгоритімінің ережелерін еске түсіру.
« Сөзжұмбақ» шешу. Топтың аты анықталады.
қ а р а м а - қ а р с ы с а н д а р
а л г о р и т м р а ц и о н а л с а н д а р э л и п с к о о р д и н а т а л ы қ т ү з у о р ы н д а у ш ы с т р е л к а н ө л Берілген сұрақтар:
Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар ................. деп аталады.
Берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.
Бүтін сандар, бөлшек сандар (оң және теріс) ,,,,,,, деп аталады.
Блок-сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі?
......... дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.
Алгоритмді жүзеге асырушыны не деп атайды?
Блок-сызбада барлық элементтер бір-бірімен қалай байланысады?
Қарама-қарсы екі санның қосындысы ...... тең.

а з а й т у а л г о р и т м д і к
г р а ф и к а л ы қ
о ң т і к т ө р т б ұ р ы ш э л и п с т е р і с с а н м и н у с Берілген сұрақтар:
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі
нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын ... керек.
2. Алгоритмнің жазылу формасы?
3. Алгоритмнің жазылу формасы?
4. Теріс санға қарама-қарсы сан ..... болады.
5. Блок-сызба алгоритміндегі іс-әрекет дегеніміз?
6. Блок-сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі?
7. Оң санға қарама-қарсы сан ........ болады
8. Екі теріс санды қосу үшін: шыққан санның алдына ....... ( - ) таңбасын қою керек.
Тақтаға! 4 оқушы шығады. Үйге берілген есеп Кобдикова оқулығы бойынша.
№ 200
(- 5486+3578) + 1422 =
-5,5+8,5+(-4,5) =
4523 + (-3788+1477)=
№ 202
2,8х-0,6+4,2х+16,8-7х=
№ 204
а) Координаталық түзуде берілген нүктелердің ара қашықтығын табайық. А (-5) және В (9) нүктелерін координаталық түзуде белгілеу керек.
№ 200 есептің жауабы:
(- 5486+3578) + 1422 = -1908+1422 = - 486
4523 + (-3788+1477)= 4523+ (-2311) = 2212
-5,5+8,5+(-4,5) = 3+ (-4,5)= - 1,5
№ 202 есептің жауабы:
2,8х-0,6+4,2х+16,8-7х= (2,8х+4,2х-7х)+ (-0,6+16,8) = (7х-7х)+16,2=0+16,2=16,2
№ 204 есептің жауабы:

Сабақтың осы кезеңін қорытындылау, топ жетекшісі оқушыларды компьютерде бағалау.
5)Негізгі бөлім: (20 мин )
Оқушыларға тапсырма: Алдамұратова оқулығындағы А,В,С есептері. Деңгейлік есептер. Үлестірмелік қимада беріледі.
А В С
(а+6,05)-11,5 мұндағы: а= - 0,7 (а+в) + (-200) мұндағы: а= -84; в= -30
(с+d+k)+(-8,3) мұндағы: с= -9,5; d=10,9; K=-4.71. ǀ-10- (-5)ǀ
2 ǀ(-26,7)+(-9,4)ǀ

Деңгейлік тапсырманың шығарылуы:
А: (а+6,05)-11,5 мұндағы: а= - 0,7
(-0,7+6,05)-11,5= 5,35-11,5= - 6,15
В: 1. (а+в) + (-200) мұндағы: а= -84; в= -30
(-84+(-30)+(-200)= (-114)+(-200 )= - 314
2. (с+d+k)+(-8,3) мұндағы: с= -9,5; d=10,9; K=-4.7 (-9,5+10,9+ (-4,7)+(-8,3)= ( - 3,3 ) )+(-8,3)= - 11,6
С: ǀ-10- (-5)ǀ = ǀ-10+5ǀ = ǀ -5 ǀ= 5
ǀ(-26,7)+(-9,4)ǀ= ǀ-36,1ǀ=36,1
Енді оқушылар компьтермен деңгейге берілген есептерді тармақталу алгоритмі арқылы Visuallogic бағдарламасының көмегімен алгоритм құрады. Әр оқушыға дәптерде шығарған есептеріне қарап жауабының дұрыстығын тексеру.
Бүгінгі сабағымызда тармақталған алгоритмді қарастырамыз. Кітабымыздың 63 бетін ашамыз. Біз осыған дейін сызықтық алгоритмді қарастырдық онда алгоритм басынан аяғына дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса, ал тармақталған алгоритмде алгоритм бұйрықтарын орындау барысы шартқа тәуелді болады. Шартты тексеру блогын блок сызбада ромбымен таңбалаймыз.
Дәптерімізге тармақталған алгоритмнің анықтамасын жазып алайық. (слайд)
Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса, онда мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм деп атаймыз.
Шарт
№1 іс-әрекет
№2 іс-әрекет
жоқ
иә



Тармақталу алгоритмінің толық формасы
Егер шарт орындалса, онда «№1 іс-әрекет» орындалады, әйтпесе «№2 іс-әрекет» орындалады.
Шарт
Іс-әрекет
жоқ
иә

Тармақталу алгоритмінің толық емес формасы
Егер шарт орындалса, онда «Іс-әрекет» орындалады.
Қане балалар, барлығымыз экранға қараймыз, мен сіздерге VisualLogic бағдарламасын пайдаланып сызықтық және тармақтық алгоритм бойынша блок-сызбасын құруды көрсетемін.
Балалар, біз паскаль тілінде модульды abs деп жазамыз. Шартты тексеру блогын блок сызбада ромбымен таңбалаймыз.
2739390156845
-381053975
Егер шарт дұрыс болса, онда есепті шешу үшін «иә» тармағы пайдаланылады, ал оған кері жағдайда «жоқ» тамағы пайдаланылады.
Компьютерге отырмас бұрын техникалық қауіпсіздік ересін еске түсірейік. (оқушылардан сұрау)
Енді балалар, алдымыздағы ноутбукта жұмыс істейміз. Жұмыс үстеліндегі VisualLogic бағдарламасын ашып, карточка бойынша жұмыс істейік. Жұмысты бастамас бұрын жұмыс үстеліне өз атымызға бума (папка) ашып қоямыз. Қазір орындайтын әрбір есептің блок-сызбасын сол бумамызға сақтаймыз.
Топ басшылары тобымыздың әрбір оқушыны компьютерде бағалап бағасын қояды.
Сабақтың осы кезеңін қорытындылау, топ жетекшісі оқушыларды компьютерде бағалау.
Сергіту сәті: (1 миннут)
Қосымша жұмыс: шығармашылық, ізденушілік кезең. Слайдпен қорғайды.(3 минут)
Сабақтың осы кезеңін қорытындылау, топ жетекшісі оқушыларды компьютерде бағалау.
Шығармашылық тапсырма: 2 топқа. Үлестірмелі қимада. (7 минут)
Есеп: таңертең ауаның температурасы - 50 С болса, түске қарай одан 40 С градус жоғарлады. Түске қарай ауа температурасы неше градус болды.
сұрақ: жоғарлады деген сөз нені білдіреді?
Сұрақ: жауабын өрнектеп жазыңыз?
Координаталық түзудің көмегімен қосыңыз?
Теріс сандарды енгізумен қатар 0 саны қандай мағынаға ие болады?
Шешуі:
жоғарлады деген сөз нені білдіреді? / + білдіреді.
-5+9=4 деген өрнек шығады. Түске қарай температурасы 4 градус болады.
Координаталық түзуде саламыз
А
В



-5 -4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5
Сызбасы слайдта.
Теріс сандарды енгізумен қатар 0 саны қандай мағынаға ие болады? /қарама-қарсы сандардың қосындысы 0 саны (+ ) пен (–) ты ажыратып тұрады.
Үйге тапсырма беру (2 мин)
Үлестірмелі қима балаларда болады. Осы есепке ұқсас өздерің 1 күннің ауа температурасын бақылайсыңдар. Математикадан оқулықтағы 119 беттегі 513 есеп тармақталу алгоритіміне дәптерге құрып келіңдер.
Сабақты қорытындылау, Білеміз, білдік, үйрендік. Баға қою (4 мин)