Мінез — адам к?рсеткіші.


Сабақтың тақырыбы: Мінез - адам көрсеткіші.
Мақсаты: Оқушылардың мінез – құлық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;
жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;
адамгершілікке тәрбиелеу;
Түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Құрал-жабдықтар:
Ұлағатты сөздер .
Сандық,жүрекше,шар,плакаттар.
Аудио құралдар.
Пайданылған әдебиеттер: өзін–өзі тану әдістемелік құралы, интернет көздері,өзін–өзі тану кітабы.
Барысы:
Ұйымдастыру
Тыныштық саті
Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.
Үй тапсырмасын тексеру (эссе арқылы)

Жаңа сабақ
III. Жүректен жүрекке (тренинг)
IV.Ой толғау
Мінез құбылысын зерттейтін ғылым - характерология 
Сангвиник. Жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепетең. Назарын тартқанның бә-ріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Мұндай адам көтеріңкі белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт тауып - шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған объектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақылы-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса, қайта үйреніп, жаңа дағыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субъектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді объектив бағамдауға бейім, экстраверт.
Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық экстраверт.
Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде - интраверт.
Меланхолик. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпе-легіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп - толық интраверт.
V. Пікірлесу.
Сандықшаның ішіне мінез тақырыбына байланысты сұрақтар жасырылған.Сол сұрақтарға оқушылар жауап береді.
Неліктен «Мінез –адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?
Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп,ойлайсыз?
Адам бойында қандай жағымды,жағымсыз қасиеттер болады?
Өз мінезіңіз туралы не айтар едіңіз?
Менің мінезімнің күшті жақтары қандай?
Менің мінезімнің осал жақтары қандай?
Басқаларды мен қалай қабылдаймын (оң,теріс)
Мені қанаттандыратын не?
Мені не қобалжытады?
Менің туған – туыс, достарыммен қарым – қатынасым қандай?
VI. «Күн» суретіне жапсырылған ұлағатты сөздердің мағынасын ашу.
Жақсы мінез – құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққа байланысты.
Әл – Фараби
Мінез – құлық – әркімнің өзінің кейпін көосететін айна.
И.Гете
Мінезі бір қалыпты адамдардың өмірі де жаймашуақ болады.
Демокрит
Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады.Тек қана әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады.
К.Д.Ушинский
Адамның мінез – құлықы айналасындағылардың пікірлерімен шарттасып жатады.Осы арқылы адам өзін –өзі бағалай білуге үйренетін болады.
А.В.Петровский
VII. Постер қорғау
Тақырыбы: Жағымды мінез,жағымсыз мінез.
Оқушыларға тақырып жазылған плакаттар беріледі,жағымды,жағымсыз мінездерді екі бағанға бөліп жазу.
VIII. Бекіту: Түс арқылы оқушылардың мінезін анықтау.
Ақ түс адамның аңқаулық, пәктік, албырттықтың мінезінен хабар береді. Көбінесе ақты жастар жөн көреді. Ал бұл түсті ересек жастағы жанның таңдағаны оның өзгеге көмектесуге ынтығып тұратынын аңғартады. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Алдына мақсат қойғыш жан. Сонымен қатар ақ түсті киім кигенді қалайтын ересек адамдар қарапайым өмірді қалайды әрі жастық шағын жиі аңсайды.Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді.Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді. Тың идеяларды талқылып, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін әрекеті.
Алқызыл, қызғылт түс нәзіктіктің белгісі. Көбінесе бұл түсті балалы болуды қалайтын әйелдер ұнатады. Айналасындағылардан қорғанып, тыныш өмірді қалайтын жандар алқызыл түске құмар. Олардың мінездері жұмсақ келеді.
Қызыл қоңыр түсті ұнататындар өмірден мол тәжірбие алған жандар. Оның өз тәртібі бар, ойы кемелденген адам. Бұл түсті қалайтындар байсалды мінезімен тартымды келеді.
Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.
Қызғылт сары, сарғылт түсті көбінесе көпшіл, үнемі көңілді жүруге тырысып, белсенді өмір салтын ұстанатындар ұнатады. Олар жүрген ортада ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Кез келген ортада танымал. Дегенмен мінезі байсалды. Құбылмалылық, жігерсіздігі да бар. Бұл мінезін жеңу үшін әрекет те жасайды. Негізі қызғылт сары, сарғылт түс жастардың түсі.
Күлгін түсті өзінің талғамы орныққан, ақылды екенін сыртқа білдіруге тырысатындар жақсы көреді. Олар жұмыста аса белсенді, әртістік қабілеті бар, ұжымда абыройлы болуға талпынатындар. Олар өзгеге жаны ашығанымен өзін ғана ойлайды. Күлгін түсті қатты ұнататындардың осындай мінезі бар.
Көгілдір, көк түсті киімдерді көп киетіндер сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Бірақ іштей қатал мінезі де жоқ емес. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар.
Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес.
Сұр түсті сақ адамдар жақсы көреді. Олар еңбекқор, жұмыста марапатқа ие болмаса да жұмысын тоқтатпай, жалғастыра береді. Сұр түске құмарларға бала күнінде ерекше көңіл бөлінбегенін аңғаруға болады. Сондықтан өзін көрсетуге келгенде тым жасқаншақ. Ол мұны қалыпты жағдай деп түсінеді.
Қара түсті көбіне жұмбақ, құпия болуға тырысатындар жақсы көреді. Олар өзінің ойын көп жерде айтпайды. Жасыруға тырысады. Қара түсті таңдайтындардың шын мәнінде жан-дүниесі бостау келеді 
IX. Үйге тапсырма
Мінез туралы дәйек сөздер жазып келу.
X. Қорытынды бөлім.
Оқушылар смайлик арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсетеді.