«Мектептегі к?шбасшылы?ты дамытуда?ы ?о?амдасты?ты? р?лі» баяндама


Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Абай атындағы жалпы орта мектебі
БАЯНДАМА
« Kahoot.it сайтында тест құрастыру»

Дайындаған: Қайсағалиева Бақытгүл Теміртасқызы
жоғары санатты
информатика пәні мұғалімі
Ганюшкин - 2016
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз айтқандай, қазіргі заманда оқу үдерісін ақпараттық коммуникациялық технологиясыз елестету қиын. Сол мақсатта АКТ құралдарын пайдаланудың тиімді жақтарын қарастыруымыз қажет.
 Сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер сабақтың әрбір кезеңінде АКТ-ны қолдануға тырысады. Сабақтың басталуы оның ең маңызды сәттерінің бірі екендігі жақсы белгілі. Осы кезеңнің рөлін оқушылардың жұмысқа жылдам кірісуі үшін олардың жұмыс көңіл-күйін жасауға арналған ұйымдастырушылық сәт орындалады. Оқушыларды сабақтың ұйымдастырушылық сәтіне толық жұмылдыру үшін тақырыпты әдеттегі мәлімдеу мен мақсаттарды тұжырымдаудан басқа, көбінесе іс-әрекеттің келесі түрлері қолданылады:
Информатика сабақтарында алдағы тақырыптың көзделген нысандарын бейне/фото немесе таныстырылымдар түрінде көрсету мүмкіндігі болады. Тапсырмалары мен сұрақтары бар таныстырылымдар,бейне роликтер, картиналар мен проблеманы көрсететін басқа ресурстар, оның шешімі оқушыларды белгілі тақырыпты және сабақ мақсаттарын зерделеуге аударады. Әрине, мақсатты қою суреттердің, анимациялардың, тұсаукесерлер немесе картографикалық карталардың көмегімен жүргізіледі.
Оқушылар үйде орындайтын тапсырмалар оқушының өз бетімен оқуына және өтілген материалдың білімін бекіту дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұғалім олардың дұрыс орындалғанын тексерген кезде бұл сабақтың көп уақытын алса да, дегенмен бұл қажетті
үдеріс, өйткені онсыз оқушының өткен тақырып бойынша деңгейін анықтауға және жаңа
тақырыпты зерделеуіне көшуге болмайды. Егер АКТ құралдарын дұрыс пайдаланса, ол сабақта кейбір қиындықтарды шешуге жол береді. Егер үйге берілген тапсырмада кез келген материалды, мәтінді, туындыны оқып шығу немесе онымен танысу берілсе, белгілі формулаларды жаттауға және т.б. берілсе, онда қысқа мерзім ішінде тестілер арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындағанын тексеріп шығуға болады
Тест дегеніміз не? Тест арқылы сынауда қандай жаңалық бар? Оның сұрақтары қалай дайындалады, оны қалай өткізеді, тест арқылы сұраққа қалай дайындалу керек? Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.
Соңғы жылдары тесттік әдіс оқу — білімге қатысты барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр. Тест деп сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтарды атайды. Осындай іс-әрекетті құрған және жүргізген кезде АКТ сан алуан нұсқаларды ұсынады. Олардың ішінде ең күшті құралдардың бірі ретінде, әрине, Kahoot (getkahoot.com) онлайн-сервисін айтуға болады. Оның сайты www.getkahoot.com.
38538152540000Kahoot – мобильді құрылғыларда дұрыс жауабы бар онлайн викторина құруға мүмкіндік беретін сервис. Ол компьютерлер, планшеттер, ұялы телефондар және басқа құрылғылар арқылы орындауға болатын тестілерді, сұрақ-жауаптарды жасауға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындағаннан кейін сервис тестіге әрбір қатысушы бойынша есепті көрсетеді, оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтауға және олармен кейінгі жұмысты жоспарлау үшін осы есепті пайдалануға болады.
  Сервисті пайдалану алгоритмі:
Фото және видео қосу мүмкіндігіне ие сауалнама (тест) құру;
Виртуалды кабинеттің номерін (жүйе генерациялайды) беру;
Проектор арқылы тапсырманы экранға көрсету;
Оқушылар мобильді құрылғылар арқылы виртуалды кабинетке кіреді;
Мобильді құрылғыларда тапсырмалар көрінеді және оқушылар орындайды;
Жалпы экранда оқушылардың жауаптарын көрсету. Тез әрі дұрыс жауап берген оқушы жеңімпаз;
Оқушылар дұрыс жауапқа сәйкесінше балл алады.
Викторинаны жүргізу барысында оқушылар арасында байқау ұйымдастыруға болады. Сервис арқылы құрылған бір викторинаға жалпы саны 30-ға дейін оқушы қатыса алады. Веб сервис оқушының әр тақырып бойынша білімін бекітуге, тексеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қашықтан оқыту мақсатында да қолдануға болады. Құрылған тестті әлеуметтік желілер арқылы немесе электорнды пошта арқылы сілтемесін жіберіп, басқа әріптестермен бөлісуге болады.
2349530099000Сабақтардың бірінде осы сервистің көмегімен өтілген бөлімді тексеру үшін оқушылардың білімдерін тексеру жүргізілген. Көріп отырғандай, барлық оқушы іске қосылған және өз атымен қуаттаудан өткен. Сұрақтар мен тапсырмалар тек мәтін түрінде ғана болған жоқ, сонымен бірге толық ақпаратты және сұрау салған нысанның суретін алу үшін графикалық суреттерден құралған. Сұрақ экранында тапсырмаларды орындау таймері және оқушылардың жауаптарының саны көрсетілген..
Kahoot сервисінің көмегімен тапсырмаларды орындау уақытында барлық оқушылардың аса мұқият және тез жауап бергендігі байқалады, өйткені ұпайларды алған кезде сонымен бірге тапсырмаларды орындаған уақыты да есепке алынады. Орындалған тапсырмалардың қорытындысы бойынша сервис электрондық кесте түрінде әрбір қатысушы бойынша толық есепті ұсынады, онда дұрыс және теріс жауаптар саны, қорытынды ұпай және әрбір сұрақ бойынша оқушылардың жауаптары көрсетіледі. Осы деректерді пайдалана отырып, мұғалім оқушылардың қателіктері бойынша жұмысты жеңіл жоспарлай алады.
Тестілеуді жүргізу үшін электрондық пошта арқылы, әлеуметтік желілердің хабарламалары арқылы немесе өзінің веб-сайтында орналастыру арқылы тапсырмаларға (тестілер, сұрақтар, сұрақ-жауаптар, викториналар және т.б.) сілтемені жіберу қажет. Қорытындыларды электрондық кесте түрінде алуға болады, онда тек сандық статистика емес, сонымен бірге диаграммалар болады. Жұмысты автоматтандыру үшін Flubaroo плагинін пайдалануға болады (http://www.flubaroo.com/), ол оқушылардың жауаптарын тез тексереді және берілген критерийлер бойынша баға қояды. Оқушылардың білімін тексеру және бекіту кезінде Learningapps.org онлайн сервис жақсы көмекші болып табылады.
Кейбір жоғарыда аталған сервистер тек онлайн тестілерді құрастыру мүмкіндігін ғана ұсынбайды, сонымен бірге офлайн режимде (интернет желісіне кірмей) тестілерді өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін өз компьютеріне тестілеу файлын көшіру және оқушыларға тапсыру қажет. Сұрақтарға толық жауаптарды жазып, тапсырмаларды тексеру үшін, үдерісті, эссені түсіндіру үшін оқушыларға электрондық түрде өз шешімдері мен жауаптарын алдын ала көрсету ұсынылады. Олар орындалған тапсырмаларды электрондық пошта бойынша мұғалімге жібереді. Осындай тапсырмаларды тексеру үшін бұлтты сақтау орындарын пайдалануға болады, олардың құрамына жатқызылады: OneDrive, Google Диск, Мейл Облако, Яндекс Диск және басқалары. Осындай сервистердің басты басымдықтарының бірі– шынайы уақыт режімінде файлдармен бірлескен жұмыс жасау. Яғни, оқушылардың оқушылармен немесе оқытушымен бірлескен жұмысы барысында бірдей файлмен жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Мұғалім оқушыға арнап тест құрастыру үшін
40633654381500Тіркелгеннен кейін сізді сіздің жеке акаунтыңызға жібереді. Өз акаунт парақшаңызда оқушыларыңызға қандай тапсырма (тест түрін) құрасыз соны таңдау керек болады. (quiz, discussion, survey)
3947795123444000-1905123444000“Quiz” дегенді, таңдаймыз. Атау беремізде ары қарай жылжыймыз. Одан әрі сұрақтарды құрастыруға жылжыдық. Сұрақ құрастыру мен бірге әр сұраққа қанша уақытта жауап беру керегінде енгіземіз. Сұрақта иллюстрация (сурет) және видео қосып жасауға болады. Сұрақтаға дұрыс жауапты (қызылды басамыз “Incorrect“) ары қарай (save&continue) кнопкасын басамыз. Одан ары публикацияны баптау керек. ( тілін таңдау , приватность, деңгей, сипаттама, тегтер)
404431513525500Өзіміздің тапсырмамызды ойынға қосамыз (Play now)
Мониторларымыздан ПИН шығады. Бұл ПИН кодты оқушыларыңыз тапсырмаларға кіру үшін қолданады.
Оқушыда интернетке ноутбук, смартфон немесе басқа гаджет болу керек. Смартфонда қосымшаны қосамыз бізден ПИН енгізуді сұрайды (сайтта көрсетілген   пинді енгіземін) ары қарай аты жөнімізді енгізуді талап етеді (ник)  nickname  деген жерге аты жөніңізді толық жазып Ok, go! деген кнопканы басамыз!  Парақта сұрақтар тұрады. Сұрақ жауаптары әр түрлі түстегі тік төртбұрыштар үстінде орналасады. Уақыт аяқталған соң немесе тесті біткен соң сервис дұрыс жауапты және нәтижелері бар кестені көрсетеді, бұл оқушылар арасында бәсекелестік рухын қолдайды.
Сабақтарда АКТ пайдалану – бұл:
• Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен зерттеу әрекетінің дағдыларын дамыту;
• Оларды оқу әрекетіне белсенді жұмылдыру;
• Коммуникативтік қабілеттерді дамыта отырып, оқушылардың ақпаратпен жұмысістеу дағдыларын қалыптастыру;
• Оқушылардың білуге құмарлығын дамыту;
• Ақпараттық мәдениет элементтерін тәрбиелеу;
• Сабақты жаңа мазмұнмен толтыру;
• Жинақтарды, қолданылатын оқу тапсырмаларын кеңейту;
• Компьютерлік технологияларды игеруде дербестігін қолдау;
• Компьютерлік бағдарламалармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын бойға сіңіру;
• Өзінің оқу жетістіктерін дербес бағалау мүмкіндігі, бұл оқушылардың өзін-өзі жетілдіруге қызығушылығын арттырады және т.б.
Қазіргі заманғы мұғалім үйренушілердің басты құқықтарының бірі – сапалы білім алуға құқығын қамтамасыз ету үшін оқытудың қазіргі заманға сай құралдарын пайдалану қажет. Біздің уақытта оқушылармен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ресурстарын пайдалана отырып, білімнің қызықты әлеміне енуге мүмкіндік туды, өйткені олар оқытудың қосымша құралдарынан біртіндеп негізгі қатарларға ауысып жатыр. Қорыта келгенде, сабақты компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін әр оқытушы ұтымды пайдалана білсе, білім сапасы қажетті деңгейге артады деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
О.М. Панова Оқыту сапасын арттыруда сабақ кезеңдерінің рөлі (ұйымдастырушылық сәт пенқорытынды кезең)
А.И. Гусева, И.А.Смольникова, С.А. Филиппов, М.А. Чиркова Оқу үдерісінде АКТ пайдалану.