План коучинга на тему Мектептегі білім сапасын арттыру ?шін к?шбасшылы?ты? ролі


Батыс – Қазақстан облысы
Орал қаласы
№ 46 жалпы орта білім беретін мектеп
Мұғалімдерге арналған коучинг-сессия
Тақырыбы:
«Мектептегі білім сапасын арттыру үшін көшбасшылықтың ролі»
ІІ деңгейлі ағылшын тілі пәні мұғаліміА: .У.Каримова
2015ж
«__» _____ 2015ж. «Бекітемін»
____________
Мектеп директоры: Н.О.Алпысбаев
«Мектептегі білім сапасын арттыру үшін көшбасшылықтың ролі» атты мұғалімдерге арналған коучинг-сессия жоспары
«...Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт - дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық.» (Н. Ә. Назарбаев)
Сабақ тақырыбы: «Мектептегі білім сапасын арттыру үшін көшбасшылықтың ролі»
Жалпы мақсат: Оқуға бағытталған көшбасшылық пен басқару идеясы туралы мұғалімдердің көзқарастарын қалыптастырып, түсініктерін кеңейту, мұғалімдердің тәжірибесіндегі мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашу; көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді жою жолдарын анықтау; кәсіби ақпаратпен алмасуларды жүзеге асыру.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Оқу нәтижесі Оқыту нәтижелері: Тoптaca жұмыc aтқaрa oтырып, мұғалімдер әріптестері арасында педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық ұғымы жөнінде ақпаратпен алмасып, оқытушы көшбacшылығы турaлы түciнiк қaлыптacып, өз тәжірибелерімен бөліседі.
Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары,атақты адамдардың суреті салынған қима қағаздар, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары.
Оқыту әдістері: АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Оқу үшін бағалау
және критериалды бағалау 4. Диалог
5. Жеке жұмыс
6. Топтық жұмыс
7. Сергіту сәті
Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары
Топ ережесі Уақытты тиімді пайдалану, тыныштық сақтау, сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу, әр топ өзінің топ басшысын сайлау.
Тапсырмалар: Ситуациядан шығу, критериалды бағалау, топты бағалау, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия, өзін-өзі бағалау
Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық –І, ІІ.
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
(4 мин) Амандасу.
Тренинг. « Үзіліссіз тілектер» Мұғалімдер шеңбер болып тұрады, қолдарына катушка жіп беріледі. Сол жіпті бір – біріне лақтыру арқылы тілек айтады, сосын кері жинайды.
(1 мин)
Атақты адамдардың көшбасшылық бағытына қарай топқа бөлу:
А) Саяси көшбасшылар:

Б) ғылым саласындағы көшбасшылар:


В) Өнер саласындағы көшбасшылар:


Мұғалімдер суреттер бар қағаздарды алып, 3 бағыт бойынша топқа бөлінеді.
мин)
Ой қозғау. Бейнеролик: «Құмырсқа» Бейнероликте не жөнінде көрсетілген?
Көшбасшылық дегенді қалай түсінесіз?
Кез-келген адам көшбасшы бола ала ма? Неліктен? Сын тұрғысынан ойлана отырып, мұғалімдер өз ойларын білдіреді, пікір-талас орнайды.
(5 мин)
Теориялық білім. Презентация. «Көшбасшылық» АКТ арқылы презентациямен таныстырады. Ресурс береді. Мұғалімдер презентациямен танысады. Өзіндік ой түйеді.
(20 мин)
Топтық жұмыс. Постер құру, қорғау
«Проблеманы шешу»
1-топ: «Мектебімізде көшбасшылық қай бағытта жақсы дамыған?»
2-топ: « Мектебімізде көшбасшылық үдерісі қай бағытта дамуды қажет етеді?»
3-топ: «Мектебіміздегі оқудағы көшбасшылықты дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізілу керек?»
Постер құрастыру, қорғау Мұғалімдер берілген тақырыптар бойынша, постер жасайды, қорғайды, болашаққа мақсат қояды.
Бағалау
( 2 мин) Табыс критеририясымен бағалау:
Тақырыптық толық ашылуы
Ұжымның белсенділігі
Уақытты ұтымды пайдалануы Осы критериялар арқылы топтар бір-бірін бағалайды. 3балдық жүйе.
Сергіту сәті
(3 мин) Тренинг:
«Тығырықтан шығу» Мұғалімдер шеңбер жасап, шимайласады, сосын шимайды тарқатады. Түйін: «Әрқашан бірлесе жұмыстансақ, барлық мәселенің шешімін табуға болады».
Рефлексия
(10 мин) « Коучингтен алған әсерім».
Эссе жазу. Мұғалімдер тақырыпқа қатысты қысқаша бүгінгі коучингтен алған әсерлерін жазады.
Бағалау
(3 мин )
Өзін-өзі бағалау.
«Жүрекпен бағалау»
Берілген жүректерді тақтаға жапсырады.
3 жүрек – толық түсінік алдым
2 жүрек - түсінік алдым,бірақ бірен-саран сұрақтарым бар
3-жүрек – түсіну қиын болды.
Қайталау тапсырмалары
Берілген ресурстарды пайдалану Оларды оқытуда қолданып, келесі коучингке келгенде нәтижесін айту
Кейінгі қосымша оқу МАН- І, ІІ