О?ЫТУДЫ? ?АЗІРГІ ЗАМАН?Ы ПАРАДИГМАСЫ Ж?НЕ О?УЛЫ?: ТЕОРИЯЛЫ? Ж?НЕ ?ДІСНАМАЛЫ? НЕГІЗДЕРІ


ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ ОҚУЛЫҚ: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жандосова Лора Серікбайқызы
№ 3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шалқар қаласы
Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарында енуі
үшін білімді де зерделі, жан-жақты дамыған
дарынды, қабілетті ұрпақ керек.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев

Ертеңгі күннің нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейін- білім. Білім беру мәселесі Елбасының жыл сайынғы Қазақстан жолдауында аталатын басты шешуші бағыттардың бірі. Елбасы жолдауында «білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсеткен болатын. Қазақстан білім беру парадигмасы Қазақстан Республикасының Конституциясы, білім беру саясаты, заңдарды терең талдау нәтижесінде қалыптасуда. Ғалымдар пікірлерін арқау ете талдау жасауда білімдік жүйе парадигманың басты мақсаты ты. Үшінші мыңжылдық жастары қандай болуы керек? Бұл бүкіл адамзатты ойландыруда. Жаңа қоғамға жаңа жеке тұлға қажетті. Мұндай тұлғалар қайдан, қалай қалыптасады? Еліміздің саяси, мәдени, экономикалық дамуына үлес қосушы, әлемдік көтерілетін мәдениетті, парасатты, дені сау азамат қалыптастыру-бүгінгі мектеп міндеті. Қабілеттсіз, білімсіз бала болмайтындығы педагогикада дәлелденген. Жеке тұлғаның дара қасиеттерін танып білуде мүмкіндігі шектеулі әдістемелерді жаңарту талабы қойылды. Білім беру парадигмалары өзгеруіне байланысты педагогикалық іс-әрекеттер де өзгерді.
Жаңа білім беру ісіне қатысты реформаларды іске асырушы, орындаушы ұстаз қауымы.
Білім беру парадигмасында оқу-жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдану. Мұндағы басты міндеттер:
Жалпы, өзіндік қабілеттер даму мүмкіндігі
Білім, білік, дағдыларды қалыптастыру
Қолдану
Оқыту үрдісін осылайша ұйымдастыру нәтижесі – әмбебап әрекетке дайын, дамыған тұлға болып табылады. Мектептегі оқу қызметінің бірі – оқушыны нақты өмірге даярлау. Бала «жалпыға айналған білімнен» «білім – жеке өмір азығы» үлгісіне саналы көшуді, әлемдік білім кеңістігіне өтуді қамтамасыз етеді. Білім сапалы болуы қажетті. Білімді игеруде білім нәтижелері:
Өзіндік меңгеруі
Өзіндік талдауы
Өмірлік бағытта, тәжірибеде қолдануы керек.
Бұлар жеке тұлғаның теориялық ойлауы арқылы болады. Теориялық ойлау-білім беруде пәннің сапалылығы. Бұл оқушылардағы ойлау әрекетін дамыта оқыту, ұйымдасқан іс –әрекет етуге ұмтылдырады. Оқыту барысынды кем дегенде оқушыға нені оқыту, қалай оқыту ,кімді үйретуді мұғалім анық білуі қажетті. Шетел ғалымдары тұжырымында «Білім нәтижесі оқытудың белгіленген кезеңдерін аяқтаған да, оқушы нені біледі, нені істей алады?» деген сұрақтар жауабымен аяқталады. Осыдан келіп оқыту түбінде бір нәтижелі өнімді бағытта болуы керек деп тұжырымдайды.
Оқушыға берілетін білімді ұйымдастыруға сол арқылы саналы меңгертуде және оны қолдана алуында нәтиже беруі керек. Білім берудің жаңа жүйесіне байланысты оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру- оқытудың дидактикалық негізін құрайды
Оқушының шығармашылығы- оқулық тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады. Оқитын оқулық жаңа болса, мұғалім шеберлігі жоғары деңгейде болсада, мұғалім оқушыда белсенділік туғызбаса білім нәтиже бермейді.
Оқулық мазмұнының мақсаты оқушыға бағдар беру. Оқулық оқу жүйесінің өзгеруіне байланысты. Жаңа білім жүйесі алдыңғы орынға баланың білім дағдысы емес, тұлғалық білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Бұл үшін жаңа білім жүйесін реформалауда жаңа жобалар мен озық технологиялар енгізілуде.
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов «Адам жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды» деген екен. Сол жан жемісін білімге теңесек, жеміс ағашын мектеп, ал мектеп жүрегі мұғалімдер емес пе?
Әр бір жеке оқушы – зерттелмеген құпия. Мұғалім оның басқаға ұқсамас қасиетін табу керек. Айтып өткендей білімнің гүл ашқан жеміс ағашына айналуын қаласақ, оқушы іс-әрекетіне білім беруде өнімділігіне қол жеткізуі қажетті.
Қолданыста «теңіз терең емес, адамның жаны терең» деген тамаша сөз бар. Демек, заман ағысына орай, адам жаны да күрделенуде. Қазіргі оқушының ойлау мүмкіндіктері ерекше. Сол ерекшелікті ашу, дамыту ұстау негізінде. Жеке тұлғаға білім бере отыра Абай атамыздың қағидаларын басшылыққа аламын.
Бүршік атуды ойламаған ағаш отын болады.
Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні қаріп.
Өнерлі өрге жүзеді.
Абай атамыздың өнегелі өсиеттері бойынша Күніне бір рет өзіңе- өзің есеп бер және мұра етіп қадырған асыл қасиеттерін бойынша оқушыларға міндет етіп аламын.
Талап
Еңбек
Терең ой
Абай атамыздың осы өсиеттері өзімнің тәжірибемде басты қағида етіп ұстанамын. Біліктілік еңбекпен, білімділік оқумен келеді. Исламның көрнекті өкілі Әзірет Әли.: Білім артық па, байлық артық па? дегенде білімнің артықшылығын көрсетіп берді.
Білім-адамзатқа тән
Білім -азаймас қор
Білім-бүлінбес мирас
Білім-адами қасиет
Қорыта келе, «Білекке сенген заманда-ешкімге сес бермедік, білімге сенер кезеңде, қапы қалып жүрмейік» деген көреген Абылай ханның ой тұжырымын мақсат етіп алайық.
Қазіргі уақытта еліміздің білім беру кеңістігінде көтеріліп отырған мәселелер шешуге батыл кірісуге әкеледі. Жаңа ғасырдың жаңашыл ұстаздары-өз мамандығын сүйетін білімді де білікті мамандар иесі.
Қолданған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
Образовательные технологии. № 4 2012ж
Мектеп директоры орынбасары. № 3 2013ж
Педагогика және оқушы психологиясы. № 7 2012 ж
Әлеуметтік педагогика. № 7 2012 ж
12-жылдық білім. № 5/09 2005 ж
Жантану мәселелер.і № 2 2011 ж