Биология п?нін о?ытуда Кембридж т?сіліні? тиімділігі


Тақырыбы: Биология пәнін оқытуда Кембридж тәсілінің тиімділігі
Шебер-класс мақсаты:
Сабақтарда Кембридж әдісін қолдану арқылы оқушыларды сыни ойлауға және проблема қойып, оған жету жолдарына байланысты ақпаратпен бөлісу, тәжірибемен алмасу.
Сабақтың тақырыбы:
«Гүл-ғажайып дүние»
/шебер-класс жоспары/
Мақсаты:
1. Оқушыға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сын тұрғысынан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
2.АКТ мүмкіндіктерін орынды пайдалану жолдарын көрсете отырып, оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын, сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін қалыптастыра дамытуға бағытталған педагогикалық стиль қолдану тәсілін ұсыну.
3. Қоршаған ортаны сүюге, қадірлеп, қастерлей білуге, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға, әр күнгі білімін қоғамының көзқарасымен сабақтастыра білуге баулу.
Шеберлік сынып құрылымы:
Кіріспе сөз
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және әріптестер! Қазіргі таңда ақпараттық құралдар мүмкіндіктерімен байытатын қоғамда өмір сүріп жатырмыз.
Бүгінгі күні биология сабақтарында Кембридж тәсілін пайдалана отырып оқушылардың ақпараттық комминикативтік құзыреттілігін дамыту мақсатында сабақтарды түрлендіру және кіріктіре өткізу жиі өткізілуде. Бүгінде сондай сабақтың бір үлгісін алдарыңызға ұсынып отырмын.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. /10 мин/
1.Тренинг өткізу арқылы топқа бөлу.
/гүлдердің суреттері арқылы топтастырылады /
Гүлдер арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын шығарамыз.
Гүлге теңестіріп бір-бірімізге тілек айтайық. /Өмірін гүлдей құлпырсың, қадамыңа гүл бітсін т.с.с./
ІІ. Негізгі бөлім. /20 мин/
Гүл-ғажайып дүние
- Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғат пен тікелей байланысты өтіп келеді. Сұлу табиғатты көзбен көріп, жаныңмен сезіп, сол қалпында сүйе білу қандай ләззат.
Постер құру, қорғау.
Тақырыбы: «Менің гүлім»
Бағалау. Бағдаршам арқылы
Қызыл - «өте жақсы»
Сары-«жақсы»
Жасыл- «қанағаттанарлық»
Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсыз?
Гүлдердің түсін көрсету, оны қатысушылар таңдайды, таңдаған түске қандай анықтама сәйкес келетінін айту.
Қызыл — белсеңділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.
Қызғылт — жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды келеді. Олар жарқын, айырықша адамдар. Көптің ішіңде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.
Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыкқа берік, еркіңдікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіңдігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күйі тез өзгергіш,оптимистадам.
Алқызыл — нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін, кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттармен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық, нық сенімділік қасиеттері де тән.
Ақ — шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл, қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп, бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.
Көк — адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқындықты, араздықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.Сонымен балалар, біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатта гүлдердің түрі ете кеп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана тәрбие сағатында айтып жеткізу мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көғалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.
Бағалау. «Үш шапалақ»
Шығармашылық тапсырма .
1-топ: Гүлдерге биологиялық сипаттама беру. «Біз-гүл бағбанымыз»
2-топ: Өлең құрастыру. 5 жол өлең.
3-топ: Эссе жазу 5 мин
Бағалау. Смайликпен бағалау.
ІІІ. Қорытынды сөз.
Кері байланыс. «Гүл сыйлаймын» /стикерге өз пікірін жазып қалдыру/
Н А З А Р Л А Р Ы Ң Ы З Ғ А
Р А Х М Е Т !!!
Ақтөбе облысы
Ойыл ауданы
Ойыл аудандық білім бөлімі
Биология пәнін оқытуда Кембридж тәсілінің тиімділігі
/семинарда ұйыдастырылған шебер-класс жоспары/
Өткізген: Саға мектеп-бала бақшасының
биология пәні мұғалімі
Бахтыгереева Гүлнар Ислямқызы
27 НАУРЫЗ, 2014 жылы