Жас географ интеллектуалды? ойын-сайыс


Сейітдәулет Айгүл Маратқызы – «Берел орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Берел ауылы
«Жас географ» интеллектуалдық ойын-сайыс.
«Жас географ» интеллектуалдық ойын-сайыс 5 айналымнан тұрады. Жас географты анықтау үшін оқушылардың ішінен 30 оқушы шығады. Ол 30 оқушыға бірінші айналым сұрақтары қойылады.
І айналым сұрақтары:
Экватордың ұзындығы қанша? (40000 км)
Ең арзан энергия беретін табиғат ресурсы (су)
Жердің ең құнарлы жоғарғы қабаты (топырақ)
Кемпірқосақта неше түс бар? (7: қызыл, сары, сарғыш, жасыл, көгілдір, қою көк, күлгін)
Ең биік шың Джомолунгманың ағылшынша атауы (Эверест)
Қашғарияға барып, оны Европаға алғаш таныстырған саяхатшы (Ш.Уәлиханов)
Батысы тұщы, шығысы ащы көл (Балқаш)
Оңтүстік полюске алғаш жеткен саяхатшы (Руаль Амундсен)
Шәйдің отаны (Қытай)
Жердегі барлық өсімдіктерді флора дейді, ал жануарларды ше? (фауна)
Египеттегі әлемнің жеті кереметінің бірі (Гизадағы Египет пирамидасы)
Бразилияның мемлекеттік тілі (португал тілі)
Белгілі бір жерге тән ауа райының көпжылдық режимі (Климат)
Тропиктен экваторға қарай соғатын тұрақты жел (пассат)
Жапонияның астанасы (Токио)
Қазақстанда қанша өзен бар? (85 мың)
Жоңғар қақпасы арқылы соғатын желдер (Ебі, Сайқан)
Жер сілкінуді зерттейтін геофизиканың саласы (сейсмология)
Өзеннің басталар жері қалай аталады? (бастауы)
Құрлықтағы табиғи ойпаңдарға жиналған су (көл)
«Конкорд», «А-300» аэробустарын шығаратын ел (Франция)
Жүгері дақылының Отаны (Мексика)
Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан? (Есіл)
Оңтүстік жартышарда қалыптасқан ежелгі материк (Гондвана)
Қазақстанда ең алғаш құрылған қорық (Ақсу-Жабағылы, 1926ж)
Орталық Азияға 5 рет саяхат жасап, өзі аттас жылқыны сипаттаған саяхатшы (Николай Михайлович Пржевальский)
Аппақ Байжанов ашқан кен орны? (Қарағанды көмір алабы)
Ең көп жүк тасымалданатын мұхит (Атлант)
Эраларды ретімен атап берсеңіз (Архей,Протерозой, Палеозой, Мезозой, Кайнозой)
Қай пайдалы қазбаның қоры бойынша Қазақстан 1-орында (вольфрам)
АҚШ-тың Туындағы жұлдызшалар саны қанша, нені білдіреді? (50 штатты)
Бірінші айналым сұрақтары қойылғаннан кейін көп жауап берген оқушылардан іріктеліп 20 оқушы қалды. Қалған 20 оқушыға екінші айналым сұрақтары қойлыды.
ІІ айналым сұрақтары:
Қазақстан республикасы БҰҰ-на қашан кірді? (1992 ж. Наурыздың 2)
Демография ғылымы нені зерттейді? (халықтың ұдайы өсу заңдылықтарын зерттейді)
Қалталы жануарлар қайда мекендейді? (Австралияда)
Қазақстанда неше экономикалық аудан бар? (5)
Шығыс Қазақстанның маманданған салалары (полиметалл, түсті металлургия)
Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады? (Тропосфера)
Африканың оңтүстік шеткі нүктесі (Игольный мүйісі)
Дала зонасының топырағының түсі (қара)
Ватиканның мемлекеттік құрылымы (теократиялық монархия)
Александр Гумбольд қай материктің тауларын зерттеген? (Оңтүстік Америка)
Помидор немесе томат бізге қай материктен келген? (Оңтүстік Америкадан)
Атақты Виктория сарқырамасы қай өзенде? (Замбези)
Евразияның солтүстік шеткі нүктесі (Челюскин мүйісі)
Алюминидің шикізаты не? (боксит)
Жердің ішкі құрылысын ата (Ядро, мантия, жер қыртысы)
Темірқазық жұлдызы қай бағытты көрсетеді? (солтүстік)
Архипелаг деген не? (Аралдар тобы)
Глобус деген не? (Жер шарының кішірейтілген моделі)
Алғашқы қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
Гидросфера деген не? (Жердің су қабығы)
«Үлкен жетілік» елдерін атаңыз (АҚШ, Канада, Жапония, Италия, Германия, Ұлыбритания, Франция).
Екінші айналымнан ең көп сұраққа жауап берген 10 оқушы іріктелініп алынады. Ол 10 оқушыға үшінші айналым сұрақтары қойылады.
ІІІ айналымның сұрақтары:
Қазақстан ауданы жағынан қандай елдерден кейін тұрады? (Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан, Аргентина)
Күннің Жерден қашықтығы қандай? (150 млн км )
ХІ ғасырдың атақты «Дөңгелек картасы» қолжазбасының авторы?(Қашқари)
Тұңғыш глобусты жасаған кім? (Мартин Бехайм)
Цунами деген не? (Жер дүмпуінен пайда болатын мұхит толқыны)
Пиай қандай нүкте? (Евразияның оңтүстік шеткі нүктесі)
Күн радиациясының түрлері (тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан)
Қазақстан қай сағаттық белдеулерде жатыр? (ІV, V)
Экваторды екі рет кесіп өтетін өзен? (Конго)
БҰҰ қашан құрылды? (1945 ж)
Қазақстанда неше қорық бар, атап беріңіз (Ақсу-жабағылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Үстірт, Қорғалжың, Марқакөл, Батыс Алтай, Қаратау, Алакөл)
Картадағы бірдей температура байқалатын нүктелерді қосатын сызықтар қалай аталады? (Изотерма)
Юкатан түбегі қай аймақтың бөлігі болып табылады? (Солтүстік Америка)
Адам әрекетімен пайда болған ландшафт қалай аталады? (антропогендік)
Теңіз суының тұздылығын өлшеу бірлігі (промилле)
Лиссабон қай елдің астанасы? (Португалия)
Жер бетіндегі негізгі климаттық белдеулер саны (7)
Жер қыртысының ежелгі тұрақты бөлігі не деп аталады? (платформа)
Жердің өз осінен толық айналып шығу уақыты қалай аталады? (тәулік)
Австралияның солтүстік шеткі нүктесі? (Йорк)
Үшінші айналымнан кейін жоғары ұпай жинаған 6 оқушы іріктелініп алынады. Қалған 6 оқушы IV айналымның тест тапсырмаларына жауап береді. Тест тапсырмаларының бір дұрыс жауабы 5 ұпайдан есептелінеді.
IV айналым
Тест тапсырмалары
1. Қазақстанның жер көлемі:
А) 2724,9 мың км²
В) 2430,2 мың км²
С) 2244,4 мың км²
D) 2224,2 мың км²
Е) 2824,8 мың км²
2. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы
А) 13331 шқ
В) 12000 шқ
С) 13000 шқ
Д) 14300шқ
Е) 11500 шқ
3. Республиканың оңтүстік батысы мен оңтүстігіндегі жазықтықты анықтау:
А) Тұран жазығы.
В) Бетпакдала.
С) Балқаш маңы.
D) Батыс-Сібір.
Е) Каспий маңы.
4. Тянь – Шаньді зерттеген ғалым:
A) Ш. Уәлиханов
B) П.П. Семенов-Тянь-Шанский
C) Қ. Сәтпаев
D) П. Рычков
E) И. Мушкетов
5. Қазақстанның солтүстіктен оңтүстікке қарай созылуы.
A) 1000 км.
B) 2200 км.
C) 3200 км.
D) 1600 км.
E) 900 км.
6. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған уақыт:
А) 1990ж. 16 желтоқсан
В) 1990 ж. 21 желтоқсан
С) 1990ж. 25 қазан
Д) 1992 ж. 2 наурыз
Е) 1999 ж. 10 қаңтар
7. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін қала
А) Астана
В) Алматы
С) Льеж
Д) Париж
Е) Берлин
8. Қазақстан Республикасында қанша халық тұрады?
А) 15 млн
В) 16,7 млн
С) 17,3 млн
Д) 18 млн
Е) 19 млн
9. Академик Қ. Сәтбаевтың зерттеген аумақтары
А) Солтүстік Қазақстан
В) Оңтүстік Қазақстан
С) Орталық Қазақстан
Д) Батыс Қазақстан
Е) Шығыс Қазақстан
10. Қазақстанмен шектеспейтін мемлекет:
А)Қытай
В)Өзбекстан
С) МоңғолияД) Ресей
Е) Қырғызстан
Тест тапсырмаларының ұпайлары алдыңғы ұпайларға қосылады. Келесі сол 6 оқушы енді ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді. Ұяшықтар: Қазақстан, өсімдіктер, жануарлар, материктер мен елдер, саяхатшылар, гидросфера бөлімдерінен тұрады. Әр бөлімде деңғейленіп 10, 20, 30, 40, 50 ұпайдық 5 тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырмаларды өз еркімен таңдап алады.
10ҚазақстанӨсімдіктерСаяхатшыларЖануарларМатериктер мен елдерГидросфера2030405040101010101050302040503020204050305040302050403020
Сұрақтары:
Қазақстан бөлімі бойынша сұрақтар:
Қазақстан 10 балл. Бұл зонада жылдам ағатын өзендер де жоқ, ормандар да жоқ. Оның есесіне көкжиекке созылған жазық бар. Бір қарағанда бұл өте көңілсіз қызық емес сияқты. Бірақ олай емес. Көктемде қызыл, сары, ақ қызғалдақтар гүлдегенде көрсең, құдды қызғалдақтар теңізі дерсің. Көз алдыңда ашық гүлдер, шеті мен шегі жоқ жазық және көкжиекке дейін емін-еркін қыдырған жылы самал жел. Бұл қай зона?
Қазақстан 20 балл. Аягөз өзенінің бойында орналасқан халықтық архитектура үлгісінде салынған әлемге әйгілі ескерткішті ата .
Қазақстан 30 балл. Қазақстан Республикасы аумағындағы өзендер қай мұхит алабына жатады?
Қазақстан 40 балл. Бұл тау Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр. Ол батысында Торғай үстірті мен Тұран ойпатына дейін жетіп, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерімен, оңтүстігінде Балқаш көлі және Бетпақдаламен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектесетін ұлан-ғайыр аумақты құрайды. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылған. Бұл қай тау туралы айтылған?
Қазақстан 50 балл. Түсті металлургия Шығыс Қазақстан жерінде қай жылдан бастап игеріледі?
Өсімдіктер бөлімі бойынша сұрақтар:
Өсімдіктер 10 балл. Бейне сұрақ. Бұл қандай өсімдік?

Өсімдіктер 20 балл. Өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген сіріңке шырпысы қай ағаштан жасалады?
Өсімдіктер 30 балл. Қағаз жасау өнеркәсібінде қандай ағаш пайдаланылады?
Өсімдіктер 40 балл. Бұл өнімді жинаудан Индонезия дүние жүзінде алдыңғы орында. Ол қандай өнім, қай ағаштан алынады?

Өсімдіктер 50 балл. Бейне сұрақ. Бұл қандай өсімдік? Сипаттамасын бер.

Саяхатшылар бөлімінің сұрақтары:
Саяхатшылар 10 балл. Оңтүстік полюске ең бірінші болып туын тіккен саяхатшы
Саяхатшылар 20 балл. Қырғыздың “Манас” эпосын алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым?
Саяхатшылар 30 балл. Бес материкті аралап, мәдени өсімдіктердің шығу тегін зерттеген ғалым?
Саяхатшылар 40 балл. Африканың шығысын зерттеген саяхатшылар?
Саяхатшылар 50 балл. Бейне сұрақ. Бұл кім? Және қандай жаңалық ашқан?

Жануарлар бөлімінің сұрақтары:
Жануарлар 10 балл. Дүние жүзіндегі ең ірі жануарға сипаттама бер.
Жануарлар 20 балл. (Қарлығаштың дауысын естіртеді). Жаздың келгенін хабарлайтын құс?
Жануарлар 30 балл. Далада мекендейтін, салмағы 16 кг жететін ұшпайтын құс?
Жануарлар 40 балл. Баласын жұмыртқадан шығарып, сүтпен асырайтын жануар
Жануарлар 50 балл. Бейне сұрақ. Бұл дүние жүзіндегі ең ірі кеміргіш, салмағы 50 кг жетеді.

Гидросфера бөлімінің сұрақтары:
Гидросфера 10 балл. Экватор сызығын екі рет кесіп өтетін, суының молдығы жағынан дүние жүзінде екінші орын алатын өзен?
Гидросфера 20 балл. Бейне сұрақ. Бұл қай сарқырама?

Гидросфера 30 балл. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз? Тұздылығы қанша?
Гидросфера 40 балл. Антарктидада дүниежүзіндегі тұщы су қорының неше пайызы бар?
Гидросфера 50 балл. Музыкалық сұрақ. (Еділ мен Жайық музыкасы қосылады) Қазақстанның батыс бөлігінде қатар ағып жатқан қос өзенге байланысты ән атауын тап
Материктер мен елдер бөлімінің сұрақтары:
Материктер мен елдер 10 балл. Антананариву қай мемлекеттің астанасы?
Материктер мен елдер 20 балл. Құттықтаймыз!!!
Материктер мен елдер 30 балл. Жер бетінің жалпы ауданы қандай?
Материктер мен елдер 40 балл. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің халықаралық бірігіуінің қысқаша атауы
Материктер мен елдер 50 балл. Қай мемлекеттер “Азия жолбарыстарына“ жатады?
Бұл бөлімде оқушылар қай ұпайдың сұрағына жауап берсе сол ұпай алдыңғы ұпайларға қосылып есептелінеді. Ең көп ұпай жинаған 3 оқушы қалады. Сол оқушыларға V айналымда 10 сұрақтан қойылады.
V айналым
1 оқушы сұрақтары:
Ең жасыл материк?
Ең ұзын өзен?
Аустралияның ортасындағы көл.
Жер шарындағы ең суық жер?
Ең аласа бойлы адамдар?
Титикака көлі қай материкте орналасқан?
Ең құрғақ материк?
Аустралия балаларының ең сүйікті аңы
Африкадағы ең биік жанартау
Антарктиданың ең биік нүктесі
2 оқушы сұрағы
Оңтүстік Америкадағы ең үлкен ел.
Американы екінші ашқан кім?
Ең тар бұғаз
Африканың орталығындағы көл
Антарктидадағы сөнбеген жанартау
Аустралия жағалауындағ арал
Берберлер қай материкте тұрады
Муррей өзені қай материкте?
Африка жағалауындағы ең үлкен арал
Император пингвинінің бойы қанша см?
3 оқушы сұрағы:
Аконкагуа тауы қай материкте?
Аустралиядағы жыртқыш аң
Пингвиндар қайда мекендейді?
Виктория көлі қай материкте?
Виктория шөлі қай материкте?
Вельвичия қайда өседі?
Антарктида материгі нешенші ғасырда ашылды?
Жердегі ең үлкен шөл?
Ең мол сулы өзен
Аборигендер қай материкте тұрады?
Ең көп сұраққа жауап берген оқушы «Жас географ» атанып, марапатталады.