?зін-?зі тану» п?німен интеграциялан?ан саба?


Өзін-өзі тану» пәнімен интеграциялан
дүниетану пәні сабағының жоспары
Мектеп: Шахта орта
Мерзімі: 12.10.2016ж
Мұғалім: Г.Ж.Үсенбаева
Сынып: 4 б
Оқушы саны: 20
Тақырыбы: Өзендер мен көлдер. Адам тіршілігіндегі судың маңызы, қорғау.
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: қайырымдылық, қамқорлық,үнемшілдік
Сабақ мақсаты: Оқушыларды судың адам тіршілігіндегі маңызын,оны қорғау қажеттілігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу;
Сабақ міндеттері:
Білімділігі:
-Оқушыларға қамқорлық қасиеті туралы түсінік беру;
Дамытушылығы:
-Оқушыларға бұрыс әрекеттерден аулақ болып, қайырымдылық жасауға баулу;
Тәрбиелілігі:
-Оқушыларды қамқорлыққа, қайырымдылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу. Ресурстар:
(материалдар, көздері)
Сабақ барысы:
Сыртқы интеграция
(Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)
Ұйымдастыру кезеңі(2 мин.)
5 Т ережесін еске түсіру
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
1.Жағымды көңіл күйге бөлеу (3 мин)
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
2.Үй тапсырмасы
Жер асты сулары .Минералды сулар(5 мин)
1. Минералды сулар қалай пайда болады?
2. Жер асты суларын қандай мақсатта пайдаланады?
3.Шипалы судың қандай қасиеті болады?
4.Күнделікті өмірде минералды су қайда қолданылады?
3. Дәйексөз (5мин)
.Өзен суын жаңбыр тасытады, Адам қадірін еңбек асыртады. (Халық мақалы)
1.Хормен оқыту
2.Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту
3.Оқушыларға дәптерге жазғызу
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
4. Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау Ішкі интеграция (15 мин)
Сабақ тақырыбымен жұмыс
- Су деген не?
Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су булары - жердің гидросфера қабатын құрайды. Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді. Су – түссіз, мөлдір, иісі – дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады. Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ.
Су-өмір көзі» , су-жанға сұлулық береді, көңіліңді көтереді , тазалық көзі, шынығу көзі, су- тағам, табиғатқа сән, өмірге мән береді. Суды шашпауымыз керек. Судыңда сұрауы бар.
Табиғат ананың адамзатқа тарту еткен тамаша құнды сыйы мөлдір таза суды бағалай білгеніміз жөн.Жер бетінде сусыз тіршілік болмайды. Су барлық табиғатқа өмір беруші,тіршілік көзі болып табылады.Суды үнемдеп,қорын сақтай білгеніміз жөн.
Су – адамның сарқылмас байлығы, сусыз адамзат тіршілік ете алмайды. Су тазалық көзі.
Дұрыс-ақ сусыз өмір сүре алмаймыз. Ал лас, шалшық суларды пайдалану үшін оларды бірнеше рет тазартады, сүзгіден өткізеді. Лас суды ешнәрсеге қолданбайды. Осы лас су сияқты тіршілігімізге өтірік араласса, бізді ешкімде қажетсінбейді. Өтірік жүрген жерде қорқыныш, үрей болады. Қорқынышпен жүрген адам қателіктерге ұрынып қалуы мүмкін. Сондықтан мөп-мөлдір таза судай адал да әділетті өмір сүрейік.
4.Шығармашылық жұмыс (5 мин)
Түрлі-түсті қағаздар тарту арқылы оқушыларды топқа бөлемін. Әр топқа тапсырмалар беремін.
1-топ. «Су-табиғат сыйы» тақырыбында сурет салу 2-топ.Қазақстанның кескін картасына өзен-көлдерді орналастыру. 3-топ.Табиғаттағы су айналымын құрастыру.4-топ. Су туралы мақал –мәтелдер,нақыл сөздер жазу. 6.Топпен ән айту (5 мин)
Саржайлау
Сөзі. М.Мақатаев
Әні. Н.Тілендиев
Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы еді ғой сағынып аңсағаным
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Жанымды жырға бөлеп таң атырған
Әкем едің ақ таңда жаратылған
Төліңнен айналайын жаңа туған!
Айналайын еліңнен дара тұрған!
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым5.Үй тапсырмасы:
46 бет,1 6 сабақ Ауаның құрамы. Ауа қабығы
Сабақтың қорытынды сәті
Балалар, бүгінгі сабақтағы жақсы әсер, жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтап алайық. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.