«?зін-?зі тану» п?німен интеграциялан?ан ?аза? ?дебиеті саба?ыны? мысалдары


«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған қазақ әдебиеті
сабағының мысалдары
Сыныбы:5
Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Көкшетау»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер:қамқорлық, мейірімділік, адалдық
Қазақ әдебиеті Өзін-өзі тану
«Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы
Арқанның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында
Әрқайсы алтын кесе аясында
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі
Көкірек қанша жұтса тоясың ба?
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаң дағы оғың жетпес,
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан
Ешқашан көкірегіңнен құмар кетпес
Бұл жерде тау жыныстарына назар аудара отырып, адам өмірде биікке жету үшін тау сияқты көп қатпарлардан өту арқылы шыңға жетуі немесе рухани бастауға жету жолдарын түсіндіріп кету.
«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған математика
сабағының мысалдары
Сыныбы: 3
Тақырыбы: Симметрия
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: шынайылық,табандылық, мақсаттылық.
Математика Өзін-өзі тану
«Симметрия» грек сөзінен алынған, ол «гармония» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бірреттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.Симметрия әртүрлі болады. Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты фигуралар деп аталады. Симметриялы фигуралар өзара тең болады. Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке болса, онда ондай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады.
Ежелгі философтар үйретті: бұрын әлемді тану алдында , өзіңді өзін таны. Сіз барлық адамның денесі қалай орналасқан білесіздер. 2 көз, 2 құлақ, 2 щеткалары, 2 қол, 2 аяқ, т. б. Адам сыртынан барынша кемелдене алмайды. Оның келбеті симметрия пропорциональді, гармония бар. Бірақ біз адам тек сыртқы сұлулығын көреміз.Сыртқы және ішкі сұлулық біркелкі болу керек. Адамның ішкі сұлулық неде? Дұрыс, яғни, көрінісі оның адамгершілік-рухани құндылықтар көрінісі. Сүйіспеншілік, ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық және қиянат жасамау.Бұл адамгершілік – рухани құндылықтар адам салынған немесе өмір барысында қалыптаскан. Адам – бұл шынайы сұлулық пен үйлесімділікүлгісі..
«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған орыс әдебиеті
сабағының мысалдары
Сыныбы: 9
Тақырыбы: «Война и мир»
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: жанашырлық, қамқорлық, қайрымдылық
Орыс әдебиеті Өзін-өзі тану
Л.Н.Толстой «Война и мир» романында кейіпкерлер өмірдің мәнін іздейді әрекетсіздікті танытады, ақиқатты табады.
Романның басты кейіпкері Наташа Ростова. Жарақат адамдарға көмек көрсетедіп, өзінің мәртебесіне қарамасан жай адамдарға жақын тұрды. Ол адал,сүйікті жары, жақсы ана өз отбасын басты орынға қояды. Кейіпкер жалпыадамзаттық құндылықтар танытады. Кейіпкерлерді бағалай отырып, өздерінің іс – әрекеттерін айтқан сөздерімізді қадағалауымыз керек. Жалпы адамзаттық құндылықтар жақсылық, сұлулық, адалдық, өмірдің мәні, ақиқаттың барлығы бойымызда болғанда өміріміздің мәнін табамыз.
Мысалы, Наташа Ростова өз - өзіңмен және әлеммен толық үйлесім болғандықтан ішкі тыныштығын сақтай алған.