?зін-?зі тану п?німен интеграциялан?ан физика саба?ыны? рефлексиялы? есебі 8 сынып


Қызылқоға ауданы, Миялы селосы
№1 мектеп-гимназиясының өзін-өзі
тану пәні мұғалімі Құспанова Аңсағаным
8 «а» сынып оқушылары

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған физика сабағының рефлексивті есебі.
Сабақ барысында өзін-өзі тану пәнінің барлық әдіс-тәсілдемелерін қолдана отырып, физика пәнінің мұғалімі Қабдолов Руслан балаларды ұйымдастыра отырып, яғни 5 «Т» ережесін сақтай отырып, «Тыныс алуға зейін қою» баяу музыкамен өткізді. Балалардың өзін қалай сезіндігі жөнінде сұрады, балалар өз беттерінше жауап берді.
Жаңа сабақ ішкі интеграцияны (сабақтың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау) пайдалана отырып, түсіндірді.
Балалар, күн жүйесіндегі бірқатар аспан денелерінің табиғаты
туралы не білеміз? Күн жүйесіндегі аспан денелерін қандай жалпыдамзаттық құндылықтармен байланыста қарауымызға болады? – деген сұраққа оқушылардың жауаптары ортаға салынып талқыланады.
Ақиқатпен байланыстыруға болады. Себебі, ақиқат – жалғыз. Ай жалғыз. Ай – риясыз сүйіспеншілік көзі. Ақиқат – өмір қуатының өн бойынан өтетін парасатты барлық болмыстың бастапқы табиғаты. Күн ақиқат, ай ақиқат. Шындық ақиқатта жатыр. Ақиқатсыз шындық жоқ. Балалар, біздің айналамызда, әлемде күн мен ай, жұздыз сияқты адами қасиетін риясыз төгіп жүрген адамдар бар. Біздің өміріміз сондай адамдармен көрікті.
Балалардың соңғы кезде тағы да қандай зерттеулер болып жатқандығын, біздің Қазақстаннан соңғы ұшқан ғарышкер туралы өз ойларын ортағы салып талқылады. Балаларға әлемде осындай қаншама жаңалықтар ашылып, ғылымға енгізілгендігі жөнінде, осы жаңалықтар арқылы адам баласына көптеген жақсылықтар жасалып жатырғандығын айтып түсіндіргенде, балалар жақсылық жасау әр адамның қолынан келетін асыл қасиеттердің бірі ғой деп қуанышпен көздері жайнап, өз сезімдерімен бөлісті. Иә, расымен де барша адамзатқа қолдау жасалған екен ғой. Қолдау жасау адамды бақытқа, игілікке жеткізеді. Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі екендігін балалар терең түсінді.
Расымен де, қазіргі балалар үлкен адамнан да асып түседі. Барлық заманауи ақпаратты бірден шолып, әлемде болып жатырған жаңалықтардан хабардар болып отырады. Барлығын біліп, естіп, әлемдегі жаңа құбылыстарды, қызықты ақпараттарды көріп, ізденіс жасаулары, олардың дүниетанымының, ой-өрісінің кеңейгендігі біздер үшін қуанарлық жағдай деп айтуға болады. Қазақстаннан ғарышқа соңғы ұшқан «халық қаһарманы» Айдын Айымбетов жайында сөз қозғағанда, біз білмейтін кейбір ақпараттарды балалар қалай жылдам біліп, жан-жақты ойлары қалыптасқандығын көріп, риза болып отырдым. «Біздің ғарышкер ағамыз өз елінің патриоты, біздің мақтанышымыз. Біз ғарышкер ағамыздан үлгі аламыз, мен де өскенде Айдын ағадай ғарышкер болуды армандаймын», - деген Төребек есімді оқушының шабыттануы біздерді бір сәт ойға шомылдырды. Бұл сабақта әрбір оқушы мұғалімнің берген ақпаратына сүйеніп, физика мен өзін-өзі тану сабағының ұқсастығына көздерін жеткізді.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мен мектептегі басқа пәндерді интеграциялаудың дүниетанымдық негізі – қоршаған әлемде тек қана өмір, қозғалыс, даму, тәртіп, үйлесім ретінде көрініс беретін биологиялық немесе әлеуметтік болмыс емес, жоғары рухани болмысқа ие адам мен әлемнің біртұтастығын түсіндіруден тұрады: адам санасында жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде бейнеленеді.
Бұл сабақ пен үшін: Сабақ пән мұғалімімен бірлесіп, жаңаша жоспар құру арқылы өткізілді. Сабақта белгіленген жоспарды іске асыру физика пәнінің көмегімен жүзеге асыра отырып, барлық әдістердің қозғаушы күші мен себептері – жалпыға ортақ жоғары рухани қағидаттар болып саналатындығын оқушылар меңгерді деп ойлаймын. Осы негіздерді терең түсіне отырып, сабақты да жақсы қабылдай алды. Оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар туралы сабақпен байланыстыра түсіндіру, балалардың қызығушылығын арттыра отырып, бірінші рет өтіп отырған сабақтан үлкен ой түйді деп сеніммен айта аламын. Топтық жұмыс кезінде әр топқа берілген тапсырмада балалар еш қиындықсыз, өзара бірлікпен, татулықпен, білгендері білмегендерге көмектесіп, барлығы бір деңгейде орындап шығулары шын мәнінде мені қызықтырды. Сабақта жаңа материалды игеруде ең бірінші мұғалімнің ықпалы зор болды, одан кейін балалардың бірлескен әрекеттерінің жүйелі орындалысы, олардың берілген материалды жақсы меңгергендіктерін байқатты.
Сабақты қорыта келе, мұғалім балалармен ынтымақтаса отырып, барлық әдістердің қозғаушы күші мен себептері – жалпыға ортақ жоғары рухани қағидаттар екенін балалардың санасына сіңіріп, адам баласы осы негіздерді дұрыс түсінетін болса, оның нәтижесін қабылдай алады, яғни өздері үшін ең жақсы әдістердің табылатындығы ақиқат екендігін балаларға дұрыс жеткізе алды деп ойлаймын.
Мұғалім: Құспанова Аңсағаным
Мектеп директоры: Дүйсәлі Өтеуғали