?аза? ?дебиетін орыс мектептерінде о?ыту ?дістемесі


Қазақ әдебиетін орыс мектептерінде оқыту әдістемесі
«Әдебиет-қай заманда болса да өмір айнасы. Демек, өоғам болмысындағы саяси-әлеуметтік өмір шындығын сәілелендірмей тұра алмайды» деген болатын М.Мырзахметұлы.
Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту – айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім. Оқущыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын -жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.
«Көркем шығарма – әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқуышының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру» - деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.
Оқушылардың білім сапасын мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдері әр түрлі. Соңғы жылдары балалардың білім сапасын тексеруге тест тиімді тәсіл ретінде көрініс табуда. Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту ең басты орын алады. Ол оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша орыс сыныптарында нені оқыту керек екені оқулықтарды, бағдарламаларды айқын берілген. Ал осы берілген білім мазмұнының негізін оқытуда қандай әдіс-тәсілдер қолданаған дұрыс және оны қалай оқыту керек-бұны оқытушының анықтауы тиіс. Яғни оқу-метиалдарын сұраптау, оларды сыныптағы оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай бейңмдеу жіне меңгерту технологиясын таңдау-оқытушыға жүктелетін іс.
Бұл жерде іс жүзінде оқытушы да, оқушылар да тап болатын ұлкен қиындық бар. Ол оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу деңгейінен туындайды. Қазақ тілі пәнінен оқу барысында оқушылар тұрмыстық ортада және қарапайым әлеуметтік-мәдени сипаттағы мәтіндер деңгейінде сөйлеуге үйренеді. Ал тап сол сыныптағы қазақ әдебиеті пәні бойынша оқушылар әдебиеттік стиль деңгейінде жұмыс істеу керек болады. Оқушылардың басым көпшілігінің бұл айтылған әдебиеттік деігейде оқуға дайындығы жетіспейді.
Сондықтан, мұғалім көптеген технологиялардың элементтерін оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай лайықтап қолданумен бірге деңгейлік оқыту технологиясына да баса мән беруі керек. Өйткені ол әр баланың жеке мүмкіндігіне негізделеді, оқытудың жеке тұлғаны дамытуға бағытталуына аса қолайлы. Бұл орайда мынадай көріністі табуға болады:
Оқу материалын сұрыптай ұсына білу;
Оқу әрекетін ұйымдастыра білу;
Диалог жүргізе алу;
Сабақты жағымды эмоция, сезімдермен қанықтыра алу;
Мақсаттың нәтижемен біртұтастығы;
Оқушылардың дайындық деңгейін бақылай білу.

Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті пәнінде деңгейлік жұмыстар жүйесін дұрыс орындай білгенде ғана түпкі нәтижеге яғни коммуникативтік білітілкке жетуге болады.
Қазіргі кезде ұстаздарымыз оқушыларды қазақ әдебиетіне оқытуда сондай-ақ сурет бойынша жұмыс, мәтінді талдау, сұхбат құру, шағын шығармалар жаздыртумен айналысады, ассоциограммалар жасатады, мәтіндерге жоспарлар құрғызады.
Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауыме, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасмаса, автордың жай күйзелісі, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.
Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс-тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
Тілді нәтижелі меңгертудің бір жолы оқушылардың жас ерекшелігін ескере отыры, тиімді оқыту әдістерін іріктеп сабақта қолдана білу. Сабақ – оқытудың барлық кезеңінде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістерінің жүйесі.
Мектепте қазақ тәлән оқытудың негізігі міндеттері: оқушыларды сауатты жазуға, өз ойын, сөзін еркін сөйлеп, әдеби тіл нормаларын жатық, әдепті, мәдениетті сөйлеуге үйрету, жан-жақты тәрбиелі азамат болуға тәрбиелеу.
Мұғалім оқытудың әдістері мен тәсідерін шебер меңгеруі арқылы, қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты, сапалы білім беруге болады. Қазақ тілін оқыту барысында тақырыптың мазмұнына сай білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілін қолдану ерекшелігін меңгерген жөн.
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда әдіс-тәсілдері дұрыс таңдап тиімді пайдаланғанда ғана мақсатқа жете аламыз.
Ұрпақтардың ұлттық сана-сезімін тәрбиелеп, ұлттық дүниетанымын байыта оқу, пәндерін оқытцдың негізгі ажырамас міндеттерінің бірі болуы тиіс. Өмір мен қоғам жас ұрпақты өз халқын, елін, жерін, әдеби-мәдени мұраларын сүюге, Отаншылдық тәрбиелеу, халқымыздың салт-дәстүрлерін, даналығын, тұрмыс-тірішілігін танытуды дұрыс жолға қоюды қажет етеді. К.Ушинский «Халықтық тәрбиеніі тәжірибелерінен тыс жерде педагогика да жоқ, пеадгог та жоқ» деген еді.

Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ әдебиеті.
(6-сынып оқулығы бойынша)
Әдебиет пәні – орыс тілді оқушыға қазақ халқының ұлттық мәдениетін, тарихын салт-санасын, әдет-ғұрпын танытатын джәне таныта отырып, Отан сүйгіштік, адами биік қасиеттерге тәрбиелейтін мақсаты үлкен пән.
Үлкен мақсатты алға қойғаннан кейін де, бұл сабақтың сол мақсатына сай оқулығы болуы тиіс.
Өзге ұлт мектептеріндегі қазақ әдебиеті оқулығы қазақ оқуышларына емес, басқа қлт балаларына арналған соң, оның тілі жеңіл, берілген ақын-жазушы шығармалары ықшамдалған, сөздік жұмыстары міндетті түрде болуы керек.
Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ әдебиеті оқулығы қазақ оқушыларына емес, басқа ұлт балаларына арналған соң, оның тілі жеңіл, берілген ақын-жазушы шығармалары ықшамдалған, сөздңк жұмыстары міндетті түрде болуы керек.
Басқа ұлт мектептеріндегі 6-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқуылығының мазмұны 4 бөлімнен тұрады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті
Қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиеті
ХІХ ғасыр әдебиеті
ХХ ғасыр әдебиеті
Қазақ халқының ауыз әдебиетіне ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз-әңгімелер енген. Ертегілердің ішінде әдеби ертегілер де бар.
Қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиетінде «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» пен «Қорқыт ата кітабы», «Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр» берілген.
ХІХ ғасыр өкілдеріне Ы,Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш.Уалиханов, шығармалары оқытылса, ХХ ғасыр әдебиетінде А.Байтұрсынов, Ж. Жабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Бегалин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, С.Мәуленов, Ш.Мұртаза сияқты ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашлығы енген.
Оқулықта осы ақын -жазушылардың өмірі мен шығармашылығы 6-сынып оқушыларына лайықты, қысқартылып, түсінікті қылып жазылған.
Оқулықтағы материалдар негізінен бағдарлма бойынша оқытылады. Бағдарламада сабақтың барлығына 34 сағат бөлінген, яғни аптасына 1 сағаттан.
Бағдарлма оқулыққа негізделіп құрылуы тиіс. Бірақ, 6-сынып бағдарламасы оқулық бойынша құрылмаған, яғни кейбір тұстары сәйкес келмейді.
Мысалға алар болсақ, оқулықта ертегі жанрының ауызша түрінен кейін жазбаша әдеби түрі берілген: Ә.Тәжібаевтың «Толағай» ертегісі, сыныптан тыс жұмысқа Ө.Тұрмажановтың «Құмырсқала, аралар-қиыспас дос құдалар» ертегісі Ал, бағдарламада халық ауыз ертегілері бас жағында берілсе, әдеби ертегілер өз алдына бөлек, ежелгі дәуір әдебиетінен кейін тұр. Бұл жерде оқушылардың есінде қалуы үшін, ертегінің екі түрін салыстыра отырып оқыту керек деп ойлаймын.
Сонымен бірге кейбір ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы да бағдарламамен сәйкес келмейді. Кейбір ақын-жазушылар бағдарламада болса, керісінше, бағдарламада жоқ. Мысалы, Ш.Уалиханов өмірі мен шығармашылығы оқулықта жазба әдебиетінің негізін салушы өкілдерінен бірінші тұрса, бағдарламада мүлдем берілмеген.
Егер сабақты бағдарлама бойынша оқытатын болсақ, онда оқушы 9-сыныпқа дейін қазақтың тұңғыш ғалымы, этнографы, саяхатшы-географы, жазушы, зерттеуші, тарихшысы Шоқандай ірі тұлғасын танымайды деген сөз. Ал өз бетімен басқа ұлт балалары тұрмақ, қазақ балалары кітапқа үңілмейді.
Сондай-ақ, М.Шаханов, Қ.Аманжоловтың шығармалары кітапқа берілмей, бағдарламаға енген. Бірақ ізденудің арқасында оқушыларды бұл ақындардың шығармашылығымен таныстыруа болады.
Қазақ әдебиетін орыс тілді мектептерде оқытудағы күрделі де қиын дидактикалық мәселенің бір-оқушылардың көркем шығарманы оқып түсінуге қажетті сөздік қорларының жеткіліксіз дәрежеде болатыны. Бұл жағдай пән мұғаліміне әрбір мәтінге лингвистикалық талдау әзірлеп, сөздік жұмысын аса тинақты өткізуді міндеттейді.
Сөздік жұмысы тақырыпты меңгерудегі ең маңызды деген жұмыс түрі болып есептелінеді. Тән дыбыстардың дұрыс айтылуы, сөз мағынасын түсіндіру әдебиет сабағының барлық сабақ түрлерінде күнделікті қолданылғаны дұрыс. Ал,
6-сынып оқуылығының сөздік жұмысы өз дәрежесіне сай жазылмаған. Мысалы, аңыз-әңгімелерде «Жиренше мен хан» атты аңызда:
бөлу-делить
бөл-подели
мойын-шея
мойынсыз-без шеи
деген қайталау сөздер көп кездессе, «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» деген мәтінде сөдік жұмысын мүлдем дұрсы бермеген.
Мысалы: ғасыр-век
сегізінші ғасырларда-в восьмом веке
Меніңше, бұл жерде ғасырдың ғана аудармасын берген дұрыс. Ал, сандарды оқушылар бастауышта үйрену керек. Ал, «күйші» сөзінің аудармасын «сочинитель и исполнитель музыкальных произведений на домбре» деп берген.
Қорқыт атақты күйші болған. Бірақ, ол домбырамен емес, қобызбен күй тартатын болған. Сондықтан бұл жерде домбыра сөзін кірістірудің керегі жоқ. Иә, күй домбырамен де тартылады. Бірақ, бұл жерде Қорқыттың қобызы туралы әңгіме болып тұр. Егер қобыздың суретін көрсетіп, бұл домбыра десек ол үлкен надандық, кешірілмес қате болар еді. Қазақ халқына ғана тән асыл қазынамыз, музыка аспаптарына бір ғана домбыра деп ат берсек, орыс тілді азаматтарымызда қазақта бір ғана аспап болған, ол – домбыра деген түсінік қалыптасады. Ал, біздің ата-бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа таратып, осыншама жылдар бойы қастерлеп келген, талай қазақты әлемге танытқан қобыз, жетіген, саз сырнай сияқты музыка аспаптарынан орыс тілді балалалырымыз мүлдем бейхабар болмақ.
Сондықтан да, бұл жерде қобыз туралы қысқаша анықтама беріп кеткен жөн. Мысалы, қобыз деп мойны имек. Шанағы ожаудың бас тәрізді, ысқышпен ысып ойналатын екі-үш ішекті ұлттық музыкалық аспапты айтамыз. Суретіне қарап, оқып отырған қай ұлттың баласы болмасын бірден ұғатынына сенімдімін.
Осы мәтінде: өмір сүру-жить, өмір сүрген-жил, прожил.
Суреттеу-изображать, суреттелінген-изображены
аудару-переводить, аударылған-переведено
бейне-образ, өз бейнесі-свой образ
аңду-следить, аңдыған-следивший
деген сөздер көп кездеседі. Мұндай қайталаулар тек осы мәтін емес, барлық мәтінде бар.
Кейбір сөздер халық ауыз әдебиетін оқытуда барлық тақырыпта кездеседі. Мысалы, ауыздан-ауызға таратыпк келеді-распростронять устно
аңыз-миф, легенда
деген сөздер әрбір тақырыпта қайталана берген.
Айта берсек, сөздік жұмысында мұндай кемшіліктер көп. Меніңше, сөздік жұмысын жазуда авторлар көп мән бермеген сияқты. Орыс тілді оқушыға ең керектісі сөздік жұмысы. Оқушыға қарапайым қарым-қатынаста қолданылатын сөздерді оқулықта беріп керек емес. Себебі, оқушы ондай сөздердің мағынасын оқулықсыз біледі.
Сондай-ақ, Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» повестінен берілген үзіндідегі сөздік жұмысына назар аудармасақ болмайды. Онда «тобарсымаған», «қотан», «кездеме» деген оқушылар бұрын естіп көрмеген сөздің аудармасы берілмей, күнде еститін «ыдыс-аяқ», «балшық», «уәде», «шебер», «тентек» сияқты сөздерді тізіп қойған. Сонымен қатар, «кеңсе үйі» деген сөзді «концелярия» деп берген. Бір ғана кеңсе деген сөз қазақта бірнеше мағына береді. Бұл жердегі кеңсе-белгілі бір істі басқаратын, жүргізетін мекеме мағынасында беріліп тұр. Оқушылар бұл жерде кәдімгі түнде көріп жүрген оқу-құралы жиналған канцелярский деп түсінуі мүмкін.
Сөздік жұмыстың мақсаты – оқулықта берілген көркем шығарманы балалардың аудармасыз түсінуіне жағдай жасау. Мақсатқа жетуде мұғалім бірқатар дидактикалық әдіс-тәсілдер қолданады. Соның ішінде алдымен мұғалімнің оқу материалын бір шолып шығып, сөздікке қосымша түсіндіруді қажет ететін сөздерді іріктеп, олардың мәнін ашып жеткізіудің тиімді тәсілдерін ойластыруы, сабақ бойында оқушылардың жаңа сөздерді берген жауаптарында қолданып отыруын талап етуінің маңызы жоғары.
Басқа ұлт өкілдеріне өқазақ тілін үйрету үшін ең алдымен сөздік жұмысын дұрыс жүргізе білу керек. Ал, қазақша сөйлемек түгілі, қазақ тілін менсінбейтін басқа ұлт өкілдеріне мынадай қып сөздік жұмысын жүргізсек, онда бұл әрекетіміз аюға әріп үйреткенмен бірдей.
Сөзік жұмысын жүргізген кезде, меніңше, Қошке Кемеңгерұлының ұсынған сөздігін қолданған дұрыс сияқты. Сөздің негізгі түбірі берілсе, қосымшаларды жалғау арқылы бала тәп-тәуір үйреніп алады. Әсіресе, бұл жұмысты бастауыш сыныптан бастаған дұрыс. Қосымша, жалғауларды қазақ тілі сабағында оқытатын болған соң, бұл әіһдіс балаға қиындық тудыра қоймайды. Мысалы, «білім» деген сөз болса, оның түбірі «біл», «білу»-знать. Әрі қарай мұғалім сұрақ қою арқылы осы түбірден сөз туындатып, жалғастырады. Түбірін білсе, бала кез-келген сөзді біліп алады. Сондықтан да К.Кемеңгерұлының бұл әдісі өзге ұлт балаларының қазақ тілін тез меңгеруіне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.
Мемлекеттік тілді орыс тілді сыныптарда оқытуда жан-жақты дамыған, бойында адамгершілік қасиеті мол, тәрбиелі тұлғаны қалыптастыру үшін, оларға тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана қолдануға үйретумен шектеу жеткіліксіз.