Абай ?ылым таппай ма?танба ашы? саба? 2 сынып


Әдебиеттік оқу 2 сыныпҒылым таппай мақтанба А.ҚұнанбаевСабақтың мақсаты: өлеңді мәнерлеп және түсініп оқуға үйрету, өлеңнің негізгі идеясын түсіне білуге және Абай Құнанбаевтың өмірімен қысқаша таныстыру, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу; сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету; адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу.Күтілетін нәтижелері: Оқушы: – өлеңді мәнерлеп, түсініп оқи алады;– Абай туралы алған білімдерін айта алады;– Өлеңді оқып, басқа шығармалармен салыстыра алады;– Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра алады;Оқушылар «ғылым, білім, оқу» сөздері арқылы топқа бөлінеді, әр топ өз командирын сайлап алады. Сабақта жұмыс жасау ережелерін еске түсіріп, жұмысты бастаймыз.Қызығушылықты оятуОқушыларға сюжетті суреттер көрсету. Ассоциация жасау . Адам болам десеңіз не істеу керек? Постер құру.Оқушылар өз білімдерін ұсынады. Формативті бағалау. Қол соғу арқылы топтар бірін- бірі бағалайды. Мағынаны ажыратуИә, балалар, адам болу үшін өздерің жазғандай адамгершілігіміз мол, білімді болуымыз керек.Бүгінгі біздің тақырыбымыз үлкен тараудан басталмақ. Яғни, тарауымыз «Адам болам десеңіз», ал тақырыбымыз «Ғылым таппай мақтанба» Абайдың өлеңі. Балалар, Абай туралы не білесіңдер?Абай туралы қысқаша мәлімет беру. Бейнеролик көрсету.( Ибраһим 1845-1904 ж. әкесі- Құнанбай шешесі –Ұлжан, әжесі- Зере, 8 мыңға жуық өлең, 45 қарасөзі, көптеген аудармалары бар ) Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, сұрақтарға жауап алу.Өлеңді оқып тұрып, оқушыларға жаңа сөздердің астын сызып отыру тапсырылады.Сөздік жұмыс.Ғылым – оқу, білімҒалым – оқымысты адам.
1 топ - Абай туралы мәліметтерді жинақтайды, 2 топ - еңбек туралы не айтылған, 3 топ – білім туралы не айтылған бұл шығармада.Бағалау жетондарын топ командирлері таратып отырады.
Сергіту сәті Ой-толғаныс Топтық тапсырма: Тірек сөздерді пайдаланып сызбаны толықтырІ топ: Бес асыл ісІІ топ: Бес дұшпанІІІ топ: Мақалды аяқтаМына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілеңдер. Қасиеттері: Еңбекқор Әдепсіз МейірімдіАқылсыз Надан Дарынды Залым Өз Отанын сүйетін патриотЕріншек Сауатты Білімді Оқушылар көпіршелерді пайдалану арқылы сызбаны толықтырып жазып шығады.Бес асыл іс Бес дұшпан Мақалды аяқтаеңбек өтірік жақсыдан үйрен,талап өсек жаманнан жиренқанағат мақтаншақрақым еріншектерең ой бекер мал шашпақ «Екі жұлдыз, бір тілек» Сендерден де жақсы қасиеттерді көремін деп ойлаймын.Кері байланыс алу «Менің көңіл күйім» Қол соғу арқылы топтар бірін бірі бағалайды.Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттап келу.