?орытынды саба?. «Абай-дана, Абай-дара ?аза?та!»


Жаңақала мектеп-гимназиясы,
Жаңақала ауданы,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қаршығақызы Таңшолпан
Әдебиет
7-сынып
Сабақтың тақырыбы Қорытынды сабақ.
«Абай-дана, Абай-дара қазақта!» Модуль Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың мақсаты А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдері мен қара сөздерін оқыту. Ұлы ақының басқа да қырларын ашып, оның сазгерлік өнеріне көңіл бөлу.
Табыс критетийлері А. Құнанбаев “кім?” деген сұраққа толық жауап алады. Ақынды жан-жақты қырынан таниды.
Технология, әдіс, стратегия Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар Уақыты
І. Қызығушылықты ояту: Ойашар.
“Ассоциация” (болжау) әдісі
“Топтастыру” әдісі
«Абай әлемі»
Ақынның өмірінен қысқаша мәлімет
ІІ. Мағынаны ашу:
Асыл сөзді іздесең
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең.
Жат тоқып ал көңілге.
(С. Торайғыров)
«Екі жақты күнделік» әдісі
«Кубизм» стратегиясы
Тақырыбы: «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
INSERT картасы
1.Жарлы болсаң, арлы болма
2.Қалауын тапса, қар жанады
3.Атың шықпаса, жер өрте
4.Алтын көрсе, періште жолдан таяды
5.Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті
III. Ой толғаныс
Елбасы
Н.Ә. Назарбаев: “Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, ол әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс”, - деген болатын.
IV. Қорытынды
«Рафт» әдісі
V. Үйге тапсырма
VI.Бағалау.
Рефлексия
«Сабақтан алған әсерім»
Абай: ұлы ақын, әнші-сазгер, дана, ойшыл, ғұлама, ғалым , аудармашы
Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданында дүниеге келді. Әкесі - Құнанбай белгілі ел билеушісі, ірі феодал болды. Абай балалық кезін анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің қасында өткізеді. Ақынның үлкен тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен екі анасы бала кезінен Абай зердесін аңыз-әңгімелерге ертегілер, жыр-дастандармен сусындатты.
Абай алдымен ауыл молдасынан, кейіннен Семейдегі «Ахмет Риза» медресесінен арабша сауатын ашады. Осы кезде ол Шығыс ақындарының еңбектерімен танысып, құмарта оқиды. Әдебиетке деген құштарлығы оянады. Кейіннен “Приходская школада” білімін жалғастырады, алайда, әкесінің елге шақыруына байланысты оқуын аяқтай алмай қалады.
Өлеңдері (идеясы):
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қараңғы түнде тау қалғып
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
Өз ойлары_______________
1-жағы. (Суреттеу)–Қансонардағы көрініс; 2-жағы. (Мінездеу) - аңшы адамға мінездеме (бүркіт, түлкі, т.б.);
3-жағы. (Сұраққа жауап) – өлең барысы бойынша басқа топтың оқушылары сұрақ қояды; 4-жағы. (Салыстыру) – қыран мен түлкінің кезігуін салыстыру;
5-жағы. (әдеби-теориялық ұғымдар)-өлеңнен көркемдегіш құралдарды табу;
6-жағы. (Үзінді айт) – ұнаған өлең жолдарынан үзінді жаттау.
1.Абай сынаған қазақ мақалдары
2.Абайдың көзқарасы
3. Менің ойымша
4.Мені таң қалдырды
Абай туралы айтылған пікірлер: «Әкемiздiң бiр шешесiнен туған Ибраһим мырза, қазақ iшiнде Абай деп атайды, сол кiсi мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрiк, һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кiсi едi".
Ш.Құдайбердіұлы
“Сөзің асыл-баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес".
М. Жұмабаев
Абай өлеңдеріні тақырыбы:
Абай және ғылым
Достық, махаббат тақырыбы
Абай және сөз өнері
Табиғат лирикасы
Абай және орыс ақындары
(А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов)
Абайдың қара сөздері (1,7,17,31)
Абай – сазгер («Желсіз түнде жарық-ай») әнін тыңдау
Р (рөл) – оқушы Жұмағалиев Жандос
А (аудитория) – сынып
Ф (форма) – хат
Т (тақырып) – “Абай-дана, Абай-дара қазақта”
Құрметті, Абай ата! Менің сізге өр тұлғаңызды, өсиетке толы сөзіңізді сағынып отырғандықтан хат жазып отырмын. Міне, бүгін сізге айтатын сөзім көкейіме жиналып, сыр болып ақтарылуда...
“Абай әлемі” деген сөз тіркесіне сөзжұмбақ құрастыру
1. Бүгінгі сабақта саған не қиын болды?2. Тапсырмалар қандай әдіспен шешілді?3. Бүгінгі білгендеріңнің арасында сен үшін маңыздысы не?4. Өзіңнің жақсы жауаптарыңа қуанған сәттерің болды ма. Қай тапсырмада?5. Өзіңе көңілің толмаған сәтің болды ма? Мұғалімге хат жазу.
Плакатқа «Таным терегі» деп жазылады. Оқушылар өз ойларын айтады
Тақтаға шығып жазады
Түсінбеген тұстарын сұрайды
Әркім өз бетінше дәптеріне жазып орындайды
Кестені толтырады
Өз ойларын ортаға салады
Сабақ үстінде орындап, көпшілікке дауыстап оқып береді
Сабақ барысы бойынша сұрақтар қояды
Оқушылар сабақтан алған әсерін, көңіл-күйлерін стикер арқылы плакатқа жапсырады. интербелсенді тақта, тақта, бор, кітап, дәптер, қалам 5 мин
5 мин
10 мин
10 мин
10 мин
5 мин