Ашы? саба? ?аза? тілінен Абай ??нанбаев


"Білім - асыл қазыналы сандық,
оны ашатын кілті - еңбек" 
 
Пән:                                     Қазақ тілі   5-сынып
 
Сабақтың тақырыбы:   Абай Құнанбаев  
 
Сабақтың мақсаты: 
а. білімділік.:   Оқушыларға қазақ халқының ұлы  ақыны Абай Құнанбаев жайлы түсінік беру, өткен сын есім туралы қайталап өту, алған білімдерін бағалау. 
 
ә. Тәрбиелік:Оқушыларды ақын өлеңдерін оқыта отырып, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
 
б. дамытыушылық: Оқушылардың тілдік қорларының, өз ойларын айта білулерін дамыту. 
 
Сабақтың өту әдісі:         баяндау, түсіндіру, әңгіме.
 
Сабақтың түрі:               топпен саяхатқа шығу сабағы. 
 
 Пән аралық байланыс:    әдебиет, география  
  
Сабақтың көрнекі құралдары: Абай Құнанбаев жайлы буклеттер, Н.Ә.Назарбаевтің сөзі, альбом, рефераттар, Қазақстан картасы, сұрақ тапсырмалар.
  
                                          САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
 
1. Ұйымдастыру кезеңі:           1. Оқушылармен сәлемдесу.   
  2. Үй жұмысн сұрау.
2.Психологиялық кезең:  Оқушыларды бүгінгі сабаққа дайындау:
1. Балалар сабаққа қандай көңілмен келдіңдер?
2. Сабаққа белсене қатысып,жақсы жауап бере-
міз бе? 
3. Мен сендерге сәттілік тілеймін.
                         
  Бүгінгі сабақтың жоспары:
 
1. Сөз таптары.       Нені білеміз? (өткен тақырыптар туралы сұрақтарға жауап)
2. Бұл қай кезде болады? Нені білдік?    (үй тапсырмасын клсатер арқылы                                                                      қорытындылау) 3. “Ақ киімді денелі.....” Нені білгіміз келеді?     (жаңа сабақты түсіндіру) 
4. “Қыс”         (оқулықпен,кеспелермен жұмыстар)
5. Қазақ халқының ұлы ақыны.    ( жаңа сабақты бекіту) 
 
                                  Сыныпты топқа бөлу. 
Топтарға ат беру үшін олрға сұрақтар қойылады.
1.     Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?
2.     Әр жыл мезгілінің ерекшеліктері қандай?
3.     Қоржыннан асық алу арқылы топ өз аттарын белгілейді.
 
1.    НЕНІ БІЛЕМІЗ? СӨЗ ТАПТАРЫ
 
Әр топқа тапсырмалар беру:
 
1.     Қанша сөз табын білесің? І топ.
2.     Зат есім дегеніміз не?        ІІ топ.
3.     Сын есім дегеніміз не?       І топ.
4.     Мектеп, әдемі сөздерімен сөйлем құра. ІІ топ.(тақтаға жазу)
5.     Үлкен,Отан сөздерімен сөйлем құра       І топ. (тақтаға жазу)
6.     Қазақ тілінде қанша септік бар? І-ІІ топқа 
 
2.      НЕНІ БІЛДІК? БҰЛ ҚАЙ КЕЗДЕ БОЛАДЫ?
                                          (үй тапсырмасын тексеру)
 
1.     1-тапсырма. Өлеңді жатқа сұрау.
2.     3-тапсырма. Суреттер арқылы құраған әңгімелерін тексеру.
3.     Сын есімдерге көңіл бөліп отыру.
                                  
                                       СЫН ЕСІМ
                      түсті             сапа            дәмді
 
  
3.   НЕНІ БІЛГІМІЗ КЕЛЕДІ?      АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
                                                 (жаңа сабақ)
 
       Жаңа сабаққа кіріспе: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген.Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз-әңгімелерді айтып,Абайды тәрбиелеп отырады. әкесі Абайды 10 жасында Семейдегі діни мектепке береді. 13 жасында Абайды әкесі оқудан алып шығады.Сеиейде жүргенде Абай орыс тілін үйренуге тырысады.Үш ай орыс мектебінде оқиды. Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, солардың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Біз Абайды ұлы ақын, аудармашы, сазгер деп танимыз. Абайдың халық арасына тараған көптеген әндері бар. Абай өзінің өлеңдерін әр түрлі тақырыптарда жазған. Мысалы: табиғат туралы, оқу-білім туралы, өмірдегі адамдар жайлы.                   
 
                                              АБАЙ
                    ақын           аудармашы         сазгер  
  
4. ҚЫС (оқулықпен жұмыс) 
1-тапсырма.
         І-ІІ топтар мәтінді оқу. 
 
2-тапсырма.
       Топтар бір-біріне сұрақ қою.
 
3-тапсырма мәтіннен сын есім,зат есімдерді табу.
      І топ сын есім (тақтаға жазу)
     ІІ топ зат есім (тақтаға жазу)
 
4-тапсырма (кестелермен жұмыс) Топтарға тапсырмалар беру.
    І топ     1.дәптер сөзін тәуелдеу.
   ІІ топ   1. дос    сөзін тәуелдеу.
1.”Кім көп мақал біледі?” екі топты жарыстыру. (Сергіту сәті) 
                    
5.Қазақ халқының ұлы ақыны (жаңа сабақты қорыту)
      
                               1-тапсырма. Екі топқа сұрақтар қою.
1.     Абай қай жылы дүниеге келді?
2.     Әжесі кім?
3.     Анасы кім?
4.     Ол кімнің шығармаларын аударды?
5.     Неше жасында оқуға барды?
                      
   
2-тапсырма “Сөз жұмбақ” шешу.
 
   І топқа     “Абай ұлы”
   ІІ топқа   “ақыны”
6. Кері байланыс. (Стикерге жазу)
Сабақта не қызық болды?
Көңілдерің қандай?
7.Оқушыларды бағалау
8. Үйге тапсырма:       75-бет, 3-тапсырма