Бір айнымалысы бар сызы?ты? те?сіздіктер ж?йесін шешуге есептер шы?ару.


Күні: 10.02.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін пайдаланып есептер шығару,логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесіне есептер шығара алады,шешімдерін дұрыс жаза білуді үйренеді.
Сабақтың көрнекіліктері: акт, үлестірмелі қағаздар,бағалау парағы.
Сабақтың түрі: топтық сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Топқа бөлу, топ басшысын тағайындап, бағалау парағымен жұмыс жүргізу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
2) Қайталау сұрақтары.
1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз не?
2.Бір айнымалысы бар сызық тық теңсіздіктер жүйесінің шешімдерін қалай табуға болады?
3. Жүйенің шешімдері қалай жазылады?
4. Қандай теңсіздіктер бір жүйеге біріктіріледі?
3. Ой қозғау. Жасырын сөзді тап.
Ж.
Ә. 2х+5≥1х-3<1У. х≥5х≤7Т . х>4х<9І . 2х≥4х≤6К . х>2х>3О .2х+8>3х+17х-12>4х+6В . 18-6х<8х-104х-1>5х-54.Оқулықпен жұмыс
№1578,№1579,№1581 1)-3),№1582 1),2)
5.Сергіту сәті.
1.Жоқ өзінде қас та,бас та мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)
2 .Торда 5 құс бар еді.5 оқушы оларды бір-біреуден таратып алды. Сонда торда 1 құс қалды. Қалай?(Бір оқушы құсты торымен алады.)
3.20 беске 20 бесті қосқанда қанша болады? (40 бес болады)
4. Бүтін сан ,бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында.( рационал сан)
6. БЕКІТУ.
Сәйкестендіру тесті х<4х<5(9; +∞)х>9х>1Шешімі жоқ
х>3,5х<6( -∞;4)х>3х<-1(3,5; 6)
7.ҮЙ ЖҰМЫСЫН БЕРУ.№1581 4)-6), №1582 3)-4), №1584.
8. Кері байланыс.
Білемін. Білгім келеді. Білдім.
9. БАҒАЛАУ.