Химиялы? реакция типтері. Таби?атта?ы ж?не тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялы? реакциялар


Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері. Табиғаттағы және тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларСабақтың мақсаты: Химиялық реакцияның төрт типін ажыратып, ерекшеліктерін түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік:Химиялық реакциялардың төрт типіне тоқтала отырып реакция теңдеулерін жазып, олардың ерекшеліктері туралы білім беру.
Дамытушылық: Химиялық реакция теңдеулерін зат массасының сақталу заңына сүйене сауатты құрып, оны айтып беру дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Химия пәні- нақты дәлелдемені қажет ететін пән екендігіне көз жеткізу.
Сабақ типі: жаңа материалды игерту
Сабақ түрі: аралас
Құралдар мен реактивтер: интерактивті тақта, флипчарттар,CaO, KOH, H 2O, CuSO 4,HCl,Zn,Ca , фенолфталеин, тұрғы, сынауықтар,шыны таяқша, спиртшам, сода, сірке қышқылы, сіріңке.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Топтастыру. Үстел үстіндегі стикерлерді таңдап, жарты шеңбер болып тұрады.Жасырылған жазбаға байланысты төрт топқа бөлініп отыру қажет.
1-топ. Cu, Al, Fe, Au, Ag / Металдар/
2-топ. Na, F, Li, K, H / тұрақты бір валентті Э /
3-топ. O, Mg, Ca, Be, Zn / тұрақты екі валентті Э/
4-топ.Бойль, Дальтон, 110, Берцелиус, Менделеев. / химиялық Э/
Топты біріктіріп тұрған бір ғана ұғымды айтулары керек.Орындарына отырады.
Бағалау парақтарын беріп қоямын.
Мұғалім сөзі: Ендеше үй тапсырмасын қайталайық
1-флипчарт. Қорапшадан элементтерді алып шығып валенттіктерін атайды.
2- флипчарт. Кубизм әдісімен «Біліміңді сына» Сұрақтар беріледі, «ғажайып тақтаға» апарып тексереді.
3-флипчарт. Химиялық реакция белгілері.
4-флипчарт. Химиялық теңдеулерді теңестіріңдер.
2H2+O 2=2H 2O
CaO+H 2O=Ca(OH) 2
Cu(OH) 2=CuO+H 2 O
2HgO=2Hg+O 2
2NaOH+H 2 SO=Na 2SO 4+2H 2O
Mg+2HCl=MgCl 2+H 2
Осы реакцияларды не біріктіреді?
Айырмашылықтары неде?
Қалайша жіктер едіңдер?
Бізді қоршаған әлем сан түрлі заттардан тұрады. Олар белгілі бір ғажайып әлем тәріздес. Айналамызда алуан химиялық құбылыстар болып жатады.Мысалы,фотосинтез құбылысы, тыныс алу, шәйнектің қайнауынан түбінде тұздар шөгеді, шайға лимон кесегін салсақ түсінің өзгергенін байқаймыз, ауадағы газдар мен ылғалдың әсерінен темірдің таттануы, тәтті бәліштер пісіргенде ас содасын сірке суымен әрекеттесуін не болмаса денеміздегі жарақатқа сутек асқын тотығын құйғанда газ көпіршіктерін байқаймыз.
Сутек асқын тотығы жасушадағы каталаза ферментінің әсерінен суға және бос оттекке ыдырайды.Оттек газы су үстінде көпіріп, бір дыбыс шығарады.Оттек өте күшті тотықтырғыш болып табылады,сутек асқын тотығының залалсыздандырғыш қасиеті осы бөлінген оттекпен түсіндіріледі.
4 реакция типін тәжірибемен көрсетемін.
CaO+H 2O=Ca(OH) 2
2H 2O 2= 2H 2O+O 2
Ca+2HCl= CaCl 2+H 2
2NaOH+ 2HCl=2NaCl+H 2O
Алдымен сілтіге феноллфт. Тамызамын, содан соң қышқылмен бейтараптаймын.
Тақырыпшаларды оқып шығып, топта талдаймыз.Берілген сұрақтарға жауап береміз. /5- минут/
Топ. Қосылу реакциясы
2-топ. Айырылу реакциясы.
3-топ. Орын басу реакциясы.
4- топ. Алмасу реакциясы.
Топтарға берілетін сұрақтар:
1. Анықтамасы. Реакция типі не себепті осылай аталған?
2. Реакция теңдеулерінің ұқсастығы мен айырмашылықтары неде?
3. Осы реакция типін суретпен қалай бейнелер едіңдер?
4. Реакция теңдеулерін А 3 қағазына анық етіп жазыңдар.
5. Сізге берілген реакция типіне қай теңдеу сәйкес?
АВ → А + В А + В → АВ
АВ + С → СВ + А АВ +СД → АД + ВС
Оқып шыққан соң тақтаға шығып, өз тақырыпшаларын жолдастарына түсіндіреді.
Тақтада не бейнеленген балалар?
Тақтадан өз реакция типін табуы қажет.
Бекіту. Оқушылар тапсырмаларын қорғап отырған соң 8- флипчартты айтып өтемін де,бекіту тапсырмасына 9-флипчартты орындаймыз.
Бағалау.
Рефлексия. Сабақ туралы ойларын, көңіл-күйін стикерге жазып, құмыраның жанына жапсыруды сұраймын.
Химия 8 сынып Күні: 14.10.2016 Пән мұғалімі:Абдрахманова А.О
Тақырыбы
Химиялық реакция типтері. Табиғаттағы және тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
Мақсаты Химиялық реакцияның төрт типін ажыратып, ерекшеліктерін түсіндіру.
Жалпы мақсатХимия пәнін тапсырмалар көмегімен танысу арқылы жатқа біледі, оны қолданып өмірде пайдалана алады.Өмірдегі химиялық реакцияларды біле жүреді.
Күтілетін нәтижеХимиялық реакцияның төрт типін ажырата біледі, ерекшеліктерін түсінеді, реакция теңдеулерін сауатты құра алады.
7 модульдің қолданылуыАКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдерМиға шабуыл, Кубизм, Бес тұжырым-бір түсінік. «Зерттеушілік әңгіме»
Қолданылатын ресурстарФлипчарт, маркерлер, ватман, тақта, стикерлерҰйымдастыру кезеңіТренинг Жарты шеңбер жасатып, шоколад беріп шығамын да,астындағы жасырылған таңбалар бойынша топтасуды ұсынамын.
Топқа біріктіріп тұрған қандай ұғым екенін балалар айтуы тиіс. Оқушылар жасырылған таңба, ғалымдардың аттары бойынша бір түсінік айтып, төрт топқа топтасады.
Сабақ кезеңдеріТапсырмаМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекетіБілім
Қызығушылықтарын ояту «Миға шабуыл» әдісі«Кубизм» әдісіарқылы топпен жұмыс жасауҮйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
Флипчарттата берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, сол арқылы топпен жарыс ұйымдастыру Топта бір оқушы ортадағы кубикті лақтырады.Түскен номерге байланысты флипчарттағы сұраққа жауап береді.Топпен жұмыс жасау1,2,3,4,5,6
Түсіну «Зерттеушілік әңгіме» Берілген тапсырманы топта оқу тапсырылады,алдарына сұрақтар беріледі.
1. Анықтамасы. Реакция типі не себепті осылай аталған?
2. Реакция теңдеулерінің ұқсастығы мен айырмашылықтары неде?
3. Осы реакция типін суретпен қалай бейнелер едіңдер?
4. Реакция теңдеулерін А 3 қағазына анық етіп жазыңдар.
5. Сізге берілген реакция типіне қай теңдеу сәйкес?
АВ → А + В
А + В → АВ
АВ + С → СВ + А
АВ +СД → АД + ВС
Берілген тапсырманы топпен оқиды.
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Реакция теңдеулерін ватманға түсіреді.
ҚолдануФлипчарттағы тапсырма Басқа топқа берілген сызбанұсқа бойынша нақты дәлелмен жеткізулері керек Жетектеуші сұрақтарға жауап береді.Өз реакция типін 7-флипчарттан анықтайды.
Сергіту сәті«Cute froggy dance» атты жаттығу жасауОқушылармен бірге сергіту сәтін жасауИнтербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.
ТалдауӨмірмен байланыс Өмірден , тұрмыстан келтірілген мысалдарды типтерге жіктеу керек Химиялық реакция типтерін ажыратады.Анықтамаларын айтады.
Жинақтау«Ғажайып тақтамен » жұмыс Берілген химиялық реацияларды теңестіріп, жауаптарын «Ғажайып тақтамен» тексерулері қажет. Берілген химиялық реацияларды теңестіріп, жауаптарын «Ғажайып тақтамен» тексереді.
БағалауТоп басшысының бағалауы Бағалау парақшалары мен бағалау шкаласын беру Топпен және жеке өзін өзі бағалайдыРефлексия Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, құмыраның жанына жапсырады.
Оқушыларға стикер толтыруды ұсынуҰсынылған стикерді толтыру