Саба? жоспары Заттарды? ке?істікте орналасуы, ?лгі бойынша санау


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Өтілетін күні: 30.11.16ж
Білім беру саласы: Таным
Ұйымастырылған оқу қызметі :Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тақырыбы:Заттардың кеңістікте орналасуын, үлгі бойынша санау (Шеңбер,сопақша)
Мақсаты: Заттардың кеңістікте орналасуын, үлгі бойынша санауға үйрету.Әртүрлі
арақашықтықта орналасқан заттардың тең немесе теңсіздігін
анықтау.Өзгеше орналасқан (Шеңбер,сопақша) заттар тобын теңестіруді
үйрету. Математикаға қызығушылығын арттыра отырып, ойлау, қиял
қабілеттерін дамыту.Зейінділікке,тапқырлыққа,тәрбиелеу.
Керекті құралдары: Геометриялық пішіндер,жолақшалар,таратпа суреттер.
Әдіс-тәсілдері:Шаттық шеңбері,ғажайып сәт ,сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар .
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әректі Балалардың іс-әрекеті
Қозғаушы қызмет
түрі Шаттық шеңбері
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ шытқан не керек,
Көңілді болып жүрейік
Күніміз ашық болсын,
Деніміз сау болсын. Балалар шаттық шеңберін орындайды
Ұйымдастыру-
іздену Ғажайып сәт:
-Балалар тындайықшы бір әдемі әуен естіледі,әуен қайдан шығып тұр екен?
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Қазір күздің қай айы?
-Балалар айналамызға қарайықшы
нелерді байқап тұрсындар?
-Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл жәй ағаш емес екен
«Сиқырлы ағаш»
Егер таяғыммен түртсем әуен ойналынады және де жапырақтарында көптеген тапсырмаларда бар екен.
1-тапсырма
«Адасқан сандарды орнына қой»
Тәрбиеші сандарды тақтаға іледі
Балалар ретімен қойып сандарды атайды.
2-тапсырма
Заттардың кеңестікте орналасуын,санауға үйрету.
Шеңбер мен сопақшаны салыстырып,айырмашылығын ажырату
Балаларға сұрақтар қойылады
-Шеңбердің ішінде неше кесе бар?
-Сопақшаның ішінде неше кесе
бар?
Олар туралы не айтуға болады?
Сергіту сәті:
Кап-кап, тук-тук-тук,
Тереземді кім қақты.
Таңертең ерте тұрып
Балаларды оятты.
Кап-кап, дон-дон-дон,
Тереземді тамшы ұрды
Шықсаң егер далаға,
Қол шатырды ұмытпа.
3-тапсырма
Балалардың өз бетімен жұмысы:
Д\қ ойын: «Зейінді бол»
Үлестірмелі екі түрлі жолақшаға,солдан оңға қарай суреттерді орналастыру
4-тапсырма
Д\қ ойын:
«Кім шапшаң»
Геометриялық пішіндерді ұяшығына орналастыру
Логикалық тапсырма
Төрт кәмпиттің екеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады.
-Ағаштан
Балалар ағашқа тамсана қарайды
-Күз
-3ай
-Қараша айы
Шашылып жатырған
жапырақтарды
Балалар 1- ден 4-ке дейін орналастырады,тура және кері санайды.
Балалар пішіндерді ажыратады
Балалар сұрақтарға жауап береді шеңберде 3 кесе, сопақшада 4 кесе
Сергіту сәті
музыка әуенімен орындалады.
Үстіңгі сары түске қоянды,астыңғы қызыл түске сәбізді орналастырып тенестіреді
Балалар шапшаңдық танытады
Екі кәмпит қалады.
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорытынды:
-Балалар сендерге тапсырмалар ұнадыма?
-Балалар бүгін қандай пішіндерге тоқталдық?
-Заттар қалай орналасса да,қандай кеңестікте болса да саны өзгере ме,өзгермей ме?
Балаларды сабаққа белсенділік танытқаны үшін мадақтайды
-Ия
-Шеңбер,сопақша
-Саны өзгермейді
Күтілетін нәтиже :
Біледі:Заттардың кеңестікте орналасуына санның тәуелсіздігін
Игереді:Орналасқан екі топтағы заттарды теңестіру,заттың орналасқан орнын анықтау
Меңгереді:Геометриялық пішіндерді ажырата білу

«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК«Заттардың кеңістікте орналасуын, үлгі
бойынша санау (Шеңбер, сопақша)»
(ашық оқу қызметі)
Өткізген: Жаманкулова.А
Тобы: «Құлыншақ»
2016 жыл