?ыс?ы ойындар ?аза? тілден саба? жоспары


5 сынып мұғалім: Иманалинова А.Қ. 19.01.15ж
Сабақтың тақырыбы: “Сырғанақта” Сабақтың мақсаты: Пән бойынша білімдерін тереңдету, сөз дыбыстарын дұрыс айтуын байқау. Білімділік: Оқушылардың “Қыс” тақырыбына байланысты алған білімдері жинақталып, сөздік қоры молаяды, зат есімнің жалғауларын ажырата біледі. Дамытушылық: тілін жаттықтырып, әдемі сөйлеуге дағдыланады; әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды. Тәрбиелік: елін, жерін, табиғатты сүюге, шығармашылық қабілеті дамыған, білімді азамат болуға тәрбиеленеді. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд – суреттер, деңгейлік тапсырмалар, ойын “Шаңғымен сырғанау”, өлең, жұмбақтар. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, дене шынықтыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар орындау, суретпен жұмыс, сергіту -”Шаңғымен сырғанау” ойыны, мәнерлеп олең оқу, жұмбақтар шешу.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру. Сұрақ-жауап. Кезекшінің мәліметі. II. Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын үй жұмысын тексереміз. Дұрыс жауаптарға “қар бүршіктері” беріледі. Сабақ соңына дейін кім көп “қар бүршіктерін” жинаса, сол өте жақсы деген баға алады. III. Үй жұмысын тексеру. 2-тапсырма 90 бет. Суреттер бойынша шағын шығарма жазыңдар. Оқушылар жазған шағын шығармаларын оқиды. Өте жақсы жазған оқушылар “қар бүршіктерін” алады.
IҮ. Жаңа сабақ. 1. Ой қозғау. - Зат есімнің неше жалғауы бар? (төрт) - Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс) - қысқы спорт ойыны өтіп жатыр. Сендер теледидардан кандай ойындарды тамашаладыңдар? (хоккей ойыны, шаңғымен, конькимен сырғанау) - Қыс мезгілінде сендер қандай ойындар ойнайсыңдар?
2. Сөздік жұмысы а) жаңа сөздерді мәнерлеп оқиды, аудармасымен танысады. ә) жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап айтады. түрлері - виды сырғанау - кататься пайдалы - полезно шынығу - закаляться аязды - морозно Ү. Суретпен жұмыс. 1 сурет Кім? Не? Сұрағына жауап беретін зат есімдерді ата. 2 сурет Сөйлемдер құрап айт. 3 сурет Сұрақтар құрастырып қағазға жазып, қорапқа салады. (оқушылар сұрақтарға кезекпен келіп жауап береді)
ҮI. Сергіту. “Шаңғымен сырғанау“ ойыны. Екі оқушы (жұппен) тақтаға шығып, тақырып бойынша сөз тіркестерін айтып жарысады.
ҮП. Мәтінмен жұмыс. 1. Мәтінді мұғалім оқиды, 2. Оқушылар мәнерлеп оқып, аударыңдар. Қысқы ойындарҚысқы ойындардың түрлері көп. Олар: хоккей, шаңғы тебу, шана және конькимен сырғанау. Далада қар жауып тұр. Бүгін ауа райы жаман емес, күн аязды. Соған қарамастан балалар далада ойнап жүр. Олар шаңғы, коньки теуіп, бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр. Қыстың аязында далада біраз ойнап, серуендеу адамның денсаулығына пайдалы. 3. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
ҮШ. Тапсырма орындайды. Көп нүктенің орнына зат есімнің жалғауларын қойып жазыңдар. 1Х. Қорытындылау Х1. Үйге тапсырма “Қысқы ойындар” тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.