Ашы? саба? ?аза? тілі та?ырыбы:Болымды ж?не болымсыз етістік.(3 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға болымды және болымсыз етістіктерді бір-бірінен ажырата білу, білімдерін кеңейту.
Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытыу, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
Сауатты жазуға дағдыландыру, өздеріне деген сенімдерін нығайту.Тиянақты ойлауға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Қош келдіңдер балалар!Оқуға құмар даралар!Сабағымызды бастайық,Маған назар салыңдар!
Психологиялық дайындық.
Ойға толсын санамыз.
Бестік болсын бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз!
Үй тапсырмасын сұрау.
29-жаттығу
Үй тапсырмасын бекіту.
Семантикалық карта арқылы оқушылардың етістік туралы біліміндерін пысықтау
.
Етістік Болымды етістік Болымсыз етістік
Жүр + Алма +
Оқы + Керілме +
Ұйықта + Ойна + Күлме +
Ой қозғау.
І-топ
Қимыл іс-әрекетті білдіретін сөз табы?- Етістік- не істеді?, не қылды?, қайтті?.
ІІ-топ
Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?- Дара және күрделі.
ІІІ- топ
Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?- Негізгі және туынды етістік.
ІV-топ
Іс-әрекеттің болу, болмауына байланысты етістік...- Болымды және болымсыз.

Жаңа сабақ
Тақтамен жұмыс.
35-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Кешікпе, жамандама, жыртпа, бүлдірме. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып сөйлем құрап жазу.
Шығармашылық тапсырма.
36-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десең

4 топқа төрт түрлі тапсырма:
Бірінші топ- өлеңді мәнерлеп оқу.
Екінші топ- автор туралы мәлімет беру.
Үшінші топ- өлең жолдарын аяқтау.
Төртінші топ- өлеңнен болымды және болымсыз етістіктерді табу.
37-жаттығу. Етістіктерге тиісті жұрнақтарды қос.

Ой қозғау. Тыйым сөздер туралы не білеміз, балаллар?. Күнделікті өмірде, қазақтар тыйым сөздерді көп пайдаланған, пайдаланып келеміз. Олардың мәні мен мағынасы өте зор. Мысалы: үйге қарай жүгірме- қайғы, бос бесікті тербетпе- балаға жамандық шақырғаның.
39-жаттығу. Өлеңді екі-үш рет қайталап оқып, жатқа жаз.
Құр бекерге қылтима,
Болмашыға бұртима.
Іштарлыққа жол берме.
Бақталастық білдірме.
Сыйлап үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Болымсыз етістіктің астын сыз.тыйым сөздердің мәнін түсініп есіңе сақта.

Сергіту сәті:
Постермен жұмыс:
40-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Бірінші топ- Сурет бойынша әңгіме құрау.
Екінші топ- Көктем туралы сурет салу.
Үшінші топ- «Көктем сәні» топтастыру.
Төртінші топ- «Көктем» жайлы бес жолды өлең жазу.
Сабақты қорытындылау.
Балалар бүгінгі сабағымызда нені өттік. Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?.
Болымды етістік- қимыл іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
Болымсыз етістік- болымды етістікке –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Сабақты бекіту.
Әр топ өз тобын топтастырады.
Бірінші топ- Зат есім.
Екінші топ- Сын есім.
Үшінші топ- Сан есім.
Төртінші топ- Етістік.
Үйге тапсырма. 38-жаттығу.
Бағалау.