Таби?ат – тал бесігі?, аялай біл!


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: КММ Байет ЖОББМ
Мерзiмі:
Сынып: 8
Пән мұғалімі: Алпемаш Е.
Оқушылар саны: 18
Тақырып: Табиғат – тал бесігің, аялай біл!
Құндылық:Дұрыс әрекет
Қасиеттер: қамқорлық, жауапкершілік, ұқыптылық, жаңашырлық
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, табиғатты қорғауа үйретіп, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Оқушыларға табиғат тіршілік көзі екенін ұғындыру арқылы қамқорлық,жауапкершілік,ұқыптылық, жаңашырлықжасау қасиеттері туралы түсінік беру.
Оқушылардың табиғатты аялау, баулу арқылы қамқорлық, жауапкершілік, жаңашырлық қасеттерін дамыту;
Оқушыларды қамқорлыққа, жауапкершілікке, ұқыптылық, жаңашырлықтәрбиелеу. Ресурстар:
(құралдар, мәліметтер) оқулық,дәптер, күнделік,қалам,
бейджик.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен сәлемдесу, 5-Т ны естеріне түсіру.
1) Тәртіп
2)Талап
3) Тазалық
4) Тыныштық
5) Татулық Ескертулер
(әдісі, уақыты)
3 минут
2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Алған әсерлеріңізбен бөлісіңіздер?
3.Үй тапсырмасын тексеру
1. Оқулықта 102-беттегі«Қайыңның қасіреті»Қ.Толыбаевәңгімесінен үзіндісін оқу, мазмұндау.
Қайыңның қасіреті» (әңгіме) Қ. ТолыбаевҚар кетіп жердің бәрі дегдей бастаған. Көктемнің жайма шуақ күні. Тау етегіндегі қалың ақ қайың орманын аралап серуендеп жүрміз. Зәулім ағаштың сала - сала бұтақтарын жапқан, жылқының жалындай жалбырап, төмен төгіле саудырап тұрған шыбықтары бұйра шашы секілді. Әр жеріндегі бітпегени жараның ауызындай қабыршықтар ағаштың сұлу сипатын бұзып тұр. Денесіне түскен зақымның зардабын жария еткендей, айғыз - айғыз. Бірден назар аударады- Қарашы, мына жерге біреу пышақпен тіліп, «Н» әріпін жазыпты,деп серігім қинала тұрып, қайың діңін сипалады. Келе – келе осы жарақат үлкен даққа айналады да өшпейді.Қайың діндеріне жағалай көз жүгірттім. Шынында, ағаш дініндегідақтар аппақ денеге түскен жарақаттың тыртығындай шор - шор болып қарайып тұр. Кей тұстағы «М», «С» деп ойып жазған әріптер қармен, жаңбыр суына еріп, езіліп кеткендей баттия қап - қара дақ болып, жуан діңге жабысып қалған. Өмір бақи өшпейтін, айықпайтын дерт секілді.- Обал - ай... Жарақаттанып қалған, қалпына келмес тыртық сияқты екен, - дедім, серігімді мұңнан серпілтпек ниетпен. Ол жадырай көсілді:- Ағаш – Жер – ананың құшығындағы бөбегі. Оны бізде, адамдар да мәпелеуге міндеттіміз. Өйткені ылғи да пайдасын көріп жүрміз ғой.- Бір ақымақтың қылығына бола, сонша күйгенің не?..Сол ақымақтың қылығы қара шешектей жайылып кетсе, ем қонбайды....- Асқынып, алқымдап тұрған ештеңе жоқ.Тәрбие керек, ұрпақтарымызды кесірлінің жетігіне жібермеуге тиіспіз.- Мектепте де, үйде де туған табиғатты қорғау мәселесіне орайжан - жақты тәлім тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Мыналар кейбір ақпақ құлақтардың қылығы шығар, - дедім серігімді жұбатпақ ниетпен. ол сәл тыншыды да, ойын түйді:- Атамның «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегеніндей, солақпақ құлақтарды ойсыз әрекетері күйедей жұғымтал болса ше?!- Оның істегенін қасында жүрген серігі қайталады. Рас,жарақаттанған ағаш өлмейді, сыны ғана бұзылады. Ал мына әріптерді жазғандар бұл дүниеден әлде қашан өткенде шығар. Бірақ діңгегі дақтар өшпепті, тыртық болып қалған. Майдан кешкен жауынгердің тәніне түскен жарақат тыртығы секілді.
Көктемгі табиғат құбылыстары қандай еді?
Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?
Автор бүлінген ағаштарды көргенде қандай сезімде болды?
Табиғатты аялау, қорғау, жанашырлық танытудан қандай құндылықты көреміз?
Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасап жүрсің? Әңгімелеп бер. Әуенмен сүйемелденеді
«Дождь и скрипка»
4. Дәйексөз.
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат.»
Ф.Оңғарсынова
Ұл балаларға, қыз балаларға бөлек айтқызып, дәптерге жаздыру.
-Балалар осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?
Оқушының жауабын естіген соң өзім қорытындылаймын. 5.Әңгiмелеу
Қарлығаш әулие
(аңыз әңгіме)
Ертеде қазақ жеріне жоңғар деген ел шапқыншылық жасап, жаулап алмақшы болады. Ауыл адамдары елін-жерін тастап көшіп кетеді. Сол ауылда Төле би деген адам өмір сүріпті. Елдің бәрі көшіп кеткенде, жалғыз Төле би ғана киіз үйін жықпапты. Бала:-Жау шапты, жау шапты. Ата көшпейміз бе? Төле би:-Ұядағы балапандарды тастап, ешқайда көшпеймін. Бұны көрген жоңғардың әскер басшысы таң қалады. Жоңғар:-Елдің бәрі қашып жатқанда, не қылған батыр қартсың? Төле би:- Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды. Балапандар ұшып кетпейінше, үйімді жыға алмаймын. Қазақ елінің батырлығына таң қалған жоңғар, әскерлерін ерітіп, кері қайтқан екен.
Мәтін бойынша сұрақтар қою:
Не себепті Төле би үйін жықпады?
Мұны көрген жоңғар басшысы қандай шешім қабылдады?
Төле бидің бойынан қандай қасиеттерді көреміз?
Төле бидің шешімі сені қандай ойға қалдырды?
Өз ауылымызға көмек жасап жүрген ауыл азаматтарын білесің бе? Әңгімелеп бер.
6. Шығармашылық жұмыс.
Оқушыларды үш топқа бөлу(жайлы баяу музыка қойылады) Жұмыс жасау үшін 7-10 минут беріледі.
1-топ – «Жасыл ел» акциясының жобасын құру
2-топ– «Табиғатты аяла» тақырыбына экологиялық қабырға газетін шығару
3-топ–«Табиғатты қорғау» тақырыбында үндеу жазу
Оқушылар тапсырмаларды топпен орындап, сынып алдында қорғайды.
7.Топпен ән айту.
Саржайлау
Сөзі: М.Мақатаев
Әні: Н. Тілендиев
Жазира, жасыл кілем өрнектеген,
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер, сен деп келем,
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.
Қайырмасы:
Саумал бұлақ – балдай дәрім,
Салқын самал – баурайларың.
Саялаған, беу, туған жер,
Сағындырған саржайлауым.
Армысың, ата қоныс, жасыл мекен,
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем.
Басқаның жерұйығын неғылайын,
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!
Қайырмасы.
Жадырап, жұтайыншы тау самалын,
Осы еді ғой сағынып, аңсағаным.
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.
Қайырмасы.
Жанымды жырға бөлеп, таң атырған,
Әнім едің ақ таңда жаратылған.
Төліңнен айналайын жаңа туған!
Айналайын еліңнен дара туған!
Ән не жайында?
Ән айтқанда қандай көңіл күй де болдың? 8.Үй тапсырмасы.
1. Оқулықтың 108-бетіндегі Б.Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» әңгімесінен үзіндісін оқу, мазмұндау.
2. Дәптердің 16 бетіндегі 2-тапсырманы орындау. 9.Қорытындылау:
-Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық. Бүгін айтылған жылы сөздер, жақсы істер үшін сіздерге рахмет! Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.