Мен ?з Отанымны? патриотымын білім к?ніне арнал?ан салтанатты жиын ба?адарламасы


1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы.
Жүргізуші:
Қазақстан қуатты, өлкем туған.
Сенің күшті қанатың болды маған қорған.
Қазақстан ескен жел астықты қағады.
Отаным сен деп мәңгі жүрегім соғады.
 
Еркін, ұшқыр, тәуелсіз елім.
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда.
Бостандық  елі - Қазақстаным менің.
Фон
Жүргізуші:
Армысыңдар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата-аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1-қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші:
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар- демекші Восход жалпы орта білім беретін мектебінің білім шаңырағына қош келдіңіздер! Мұнда сіздерді сапалы білім, тағылымды тәрбие мен жарқын болашақ күтеді.
Жүргізуші:
Алдымызда болашаққа бастар жол
Білім үшін күрескенде қауқар бол
Сенгендері сендерсіндер бүлдіршіндер
Еліме сен қыран құстай қамқор бол!
Олай болса, мектебіміздің табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдірішіндерімізді ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Алдарыңызда 1 сынып оқушылары. Сыныпта 15 оқушы бар. Алғашқы рет партаға отырғалы отырған білімге құштар балаларымызға қошемет көрсетейік. Қадамдарыңыз сәтті болсын!
Жүргізуші:
1-сынып жетекшісі –Амирханова Сауле Уразаевна. Аяулы ұстаздан аттанған оқушылар қазіргі кезде талантты жастар. Шәкірттерін жан-жақты дамыта білген Сауле Уразаевна жас ұрпақты өнегелі тәрбиесімен өрбітері сөзсіз.
Жүргізуші:
Ұстаз! Білім беретін ғажап адам
Үйреткенін ешқашан санамаған
Жас ұрпақты тәрбиелеп оқытуда
Жанұшырып бар білімін саралаған.
Бүлдіршіндеріміздің алғашқы ұстазына қошемет көрсетейік!
ФОН
Жүргізуші:
Әнұраным көгімде шарықтасын,
Көгілдір ту қиялда қалықтасын
Әлем танып білетін Елтаңбамды
Шәкірттер жырлаудан жалықпасын!
Жүргізуші: Мектеп! Тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілсін!
Жүргізуші: Ту көтеру салтанатты міндетін атқару аудандық С.Байарыстанов атындағы математика пәнінен 1-орын жүлдегері 11-сынып оқушысы Жексенгалиев Ернарға
Жүргізуші аудандық химия пәнінен, С.Байарыстанов атындағы олимпиадасының физика пәнінен 2-орын жүлдегері 11-сынып оқушысы Сағидолла Нұрболатқа
Жүргізуші: аудандық математика пәнінен олипиадасының 2-орын жүлдегері 10-сынып оқушысы Мутиева Маликаға
Жүргізуші: аудандық география пәнінен олипиадасының 3-орын жүлдегері 10-сынып оқушысы Жанабилов Диасқа
Жүргізуші: Аудандық химия пәнінен олимпиадасының 2-орын жүлдегері 9-сынып оқушысы Ермуханов Ернұрға
Жүргізуші: Аудандық математика пәнінен олмпиадасының 3-орын жүлдегері 6-сынып оқушысы Қазекеш Гүлсатқа тапсырылады
ГИМН
Жүргізуші:
2016-2017 жаңа оқу жылының басталуына орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Досмақов Ержан Нұржанұлы, Ақсоғым селолық округінің әкімі Хами Абзал Рухоллаұлы, аудандық мәжіліс депутаты Жумашев Мерхат Қажғалиұлы, ардагер-ұстаздар Аққали Алленғали Аққалиұлы, Саримова Ақзила Хайрушевна, Адиев Самиголла Кудашевич, Касымова Ұлмекен Куановна, Абдрахманова Аклима Какимовна қатысуда.
Жүргізуші: Құттықтау сөзі мектеп директоры Тлеков Мереке Жолдыбайұлына беріледі.
ФОН
Жүргізуші: Білім күні мерекесіне арналған құттықтау сөз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Досмақов Ержан Нұржанұлына беріледі.
ФОН
Жүргізуші: Сөз кезегі Ақсоғым селолық округінің әкімі – Хами Абзал Рухоллаұлына біледі.
ФОН
Жүргізуші:
Мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып бүлдіршіндері үшін биыл ерекше жыл. Отанымыз – Қазақстанның табысқа қол жеткізу және өрендеуі үшін халықтар бірлігі, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімнің мызғымас саясаты белгісінің астында өтуде. Елбасының «2050-Стратегиясы» жаңа индустрияландыру, «Нұрлы жол», Бес институционалды реформа, «Мәңгілік ел» сияқты үздік бастамалар – бұлар көп жылға бұрын есептелген ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мега-жобалар. Осы жобаларды жүзеге асырушы ол өсіп келе жатқан білімді өскелең ұрпақ.
Музык номер: «Көк тудың желбірегені» Исанов Артур
Жүргізуші:
Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесің талабың.
Нұр шашып көкте күн,
Өміріңнің көктемін.
Гүлдендірем деп келдім,
Сәлем алтын мектебім!- деп 1- сынып жетекшісі Амирханова Сауле Уразаевна мен алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге сөз кезегін береміз.
ФОН
Жүргізуші:
Қандай ғажап қарашы жан-жағыңа
Күміс күлкі сыймай тұр қара мұнда
Ата-анадан бақытты бар ма екен жан
Қол жеткізген аңсаған арманына.
Сөз 1-сынып оқушыларының ата-аналары атынан Жумабаева Айнагуль Утегалиевнаға беріледі.
ФОН
Жүргізуші: Биылғы оқу жылы 11-сынып оқушылары үшін де ерекше күн, ерекше жыл. Өйткені алғашқы қоңырау үні мектеп түлектерін соңғы оқу жылына шақырады. 11 сынып оқушылары «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыстайды.
Музыкалық номер «Мектебім, аяулы мектебім» әні Хахарманова Алиса
2-бөлім
Жүргізуші:
Салтанатты жиынның екінші бөлімі – марапаттау бөлімі.
ФОН
Жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның.Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,Сен де одан адам болып жаралдың.
Облыстық білім басқармасының грамотасымен марапаттау үшін ортаға ауылшаруашылық бөлім басшысы Досмақов Ержан Нұржанұлын шақырамыз.
ФОН
Аудандық білім бөлімінің грамотасы және сыйақысымен марапаттау үшін ортаға Хами Абзал Рухоллаұлын шақырамыз
ФОН
Марапаттау үшін мектеп директоры Тлеков Мереке Жолдыбайұлына беріледі.
ФОН
Марапаттау рәсімі
Жүргізуші:
Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өтетін барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры! – деп алғашқы ұстаздық қызметін мектебімізден бастағалы отырған жас ұстаздар педагог-психолог Каиргазиев Дархан Тогжанович, химия пәні мұғалімі Байниязова Айкоркем Талғатқызы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жармуханова Камшат Сергеевнаға ұстаздық жолындағы қадамдарыңызға сәттілік тілейміз!

«Ұстазым»
Жүргізуші:
Оқу қайта басталды,
Мектебіміз қарсы алды.
Қоңыраудың дауысы
Күмбірлетті аспанды.
Қағылмақ міне әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау,
Нұр толып жүзің, гүл толып құшақ,
Шатыққа толсын омырау.
Жүргізуші: Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімін өткізу үшін 1-сынып бүлдіршіндері Жаниярова Аружан мен Нұрболат Айқын шақырылады
ФОН. Қоңырау үні
Жүргізуші: Білім күніне арналған салтанатты жиын әр сыныпта «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы шеңберінде бірыңғай «Мен өз Отанымның патриотымын» атты білім сабағымен жалғасады.
Ендеше, 1-сынып оқушыларын алғашқы сабақтарына шығарып салайық.
ФОН
Жүргізуші: Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны жабық деп жариялаймыз.
Ата-аналар мен қонақтарды білім сабағына шақырамыз!