Білім к?ні. ?ырк?йек ?о?ырауы.


Білім күні. Қыркүйек қоңырауы.
Сабақтың мақсаты:
1) «1-қыркүйек- Білім күні» мәтініні және «Қыркүйек қоңырауы» өлеңінің мағынасын аша отырып, негізгі ойды анықтауға көмектесу.
2) Тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсырмаларлы орындату арқылы есте сақтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
3) Оқу- білімге , ізденімпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулу.
Әдістері: сұрақ- жауап, түсіндіру,әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушылары «Мектеп» , «Кітап», «Білім» атты үш топқа бөлінеді.
2.Жаңа сабақ.
1.Әр топ өз аттарына сай мақал- мәтелдер айтады.
2.Топ аттарының өмірге қажеттілігін, өмірдегі орнын дәлелдейді.
3.Оқулықтағы «1-қыркүйек- Білім күні» мәтіні оқылып, оқушылар түсініксіз сөздерді белгілейді.
4.Сұрақтарға жауап, мәтіннің негізгі ойын анықтау.
5. «Қауышу», «Дидарласу», «Жігерлерін жану» сөздеріне сөздік жұмысы жүргізіледі, оқушылап бір-бірімен пікір алмасады, топта талқылайды.
6. «Қыркүйек қоңырауы» өлеңі оқылып, ондағы негізгі ой анықталады.
7.Оқулықтағы сұрақтарға жауапа береді, тапсырмаларды орындайды.
Әр топқа тапсырма.
топ. «Мектеп» тобы мәтіннің мазмұнын әңгімелейді.
2-топ. «Кітап» тобы мәтін, өлең мазмұнына сай мақал- мәтілдер айтады.
3-топ. «Білім» тобы өлеңнің алғашқы шумағын жатқа айтады, мағынасын түсіндіреді.
3.Сабақты бекіту
«Маған білім неге керек?» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазу.
4.Бағалау.
5.Үйге тапсырма: 1) «1-қыркүйек-Білім күні» мәтінін және «Қыркүйек қоңырауы» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып келу.
2) Алғашқы қоңырау туралы сурет салып келу.