?зге ?лт ?кілдерін таныстыру (бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан)


Мен – ағылшын ұлтымын,
Жеткіземін ұлт үнін:
Амандығын тілейміз
Қазақстан ұлтының.
Әзербайжан өр халық,
Жүрер елге жыр тағып.
Қазақ жерін сүйемін,
Құшағына жүр алып.
Қазақпенен бір туған
Өзбек ұлты боламын.
Жүрегіммен жыр қуған
Елге тілек қыламын.
Неміс ұлты – мен болам,
Қазақ халқын сыйлайтын.
Отанымды жыр қылам
Жамандыққа қимайтын.
Мен – татармын, татармын
Жанды нұрға толтырған.
Қазақпенен әр таңын
Татулықта атырған.
Қазақпенен бір бауыр
Орыс ұлты боламын.
Жалғап келем жырға жыр,
Мәңгі бірге боламын!
Мен – кореймін, ерте күн
Тек биікке ұмтылған.
Қазақ елі – мекенім,
Жүрегімде жыр тұнған.