?ылыми жоба.Та?ырыбы: Т?рмысты? ?алды? заттар-?асыр м?селесі 2?сынып


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІ
МАҢҒЫСТАУОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ №5 ОРТА МЕКТЕП
Авторы: Ильяс Ақылбек
2 «Ә» сынып оқушысы
Жоба тақырыбы:«Тұрмыстық қалдық заттар – ғасыр мәселесі»
Бағыты: Таза табиғи орта - «Қазақстан – 2030» стратегиясын
іске асырудың негізі
Секциясы: Экология
Жетекшісі: Нурбаулова Турсын Аяпбергеновна
Бастауыш сынып мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: А.Д.Товасаров
Халықаралық экология және өмір
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
ғылымдары академиясының академигі
Химия ғылымдарының кандидаты
Ақтау -2015

Аннатация
Зерттеу мақсаты: Тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды тасымалдап, залалсыздандыру жайы, оларды өңдеп, кәдеге асырудың жолдарын анықтау.
Жобаның міндеттері: - Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;
- Тұрмыстық қалдық заттарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау; 
- Ауданымыздың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;
Зерттеу әдістері: Ғылыми зерттеулерге сүйене отырып , тұрмыстық қалдық заттардың құрамын және қайта өңдеу жолдарын дәлелдеу.
Зерттеу кезеңдері:
Ғылыми жобаның құрылымын жасау
Жалпы әдебиеттерге шолу жасау.
Тұрмыстық қалдықтардың түрлерімен танысу.
Тұрмыстық қалдықтармен ластану және олардың қоршаған ортаға әсері.
Тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы – экологиялық мәселе.
Ғылыми жоба бойынша эколог мамандармен пікірлесу.
Зерттеу нысанасы: қоршаған орта, экология.
Зерттеу мәселелері: тұрмыстық қоқыс, қайта қолдану мүмкіндігі және қайта өңдеу.
Зерттеуге қатысушылар: Маңғыстау елдімекенінің тұрғындары;
Зерттеу әдістері: сараптама, сұрақ-жауап, қадағалау, салыстыру және жинақтау.
МАЗМҰНЫ:
І. Кіріспе..........................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1.Тұрмыстық қоқыс мәселелері мен оны шешужолдары.....................6
2.2.Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы.........................................8
2.3. Қоқыс индустриясы....................................................................................10
2.4. Химиялық қоспалардан келер қауiп көп.............................................13.
ІІІ. Қорытынды...............................................................................................18
ІV. Пайдаланған әдебиеттер................................................................... .....19
Кіріспе
«…Маңғыстау тұрғындарына көп адамдар өмірінде тым құрығанда бір рет болып көруді армандайтындай жерде тұру бақыты бұйырған. Осы бір қасиетті жерде көптеген әйгілі адамдар, әулиелер жаны тыныштық тапқан. Лайым олардың рухы сіздерді қоршап-қорғап жүрсін, сіздерді қолдап жүрсін, бақытты өмір жолына бағдар берсін…» деп елбасымыз НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаеватап айтқандай біздің туған жеріміздің киелілігін қасиеттілігін талай адам зерттеген.Осындай туған жеріміздің табиғаты, тазалығы қандай екенін атап айтайық.
left0Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлыдаланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл-қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
3
табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».
Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап жер бетінде адам санының және техниканың, қалалар санының өсуіне байланысты биосфера көп зиян шеге бастады. Маңғыстау облысының бас экологы Орынбасар Әбдіұлының айтуынша, статистикаға жүгінер болсақ, осы жылдың 1 қаңтарында облыс халқы 545700 адам болса, есеп бойынша әр адам жылына 1,53 текше метр тұрмыстық қалдық шығарады деп есептеледі екен.
Жеке сектордағы құрылыс қалдықтарын есептемегенде, жылына облыс бойынша 160 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығады екен. Оның ішінде облыстағы екі қала мен аудан орталықтарында және Жетібай селосында қалдықтар  тұрмыстық қатты қалдықты сақтау полигонына жиналады да, полигоны жоқ елді мекендерде тұратын 61 мың адам жылына 30-40 мың тоннадай қалдықты көшеге және селолардың айналасына төгіп отырады. Оның үстіне барлық селоға табиғи газ келген соң, ел мал қиын жағуды тоқтатқанын ескергенде, селодағы және қожалықтағы мал қиын және құрылыс қалдықтарын қосқанда бұл көрсеткіш еселеп арта түседі.
Ұлан – байтақ Қазақстанның бір бөлшегі –Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы ауданы.Мұнайлы ауданы Каспии теңізіне жақын орналасқан Жер көлемі – 492189 га, жалпы облыс көлемінің 3 пайызын құрайды, 7 елді мекен орналасқан. Олардың ең ірілерінің бірі – өзім туып өскен Маңғыстау ауылы. Маңғыстау ауылының жері бай, табиғаты әсем, тарихи сырға толы өлке. Қазіргі уақытта туған өлкенің экологиясы мені қатты аландатып отыр. Соған орай экологиялық проблема ғаламдық проблемаға айналды. Қазіргі уақытта тұрмыстық қатты заттар қоқысының зерттеуіне көп көңіл бөлуіміз керек.
4
Ал қоқыстарды зерттейтін сала-Гарбология деп аталады.
Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты.Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады.Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді
Қоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Менің ауданымның экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі,аудан халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді.
5
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1.Тұрмыстық қоқыс мәселелері мен оны шешу жолдары
Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 634 қаулысы
      «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1300000577" \l "z0"Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:      1.рҚоса беріліп отырған Тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000634" \l "z8"бағдарламасы  (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.      2.рҚазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.      3.рЖауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100000218_" \l "z8"ережесінесәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.      4.рОсы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б. Сағынтаевқа жүктелсін.      5.рОсы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы  Үкіметінің       2014 жылғы 9 маусымдағы № 634 қаулысымен    бекітілген     
  
6
Ертеде қоқыстарды өңдеу мәселесі бүгінгідей бірінші орында тұрмаған. Себебі адамдар өз шаруашылығында шығарған өнімдерін өңдемей, түрлі қаптарға қаптамай, жарнама жасамай қолдана берген. Көкөністердің қалдықтары малға берілетін немесе жерге тыңайтқыш ретінде қолданатын.
Адамдардың ауылдан қалаға көшуі күнделікті қолданатын заттардың тұтыну және сұраныс құрылымын өзгертті. Ауылда өндірілетін өнімдерді қалада сату үшін және алушыға ыңғайлы болу үшін қаптау қажет.
Қаланың экологиясына, әсіресе үлкен қалаларда халықтың кіші ауданда орналасуына, көлік және индустриялық кәсіпорындардың қалдықтары қала экологиясына кері әсер етеді.
Көшелерге қоқыстарды тастағанға тыйым салынатын бірінші құжат 500 жыл біздің заманымызға дейін Афинада шығарылған. Қоқыстырды тастау үшін қаладан тыс арнайы орындар бөлінген. Сол кезден бастап қоқыстарды арнайы бөлінген алаңшықтарға (полигондарға) тастайтын болған. Қалалардың өсу нәтижесінде бос орындар азайып, ал сүйкімсіз иіс және егеуқұйрықтың саны көбейуі нәтижесінде қаланың экологиялық жағдайы нашарлап кетті. Сол себепті алаңшықтар шыңыраулармен ауыстырылды[3].
Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Үй-жай шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі – тамақ қалдықтары. Бұл қалдықтар тұрмыста тасталынады. Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың түрленуіне байланысты.
Қалдықтардың көлемі мен құрамы және олардың алып жатқан ауданы жөнінде дәл мәліметтің болмауы мәселенің шешімін қиындатады. Сондықтан да болса керек Республика бойынша тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы жөніндегі статистикалық мәліметтер әр БАҚ-да, ғаламторда әр түрлі.

7
2.2.Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы.
Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыруға тура келеді. Тұрмыстық қалдықтарды жіктеу және топтастыру аса күрделі де қиын мәселе. Қалдықтарды ең алдымен агрегаттық күйлеріне байланысты топтастыруға болады. Бұл кәдімгі қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктеу болып табылады. Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар, жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.
Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылмайтын
Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы
Тұрмыстық қалдықтар пайдағаасырылатын





Жанатын
Жанбайтын

Қатты қалдықтар
Сұйық қалдықтар

Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жапыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі.
Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары – макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі
8
майлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады. Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Кейбір қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін кішірейтуге болады.
  Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды негізгі түрлері келесі түрде топтастырылады :
• Макулатура;
• Медициналық қалдықтар;
• Істен шыққан құрал-жабдықтар;
• Қолданыстан шығып қалған аккумуляторлар мен қоректену элементтері;• Ағаш қалдықтары;
• Мұнай өнімдерінің қалдықтары;
• Азық-түлік өндірістерінің қалдықтары;
• Полимер қалдықтар, пластмассалар;
• Өндірістік қалдықтар;
• Радиоактивті қалдықтар;
• Шыны сынықтары мен қалдықтары;
• Құрылыс қалдықтары,
• Тоқыма қалдықтары және тері;
• Түсті металл сынықтары;
• Қара металл сынықтары;
• Дөңгелектер мен резеңке қалдықтар;
• Электрондық сынықтар.
Бүгінгі күні тұрмыстық тұтыну қалдықтарына қолданыстан шығып қалған компьютерлер, теледидарлар және ұялы телефондар, түрлі салқындатқыштар сияқты т.б. электр құралдары жатады. Осы электр құралдарының компоненттері қоршаған ортаға салыстырмалы түрде көп зиян келтіреді[4]. Қорғасын, мышьяк, сурьма, кадмий, кобальт, сынап, хром және
9
пластиктердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияны көп.
Тұрмыстық тұтыну қалдықтарының ішінде гигиеналық мақсаттарда пайдаланылатын заттардың қалдықтары да қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер етеді.
Гигиеналық қалдықтар:
• Памперстер;
• Төсемдер;
• Тампондар;
• Мақтасы бар таяқшалар;
• Гигиеналық ылғал майлықтар
Егер қаланың күндіз –түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар.
Оleft0ның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімсіз-ақ өзін-өзі тазартып ала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-
қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық
шаруашылығының улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалауға табиғатта шама жоқ.
10
2.3. Қоқыс индустриясы
Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу адамзаттың өзектi проблемасының бiрi болып отыр. Әлемдегi жетекшi елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкiндiк бар. Мәселен, Швейцарияда әрбiр тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге мiндеттi: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесiнде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнiмдерiнiң үштен бiрi қайта өңдеуге пайдаланылады. Осыдан келiп, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегi экологиялық ең таза мемлекеттердiң қатарында есептеледi. Шынында да, қазiргi уақытта тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинақтау, жою, өңдеу бүкiл мемлекеттiк мәселеге айналып отыр. Республика экологтарының басты құжаты болып саналатын Стратегиялық жоспарда қоршаған ортадағы ластану деңгейiн кемiту, тым болмаса өсiрмей, тұрақтандыру жайы ерекше назарда тұр.
Әлемде қоқысты болашақ өнімнің әлеуетті шикізаты ретінде қарастырады және ол бизнестің элементі болып табылады. Бірақ қоқысты тиімді пайдалану және өңдеу үшін оларды бөлу кажет, мысалы қағаз қоқысын бөлек, шыны заттарды бөлек, пластикалық бөтелкелерді бөлек, полиэтилен пакеттерін бөлек жинау қажет. Осы қалдықтарды жинау үшін арнайы кәсіпорындар керек. Кәсіпорындар арнайы құрал-жабдықтармен, жинау орынмен, мамандармен камтамасыз етілуі қажет.
Әрине қалдықты 100 пайыз өңдеу мүмкін емес, тек қана 75 пайызын өңдеуге болады, сондықтан қалған 25 пайызын жою үшін қоқыс күйдіретін зауыт қажет.
Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал  консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады.Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады . (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның
11
түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді.
left0Осыған орай Мұнайлы ауданында басқа дамыған мемлекеттер сияқты қалдықтарды салатын арнайы контейнерлер қолданылып, қоқысты қайта өндіргенде судың, энергияның, ауаның ластануына, судың ластануын үнемдейді екенбіз. Мұнайлы ауданында қоқыстың көбі: 35% қағаз, кардон, 15% полимер, 5% резенке, тері, 10% текстиль болып табылады.
Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -64%, судың ластануын – 35% үнемдейді екенбіз.
Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді. Осыған орай мен сараптама жүргізген едім. Әлеуметтіксараптамасұрақтарымынадайеді:
1. Сізгарбологиясөзінқалайтүсінесіз?
2.Сіздіңойыңызшакелешектеқаттытұрмыстыққалдықтардыөңдейтінзауытсалатынынасенесізбе?
3. Сізқоқыстыарнайықоқысжәшігінесаласыз ба?
4. Сіздіңүйініздіңжанындақоқысжәшігі бар ма?
5. Сізді Маңғыстау ауылымыздыңэкологиясықызықтырама?
6. Қоқысқалдықтарынанадамденсаулығынаәсері бар ма?
12
Сараптаманыңнәтижелері:
Гарбология терминінің мағынасын ауыл тұрғындарының 85% нақты білмейді.
Ауылтұрғындарының 48% ҚТҚ қайта өңдейтін зауыт салатынынасенімді.
Ауылтұрғындарының 65 % арнайықоқысжәшігінесалады.
44 % үйініңжанындақоқысжәшігіжоқекеніайтылды.
Ауылтұрғындарын 45% қызықтырмайды.
Маңғыстау ауылының 35 % білмейді.
Өкініштісі,өзімізмекенетіп отырған жердің келбетін көп жағдайда өзіміз осылай бұзып жатамыз. Қай жерде де контейнерге жетпей «желкесі қиылып», шашылып жатқан қоқысты көресіз. Сөйтіп, табиғат адамдардың қолдан жасаған қиянатынан зардап шегіп отыр. Бұл жауапсыздық экологиялық ахуалды одан сайын бұзуда. Халық көп, көшеде ығы-жығы адам, кептелісте сірескен көліктер, олардан бөлінген түтін... Бұған тұрғындардың салақтығынан әр жерде шашылып қалатын қоқыстарды қоссаңыз, не болады? Мұның бәрі қаланың сәнін бұзғаннан бөлек, әрқайсымыздың денсаулығымызға зиян екенін ойласақ қайтеді?
Статистикалық мәліметтер Қазақстан бойынша денсаулығы нашар адамдардың ішінде тыныс жолдарының қабынуына душар болған жандардың көп екенін көрсетеді. Бұл мәселенің ең алдымен қоршаған ортаның ластануынан туындап отырғаны анық.
Дамығаншетмемлекеттердекөшедегітазалықмәселесіқатаңқадағаланады. Бейжіңде (Қытай), мысалы, көшеде түкіргені, қоқыс тастағаны, тіпті, итінің бүлдіріп кеткен «әлеметі» үшін арнайы айыппұл салынады. Сингапурде сағыз шайнамақ түгілі оны сақтауға, бір-біріне таратуға болмайды. Ол есірткімен теңестірілген және бұл үшін үлкен айыппұл (1000 АҚШ доллары) салынады. Сондай-ақ, тасталған қоқыс үшін 500-ден 1000 долларға дейін, көшеде түкіргені үшін 1000 доллар, жеделсатыда темекі тартқаны үшін 1000 доллар айыппұл
13
қарастырылған. Малайзияда асфальтқа тасталған сағыз үшін 1 ай қоғамдық жұмыс және 500 доллар көлемінде айыппұл салынады. Мұндай салақтық үшін
Ұлыбританияда 90 фунт стерлинг айыппұл белгіленген. Ал, Біріккен Араб Әмірліктерінде көшеде тасталған сағыз үшін кінәлі адам 137 долларға, ал темекі тұқылы үшін 55 долларға айыпталады.
Аталған мемлекеттердің көпшілігі – заң талабына мойынсұнатын елдер. Соның өзінде тұрғындардың жауапсыздығы, мәдениетінің төмендігі ішінара байқалып қалатынын аңдап отырмыз. Ал қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, тәртіп сақтау, әдептен аттамау секілді атам қазақтың бойында баяғыдан болған ізгі қасиеттерден жұрдай болып бара жатқан біздің адамдар туралы не айтуға болады? Демек, бізде де қоршаған ортаны ластаушыларға, көше тазалығын сақтамай, отырған орнына шашылған қоқыс тастап кете беретін салақтарға деген қадағалауды күшейтіп, жаза қолдануымыз керек. Рас, қалалық әкімдіктер тарапынан бұл бағытта біраз жұмыстардың атқарылып жатқаны белгілі. Бірақ, аңғарып жүргеніміздей, талапты қатаңдата түспесе болмайтын сияқты.
2.4. Химиялық қоспалардан келер қауiп көп
Ауданымыздың қақ ортасындағы жағдай осындай болып отырғанда, аудан маңындағы көрiнiстi айтудың өзi ұят. Онда не жоқ дейсiз? Бәрi бар – құрылыс, өндiрiс, тамақ қалдықтары, «баклашкалар» мен пластиктер. Жоғарыда айтылған қоқыс өңдейтiн кәсiпорын осы пластиктердi балқытып, диаметрi әртүрлi су құбырларын жасауды қолға алып едi, бұл iс те орта жолда тұрып қалды. Ғалымдардың зерттеуiнше, пластик жүз жыл бойы ашық аспан астында шiрiместен жата бередi екен. Ал, олардан ауаға «диоксин» дейтiн улы зат таралатынын көпшiлiгiмiз бiле бермеймiз. Сондай-ақ, автокөлiк жөндейтiн, май құятын (ауыстыратын) бекеттерден шығарылатын, кәсiпорындарда, жылу пештерiнде жағармай ретiнде жиi қолданылатын «мазут» дейтiн мұнай қалдығының ыдыстары бар. Ол да табиғат үшiн өте зиянды. Арабтың «мазхулат» (қалдық) сөзiнен шыққан, құрамында көмiртегi мен күкiрт қышқылы бар бұл қара-қоңыр түстi қоймалжың сұйық төгiлген жерге ешқашан шөп шықпайды
13
және исi көп уақытқа дейiн кетпейдi. Сол себептi, департамент мамандары қоршаған ортаны қорғау мақсатында химиялық қоспалар ыдыстарын қайта өңдеу мен көмудi арнайы лицензиясы бар кәсiпорындар арқылы ғана жүзеге асыруды ұсынуда.
Бүгінгі сайыста қорғалып отырған мәселе тек біздің ауданымызда, елімізде ғана өзекті емес. Ол бүкіл әлем жұртының алдындағы күрделі проблемалардың бірі.Жалпы мұнайға балама негіздегі отын көзін әлем ғалымдары көптен бері іздестіруде. Күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттардан қалған қатты қалдықтарды (резина, пластик қалдықтар) қайта өңдеп, онан сұйық отын алу жолында дүние жүзі ғалымдары тер төгуде.  Әлемде қатты қалдықтарды өңдеудің өзіндік әдістері бар. Соның бірі «Пиролиз» әдісі деп аталады. Терминді өз тілімізге аударар болсақ, «пиро»- жоғарғы температура, ал «лиз» – ажырату деген мағынаны береді. Мұның жақсы жағы, қалдықты өте жоғары температурада өңдегенде газ түзіледі. Қалдықтан көп көлемде газ алуға да болады. Әрине, мұны өндіріске енгізу үшін оған қомақты қаражат керек. Еуропа елдері, оның ішінде Германия мемлекеті де тазалыққа бірден қол жеткізген жоқ. Оларда  қалдықтар айналымын, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау тәсілін тұрғындардың санасына сіңіру үшін 25 жыл уақыт кетіпті[9]
Қалдықтар – өндірістік, ауылшаруашылығы және тұрмыстық қатты қалдықтар болып бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде бүгінгі жобамыздың тақырыбына тамызық болып отырғаны – тұрмыстық қалдықтар мәселесі. Биылғы жылдан бастап Италия мемлекеті өз тұрғындарына полиэтилен пакетті пайдалануға тыйым салыпты. Өйткені бір адам жылына 400 дана(бірлік) полиэтилен пакет тұтынады екен. Алайда оның пайдалану мерзімі 10-12 минут қана. Ал бір пакеттің табиғи жағдайда жойылуы үшін кемі 400 жыл уақыт керек екен. Яғни оны жер астына көмген күннің өзінде 3-4 ғасыр бойы шірімей жата беретін көрінеді. Ал біздің елдің, қаланың тұрғындары мөлтек аудандарда тұрған қоқыс жәшіктеріне от қойып, қоқысты өртей салады. Полиэтилен пакет пен пластмасса құтылар өртенген кезде адам ағзасына орасан зиян келетін улы газ бөледі. Еуропа елдерінде шыны қалдықтарын бір бөлек пакетке, қағазды бір
14
бөлек пакетке, ал азық-түлік қалдықтарын бір бөлек пакетке жинап, қоқыс жәшігіне салған кезде де бөлек-бөлек салады. Яғни үйдің ішінде оларды бөлек жинайды.Бізге осыны үйренетін кез келді. Статистика бойынша бір адамнан жылына 350-400 келі қалдық шығады. Және ол жылына 5-7 пайызға өсіп отырады екен.  Осы қалдықты  үйден шығарып тастауды ғана білеміз. Арғы жағына басымызды қатырмаймыз. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 22 млрд. тонна қалдық бар екен. Оның 6 млрд. тоннасы қауіпті қалдықтарға жатады. 98 млн. тоннасын тұрмыстық қатты қалдықтар құрайды. Елімізде оның 5 пайызы қайта өңделсе, біздің облыста 0,01 пайызы ғана өңделеді екен. Осы қалдықтар атмосфераны ластап, адам денсаулығына күллі зиян келтіруде. Бұл табиғатта тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Қоршаған ортаның ластануына байланысты әр түрлі аурулар пайда болуы, ел халқының өміріне қауіп-қатердің тигізер әсері өте өзекті мәселеге айналып отыр.Басқа алпауыт мемлекеттерді айтпағанның өзінде, көршіміз Қытай ел экономикасын көтеруде жоқтан бар жасап, халқының тұрмыс-тіршілігін күнбе-күн жақсартып келеді. Ол осы қарқыныменендібір 15-20 жылдаАмериканы да басыпозамыздепотыр. Оғанәстетаңғалуғаболмайды. Өйткеніжербетінқытайдыңтауарыбасыпкеткендігіжасырын емес.
Біз жер-көкке сыйғыза алмай экологиялық апатты қолдан тудыратын қоқыстарымызды қайда сыйғызарымызды білмей ірітіп-шірітіп, түрлі ауру тудыратын үйіндіге айналдырып жатсақ, көршілеріміздің жоқтан бар жасағаны сол: олар тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, халық тұтынатын тауарлар шығаруда.
Шындығында, қалдық атаулыны түр-түрге бөліп, қайта өңдеуден өткізу арқылы небір зат шығарып, соның арқасында телегей табысқа кенеліп отырған елдердің қатары жыл санап көбейіп келе жатыр. Ал бізде ше?! Өкінішке қарай, біздің елде қоқыстан пайда болған таудай төбелер табыстың емес, қоршаған ортаға орны толмас зиян келтірер қауіптің көзі болып тұр.
Қала да, дала да «ән салып тұрған» жоқ. Қоқысқа, шиша-шөлмекке, пакетке көміліп тұр. «Денсаулық кепілі – тазалық». Үйіндінің арасында жүріп
15
адасқан бізде қайдағы денсаулық?! Қоқыс салатын контейнерлердің өзі «арнасынан» асып-тасып жатады. Одан қалғанын көрсоқырлар бықсытып өртейді. Күлі көкке ұшады. Онда қанша індеттің ұя салғанын кім білсін?! Балконнан, терезеден қоқысты лақтыра салу немесе далаға шығармай, үй ішіне тастап кету, болмаса аулаға қалдыру секілді ұятсыздыққа мойынсынып алыппыз әбден. Етіміз өліп кеткен. Көзіміз ашылмай келеді. Әдеп, мәдениет мүлде ұмытылған. Осыдан барып қоғамдық сұраныс туады. Ол – тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт пен фабрика. Аяқ астынан Америка ашудан аулақпыз. Бүйректен сирақ шығарып отырған да жоқпыз. Бүгіннің сұранысы – бұл.

16
Қорытынды:
 Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 24 жыл ішінде Қазақстанның экономикасы қаршынды қадамдармен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасыратыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспортының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. «Алмақтың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.Табиғат-бәріміздің ортақ үйіміз. Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Табиғаттың тозуы - экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алағдатып отырған жағдай-табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде отырғызу керек. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парымыз.
17
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. //Егеменді Қазақстан, 1997.
2. Ә.С.Бейсенова,Ж.Б. Шілдебаев, Г.З.Сауытбаев Экология Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. -555б.
3. Сарыбеков Н.С, Сарыбеков М.Н, Сарыбеков Д.Н. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері.- Алматы, 1996ж.
4. Жалпы білім беретін мектепте табиғат қорғау жұмысын күшейту туралы (әдістемелік хат) мектептегі тәрбие жұмысы. – Алматы, 1978.-55б.
5. Сәтімбекова Р. Табиғат қорғау. А: Рауан, 1992.-92б.
6. Нұғыманов И, Орынбеков С. Экологиялық білім берудің
педогогикалық негізі. //Қазақстан мектебі, 1996.-127б.
7. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері.-Алматы: Рауан, 1999ж.
8. Мамыров Н. Табиғатты пайдалану экономикасы.А: 2003ж.
9.  www.google.kz сайттары
18