Сыныптан тыс шара С?зж?мба?тар еліне саяхат


АҚШҰҚЫР МЕКТЕП – ЛИЦЕЙІ» мемлекеттік мекемесі
Сыныптан тыс шара:
«Сөзжұмбақтар әлеміне саяхат»
-13335048792

Бастауыш сынып мұғалімдері
Кагазова Жадыра Аликовна
Кенжеханова Нұршагүл Оңдасынқызы
Ақшұқыр - 2017 жыл
«Сөзжұмбақтар әлеміне саяхат» атты  сайыс  ойынының  жоспары
 
Тақырыбы: «Сөзжұмбақтар әлеміне саяхат»
 Мақсаты: Оқушыларға сөзжұмбақтар туралы білім беру, сөзжұмбақтардың түрлерімен таныстыру. Сөзжұбақтар ойната отырып, шығармашылық танымдық қабілетін, логикалық  ойлауын   дамыту. Оқушылардың алған білімін кеңейтіп, аңғарымпаздыққа, тез ойлана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаев  сөздері  жазылған  плакаттар, призентация
  Өтілу барысы:  
1. Ұйымдастыру  кезеңіА) Оқушыларды  екі  топқа  бөліп отырғызуБ) Әділқазылар  алқасын  белгілеуВ) Екі  топтың бір-бірімен танысуы.
 Жүргізуші:
Құрметті оқушылар, қатысушылар! Бүгінгі өткізіліп отырған, сыныптан тыс шарамыз «Сөзжұмбақтар еліне саяхат» атты сайысын ашық деп жариялаймын.
«Тәуелсіз ел тірегі-білімді, өнегелі, дарынды ұрпақ» деген екен елбасымыз, олай болса бүгінгі сайыста өз білімдеріңізді, өнерлеріңізді көрсете біліңдер! Болашақ дарынды ұрпақтар сіздерге сәттілік тілеймін!
Сайысты әрі қарай жалғастырып, әділқазылар алқасын да таныстыра кетейін.
1. ____________________________
2. ____________________________
3. ____________________________
Оқушылар саяхатымызды бастайық! Сіздерге сөзжұмбақтар туралы азғантай мәлімет беруді жөн көріп, назарларыңызды мына бейнероликке аударғым келеді.
Сөзжұмбақ – жалпы танымдық ойын. Бұл ойынды ойнай отырып, шығармашылық танымдық қабілетін дамытады екен. Оның сан алуан түрлері бар:

ІІ. Сайыс барысы:
Жүргізуші: Бұл жәй ғана саяхат емес оқушылар, біз шет мемелекеттерге барып, қызықты тапсырмаларды орындай отырып, сөзжұмбақтардың түрлерімен танысатын боламыз.
Қане балалар қараңдар,
Біз биікке самғайық,
Сөзжұмбақтар әлемінде,
Саяхаттап шарлайық.
Бәріңіз де ат салыс,
Ешкім қалыс қалмасын,
Кім біледі, кім ойшыл.
Білімді де барлайық деп
саяхатымыздың алғашқы кедергісіне де келдік балалар!
Құс сияқты, құс емес, Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды, Жүрсе де сондай биікте.
Бұл ұшақ, ұшақтар қайдан ұшады?
Біз Чайнворд әуежайындамыз, бұл жерден ұшу үшін оқушылар мына чайнворд сөзжұмбағын шешу керек екенбіз.
Бұл қай елдің картасы?
Тапсырма сіздердің әдебиеттік оқу пәнінен, сіздердің өткен тақырыптарыңыздан алынған, сондықтан сіздерге Чайнвордты шешу аса қиын болмас деп сенемін.

Біздің аялдаған алғашқы мемлекетіміз бұл – Америка құрама штаттары, Астанасы – Вашингтон қаласы. Бір-бірімен шектесіп жатқан 50 штаттан құрылған мемлекет. Ең алған тасқа қашалған сөзжұмбақтар осы елден табылған екен. Ағылшындар сіздерге балалар Филворд деп аталатын сөзжұмбақ түрін ұсынып отыр. Берілген тордағы әріптерден өздеріңіз ағылшын пәні сөздіктерден алынған сөздер жасырылған. Ал қанекей қай топ қанша сөз табар екен?

Жарайсыңдар!

Келесі аялдаған мемлекетіміз бұл – көрші Ресей мемлекеті, Астанасы – Мәскеу және Санкт-Петербург қаласы. Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты 21 республика біріккен. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады екен балалар. Ресейліктердің сіздерге ұсынған тапсырмасы – Ребус деп аталады. Ребуста орыс халқының ертегілері жасырылған.

Жарайсыңдар!

Балалар елге қайтатын уақыт болды. Қанекей кең байтақ ұлы еліміз – Қазақстанымызға оралайық. Елордамыз – Астана қаласы, құрамында – 19 облыс, 86 қала бар. Әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі «Байқоңыр» - ғарыш айлағы орналасқан. Келесі тапсырмамыз анаграмма деп аталады. Мұндағы сөздердің барлығына А және С дыбысы ортақ.

Жарайсыңдар!
«Ұлттың бәсекелестік қабілеті-бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады» деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, міне бүгін өз білімдеріңізді ортаға салып, ой ұшқырлығыңыз бен аңғарымпаздығыңызды көрсетіп отырсыздар. Олай болса, бүгінгі сайысымызды қортындылау үшін әділқазыларға уақыт берейік.
ІІІ. Сайыс  қорытындысы
Әділқазылар  алқасының  пікірлері (марапаттау)
 ІV. Кері байланыс