Жасыл шырша, жар?ыра! атты жа?а жыл кешіні? ?зірлемесі


Жасыл шырша, жарқыра!
Балалар әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші: Көңілде көп қуаныш, әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс, ікелге көп жақсылық.
Жаңа жылда алдағы, көңіл өсіп кенелсін,
Ортақ ойы арманы, жақсы дәстүр көбейсін.
Құрметті ата-аналар, әріптестер, балалар жаңа жыл құтты болсын!
Ән: Аяз ата.
Жанель:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа орап алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттанып кең алқапқа тарайды.
Шырай:
Жақсы жаңа жыл келді,
Асқар таумен тұлғалас.
Біз осылай жылды енді.
Қарсы алайық бәріміз.
Мадина:
Ертеңгілік байқадым,
Жердің беті ақ қырау.
Дәл маржан деп айтамын,
Төгілуге шақ тұр-ау.
Жүргізуші:
Балалар бүгін Жаңа жыл мерекесі, ендеше мерекеге кімдер жетпей тұр?
(Аяз ата, Ақшақар) Ендеше Аяз атаны, Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар.
(Кенеттен баяу әуен ойналып залға Қар ханшайымы кіреді)
Қар ханшайымы:
Мен жер бетінде мәңгілік қар басқанын, тыныштық орнағанын тілеймін. Сол кезде ғана адам баласы ойын-сауықтан алшақтайды. Бәрін шетінен қатырамын. Сонда ғана мұз әлемінде өз патшалығымды орнатамын. Мәңгілік мұз жер бетін түгел жабады.
Жүргізуші:
Қар ханшайымы, қош келдіңіз! Біз мұнда Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Сіз ашуланбай бізбен бірге мерекені тойлаңыз.
Қар ханшайымы:
Жо-жоқ, сендер Аяз атамен Ақшақарды күтіп отырсыңдар ғой, мен оларды жолда қатырып тастадым. Олар сендерге келе алмайды.
Жүргізуші:
Қар ханшайымы біз сенің қалаған тілегіңді орындаймыз, солай-ғой балалар, тек сен біздің мерекенің шырқын бұза көрмеші!
Қар ханшайымы:
Шынымен менің айтқанымды орындайсыңдар ма? (Иә,Иә,Иә) Ендеше мен керемет бір ән тыңдағым келіп отыр.
Жүргізуші:
Айтқаныңыз болсын.
Ән: «Шырша жыры»
Қар ханшайымы:
Әнді керемет айтады екенсіңдер. Менің енді ормандағы аңдардың Жаңңа жылды қалай тойлайтынын көргім келіп отыр.
Жүргізуші:
Әрине Қар ханшайымы, ормандағы аңдар Жаңа жыл мерекесіне қуанып, би билеп қарсы алғалы жатыр екен.
Би: «Көңілді аңдар биі»
Жүргізуші:
Қар ханшайымы, біздің балалардың мерекеге арналған тақпақтарын тыңдап көріңіз.
Темірлан:
Аппақ бүгін қыр далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Халық біткен қарбалаң,
Қонақ күтіп жатқандай.
Кәусар:
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болған жанашыр.
Ата-әже, әке-шеше,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Бекзат:
Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Бәріміз бір дауыспен,
Ән айтамыз шыршаға.
Қар ханшайымы:
Өте өнерлі балалар екенсіңдер. Жарайды сендердің мерекелеріңді бұзбай Аяз атамен Ақшақарды жіберейін. (Шығып кетеді)
Жүргізуші:
Ал, балалар Қар ханшайымы Аяз ата мен Ақшақарды жібергенше біз бір ойын ойнап жіберелік.
Ойын: «Шыршаны безендіру»
Жүргізуші:
Кел, келе бер, келе бер
Біздің Аяз атамыз.
Көп болсын мерекелер
Көп қызыққа батамыз.
Балалар Аяз атамен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата,Ақшақар, Аяз ата,Ақшақар, Аяз ата,Ақшақар.
Әуенмен Аяз атамен Ақшақар кіреді.
Аяз ата:
Амансың ба ұлдарым,
Амансың ба қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсемжырларың.
Асулармен алысқан,
Асау жылмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді-ау алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Бар сыйлығым, жоралғым.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым
Жүргізуші:
Аяз ата сіз дер кезінде келдіңіз, біздің балалар сізді өте қатты сағынып қалды, енді сәл отырып демалыңыз, мына бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыз.
Шалқар:
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттарды жаямыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Жансая:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны.
Мадияр:
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Диляра:
Әлде қарлы боранда,
Тау басынан түсті ме.
Аяз ата оралды,
Ақ тон киіп үстіне.
Жүргізуші:
Балалар бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.
(Әуенмен Аққала кіреді)
Аққала:
Балабақшаның жанынан өтіп бара жатып мында бір мерекенің болып жатқанын естіп, менің де көңілімді көтергім келді. Сендермен мерекені тойлауға болады ма?(Иә,Иә) Ендеше мен сендермен өзімнің ең жақсы көретін ойынымды ойнағым келіп отыр. Ол ойынның аты «Шаңғы» деп аталады.
Ойын: «Шаңғы»
Рауан:
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы, арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.
Дамира:
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Алып келген жақсылық.
Наурыз:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңы жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ол енді,
Шырқатайық өлеңді.
Ән: «Аяз ата ақ сақалды»
Жүргізуші:
Келеді балаларым қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Көркем сөз, әнші, биші иелеріне
Қол соғып, қарсы алайық уа-халайық!
Би: «Карнавал»
Аяз ата:
Қасымда бар Ақшақар,
Ол да ренжіп қалмасын.
Бүлдіршіндер балалар,
Оған да ән арнасын.
Жүргізуші:
Әрине Аяз ата біздің балалар сіздің немереңізге де ән арнады.
Ән: «Ақшақар»
Аяз ата:
Рахмет балалар, бәрің де өнерлі балалар екенсіңдер, ал мен сендерге жұмбақтар жасырғым келіп тұр.
Тікен, тікен тік пісте
Қысы жазы бір түсте.
(Шыршы)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
(Аяз)
Отқа жанбайды, суға батпайды.
(Мұз)
Аяз ата:
Жарайсыңдар балалар барлығың да тапқыр екенсіңдер.
Жүргізуші:
Аққала саған біздің мереке ұнап тұр ма?
Аққала:
Әрине, бірақ та менің бір ән тыңдағым келіп тұр.
Жүргізуші:
Біз сенің тілегіңді міндетті түрде орындаймыз, өйткені сен біздің қонағымызсың ғой. Біздің балалар саған ағылшын тілінде ән айтып береді.
Жүргізуші:
Аяз ата сіз біздің балаларға риза шығарсыз ән айтты, би биледі, ойнады, жұмбағыңызды шешті, енді сізден сыйлық күтіп тұрмыз.
Аяз ата:
Дұрыс, дұрыс бүлдіршіндер мен сендерге мынадай сыйлықтарыңды топқа апарып қойдым. Ал енді Ақшақар біздің де басқа балаларға баратын шағымыз келді ғой деймін.
Келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Бәріміздің деніміз мықты болсын!
Ақшақар:
Жылдан- жылға мерекеге келейік біз,
Балалардың өнерін көрейік біз!
Аққала:
Аспанымыз әруақытта ашық болсын,
Мейірім мен жақсылыққа бақша толсын!
Аяз ата: Қош сау болыңыздар!
(Балалар қоштасады)
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар осымен «Жасыл шырша жарқыра» атты ертеңгілігіміз соңына жетті, келесі сөз кезегін балабақша меңгерушісі Назгүл Ғадылқанқызына береміз.
Ата-аналардың құттықтау сөзі.
Жүргізуші:
Әр баланың көңілінде
Аяз атадан қалған.
Жақсы дәстүр қалыптасқан
Сыйлық алу бір арман!
Тобымызға барып, сыйлығымызды алайық, көріп тамашалағандарыңызға көптен-көп рахмет!!!
«Ю.А. Гарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ
Ертеңгілік: Жасыл шырша
жарқыра!

Мектепалды даярлық 0 «а» тобы
Тәрбиеші:Сеитказина А.А.


Күршім – 2013 ж.