Балаба?шада?ы орта??ы топ?а арнал?ан кіріккен ?йымдастырыл?ан іс-?рекетті? технологиялы? картасы


Әулиекөл ауданының әкімдігінің
Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы____қараша 2016 жыл
Ортанғы «Көгершін» тобына
арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ: «Таным», «Қатынас»,«Әлеумет»
БӨЛІМІ: «Жаратылыстану» «Сөйлеуді дамыту», «Экология негіздері»
ТАҚЫРЫБЫ: «Қар, оның қасиеті»
МАҚСАТЫ: Балаларға қардың қасиетін тәжірибелер арқылы көрсетіп, оның құрамы туралы білім беру. Балаларды тәжірибеде танымдық қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу техникаларын қолдана отырып, сөздік қорларын молайта отырып, қорытынды шығара білуге үйрету.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР: презентация, қар, мұз, тәжерибе жабдықтары
СӨЗДІК ЖҰМЫС: мұз, ұлпа қар, тәжірибе, жасанды қар.
БИЛИНГВАЛЬДЫ КОМПОНЕНТ: ұлпа қар-снежинка, мұз-лед, жасанды қар-искусственный снег, түссіз-бесцветный
ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ
КЕЗЕНДЕРІ ТӘРБИЕШІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ БАЛАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
Мотивациялық-қозғаушылық Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Келіп қалған қонақтарға
Жан жылуын таратайық. (СЛАЙД№ 2) Тәрбиешімен бірге қайталайды
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын жауабын кім табады екен?!
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан тұрады,
Танып көрші сен оны
(Аққала)
(Слайд №3)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар) (СЛАЙД № 3)
Аққала неше бөліктен тұрады?
Бөліктері қандай пішінді?
(СЛАЙД № 3)
Ой толғау: «Ұқсасын тап»
(СЛАЙД № 4)
Аққала неден жасалады?
Бүгін біз сендермен бірге қар және оның қасиеттерімен танысамыз.
(СЛАЙД № 5)
-Ыс, -ыс, -ыс келіп қалды қыс
- Ар, - ар, - ар жерге түсті қар
- Па, - па, - па әр түрлі ұлпа
- Ақ, - ақ, - ақ айнала аппақ
(СЛАЙД 6,7,)
Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.
Қардың түсі қандай?
Қар суық па, жылы ма?
Қар сонымен қатар қар жылтыр, үлпілдек болады. Ол кішкентай ұлпалардан тұрады. Ұлпалар бір – біріне ұқсамайтын,әр түрлі, әдемі болады.
Енді қардың қандай болатынын білу үшін, бүгін біз сабақта түрлі тәжірибелер өткіземіз.
1-Тәжірибе: (СЛАЙД №8)
«ҚАР-СУ-МҰЗ»
- қар ерігенде неге айналады?
-суды қатырып қойсақ не болады?
- мұзды ерітсек не болады?
3- тәжірибе: (СЛАЙД №9)
«ТЕЗ ЕРІТЕТІН НЕ?»
2-тәжірибе: (СЛАЙД №10)
«ТҮСІН АНЫҚТА»
-Қардың түсі қандай?
- Мұздың түсі қандай?
Егер балалар өзге түстерді атаса, оларды салыстыру.
«АССОСАЦИЯ»:
ақ түсті не болады? (СЛАЙД №11)
Түссіз не болады? (СЛАЙД №12)
(СЛАЙД №13)
Аппақ, аппақ, жапалақтапҚар жауады тымбастан.Қалың орман қар жамылғанМаужырайды түнгі аспан
СЕРГІТУ СӘТІ (СЛАЙД №14)
4- тәжірибе «ҚАРДЫ БОЯУ» (СЛАЙД №15)
5- тәжірибе «ЖАСАНДЫ ҚАР» (СЛАЙД №16)
Шарты: Қырынуға арналған көбік пен ас содасын қосып жасанды қар жасау. Аққала
Қар
Үш бөліктен тұрады
Дөңгелек
Балалар жауап береді
Балалар қарды қолмен ұстап көреді.
Ақ
Суық
Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Қайталайды, мағынасына қарай қимыл-қозғалыс жасайды.
Кірпімен қоштасады.
Рефлексиялық - түзетүшілік - Балалар бүгін біз сендермен қар туралы көп жаңалық білдік.
- Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?
- Сабақта не істеді?
Енді Аққаламен қоштасатын уақыт келді КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Орындайды: Қардың қасиетін тәжірибе арқылы бақылауды
Түсінеді: Тәжірибе барысында сақтақ ережелерді сақтауды
Колданады: Балаларды тәжірибеде танымдық қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу техникаларын қолдана
Тәрбиеші:Дюмбаева А.В.