Ересек тобына арнал?ан технологиялы? картасы


№1.
Білім беру саласы: «Денсаулық». «Таным»
Тақырыбы:Тепе-тендік.Жылдамдық.
Мақсаты: 1.Еден үстіне тасталған тақтаймен аяқ ұшын, өкшемен адымдап жүру.
2. «Кім жылдам?» жаттығуы. Допты түзу бағытта домалату.
«Көкқұтан мен бақалар» қимыл-қозғалыс ойыны.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ағаш тақтай (ені 20см), баланың санына қарай диаметрі 20см доп.
Оқу іс әрекетініңтүрлері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Қатарға тұру. Денені тік ұстау, сәлемдесу. Бір тізбекпен жүру. Қолға арналған жаттығулар: қолды екі жанға, белге, алдыға созу. Өкшемен тізені бүкпей жүру. Аяқтың ұшымен балапандар болып жүру.
-Балапандар үлкен әтеш болып өсті. Тізені көтеріп жүреміз. Жай жүгіріс.
-Қолымызбен кеудені қысып ұстап, пойызға отырдық, кеттік чух, чух, чух.
Балалар орманға келді. Орманда қояндар екі аяғымен секіріп жүр екен. Қояндар паорвозға отырып кетіпті (жүгіреді). Жүгіріп аэродромға келіп, ұшаққа отырып ұшып жүр (шашырап жүгіру). Жүру, тыныс реттеу жаттығулары. Педагогті мұқият тыңдайды. Дұрыс орындауға тырысады.
Ұйымдастыру кезеңі Дамытушы жаттығулар (құралсыз үйрету)
1.«Қолды бастан жоғары шапалақта». Б.қ.: аяқ иық кеңдігінде, қол төмен. 1. Қолды жанға созу.2. Қолды жоғары көтеріп шапалақтау. 3.Қолды жанға созу.
4. Бастапқы қалыпқа келу.(5-6 рет)
2. «Алақанды көрсет».Б.қ.: қолды шынтақтан бүгіп, саусақтарды иыққа қою. Екі қолды кезек-кезек алдыға, артқа айналдырамыз.(5 рет)
3.Б.қ.:алдыңғыдай. 1. Оң қолды көтеріп, түсіру. 2.Сол қолды көтеріп түсіру.(5 реттен)
4.Б.қ. қол төменде. 1-2 иіліп, саусақтарды аяқтың басына тигізу. 3.Иілу. 4.Б.қ.-қа келу.(5-6 рет).
5. Б.қ. еденде отыру. Аяқтар иық кеңдігінде. Екі қолды артқа қойып тірелеміз. 1.Оң аяқты көтеріп, аяқтың ұшын түзейміз. 2. Сол аяқты көтеріп, аяқтың ұшын түзейміз. (Әр жаққа 6 рет) Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.
6.Б.қ. екі аяқ бірге, қолды алдыға созып, еденге жату. 1.Иықты, қолды жоғары көтеру. Аяқтың ұшын еденнен көтеру. 2. Бастапқы қалыпқа келу.(5 рет)
7. «Секіру». Б.қ. Бір орында тұрып, екі аяқпен орта жылдамдықта секіру.(6-7 рет).
Негізгі қимылдар: 1.Еден үстіне тасталған тақтаймен аяқ ұшын, өкшемен адымдап жүру.
2. «Кім жылдам?» жаттығуы. Допты түзу бағытта домалату. «Көкқұтан мен бақалар» қимыл-қозғалыс ойыны. Ойынға жаппай қатысады.
Рефлексиялық-түзетушілік Бір қатармен жүру, тыныс реттеу жаттығулары, нүктелік массаж. Тынысты қалыпқа келтіреді.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:Ж.д.ж,тапсырмаларды,ойындарды мұқият орындауға тырысады.
Түсінеді:Дұрыс тепе-тендік сақтауды.Жылдамдықты ептілікпен жеңуді.
Қолданады:Доптарды,ағаш тақтайларды.
Ожидаемый результат:
Воспроизводит: Прокатывание фитбола по полу между предметами «змейкой», до ориентира, вокруг ориентиров Понимает: команды инструктора
Применяет: увиденное новое в повседневных занятиях