Саба? жоспарыЭлектр тогы. Ток к?ші ж?не Электр кернеуі ж?не ?шеу ??ралдарын ?йрену (8сынып)


Мерзімі:
Сыныбы: 8
Тақырыбы: «Электр тогы. Ток күші мен Электр кернеуі және өшеу құралдары »
Мақсаттары: 1)Білімділік: ток күші мен оның пайда болу табиғаты туралы алғашқы түсініктер Электр тізбегін құрастыратын шартты белгілермен танысу беру;
2) Дамытушылық:Оқушылардың білімін және ой өрісін дамыту,ұқыптылыққа үйрету.
3) Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,бауырмалдыққа,бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа материалмен танысу.
Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,тірек конспект,баяндау,сызба.
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгендеп алғаннан кейін, журналға белгілеп алғаннан кейін, балаларды сабақ барысына дайындау.Сабаққа көңілін аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Оқушыларды орындарынан тұрғызып сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып, үйде оқыған материалмен оқушылардың танысуын тексеру:
Потенциалдар айырымы дегеніміз не?
Электр өрісінің қандай сипаттамаларың білесіңдер?
Кернеулік пен потенциалдар айырымы арасында қандай байланыс бар екенін сипаттап бер.
Конденсатор деп нені айтады?
Конденсатордың сыйымдылығы қалай анықталады?
Конденсатор қай жерде қолданылады? және т.б
2. Екі оқушыны тақтаға шақырып, төмендегі есептерді шығару:
1) Оңашаланған өткізгішті 50 В потенциалға дейін зарядтап, 10-3 Кл электр зарядын жіберген. Өткізгіштің электрсыйымдылығын анықтаңдар.
2) Сыйымдылығы 6·10-6 Ф конденсаторға 45,5·10-4 Кл заряд беру үшін конденсаторды қандай кернеуге дейін зарядтау керек?
III. Жаңа тақырып түсіндіру:
Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады.
Токтың өткізгішке тигізетін әрекеті:

магниттік
жылулық

физологиялық
химиялық

ε=Aбq , В
Ток көзінің энергетикалық сипатамалары болып табылатын ε электр қозғаушы күші деп бөгде күштер жұмысының (Аб) орын ауыстыратын электр заряды (q) қатынасына тең шаманы айтады.
ε=Aбq , В
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды:
I=qt , А
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады:
U=Aq, В
Ток күшін амперметрмен, ал кернеуді вольтметрмен өлшейміз.
Бекіту. Берілген схемалардан қандай элемент екенін тауып жазу керек. Схемамен көрсету керек.
1. қосылмаған сымдардың түйісуі
2. өткізгіш сымдар
3. қосылған сымдардың түйісуі
4. кедергі (тұтынушы)
5.вольтметр

6. кілт
амперметр қысқыштар
7.
8.
V
А
9.гальвани элементі
10.қыздыру шамы
11.генератор
Үй тапсырмасы: §35-37 сұрақтарға жауап беру. Формулаларды жаттау.
Бағалау.