Сауат ашу Астана (1-класс)


Мұғалімі: Калдыгарина Ж.И.
Ана тілі, 1-класс
Сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Астанаға барғанда.
Сабақтың мақаты: Оқушыларға өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың Қазақстанның бас қаласы – Астана тарихы туралы білімдерін арттыру;
Дамытушылық: Оқушыларды салыстыру, қорытынды жасау, пікір айту арқылы сөздік қорлары мен ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілікке және патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ассоциация, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, топтық жұмыс, талдау, қабырғаға қарап оқу, автор орындығы, интервью.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылады топқа топтастыру.
1-топ: Ақтөбе қаласы
2-топ: Алматы қаласы
3-топ: Астана қаласы
Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып – тыныш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге берілген тапсырманы әр топтан 3 немесе 4 оқушыдан сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Интерьвю әдісі арқылы сұрақ қою.
1-топ:
1. Қазақ елінің Отаны қалай аталады?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
2-топ:
1. Қазақстанның елбасы кім?
2. Қазақстанның ірі қалаларын атаңдар
3-топ:
1. Қазақстанның астанасы қай қала?
2. Астана туралы не білесің?
2. Қызығушылығын ояту.
Ой шақыру. Бейнежазба
Бұл көрсетілімнен не байқадыңыздар?
Бүгінгі сабақ тақырыбы не туралы болмақ?
3. Мағынаны тану.
Осы қала туралы жазған Тұрдақын Жексенбайевтың «Астана» атты өлеңімен танысамыз.
Тұрдақын Жексенбай 1938 жылы Іле аймағы, Текес ауданында дүниеге келген. Тіл – әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған. «Аялы алақан», «Тау хикаялары», «Түлкі мен қоян», «Алатауым» кітаптары мен көптеген өлеңдері бар.
Өлеңді өзім оқып беремін.
Оқушыларға өлеңді қабырғаға қарап оқыту.
Әр топтан бір оқушы автор орындығанда отырып оқу.
Дәптермен жұмыс:
176-жаттығуды орындату.
Соңғы шумақтан дауысты дыбыстарды бір бөлек, дауыссыз дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.
Сергіту сәті:
Алақанды ұрайық,
Білегімізді бұрайық
Сілкіп, сілкіп алайық,
Оң қолымызды созайық.
Сол қолымызды созайық,
Екеуін бірге қосып ап,
Алақанды ұрайық.
Топтық жұмыс:
1-топ: Астана сөзіне топтастыру.
2-топ: Астана туралы сурет салу.
3-топ: Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастыру.
Тірек сөздер: Астана, таза ауа, Бәйтерек, зәулім ғимараттар, қыдыру.
ІҮ. Сабақты бекіту:
Сабақты «Пирамида» ойыны арқылы бекіту.
Ү. Сабақты қорытындылау:
Кестені толтыру.
Не білдім? Не үйрендім?
ҮІ. Бағалау:
«Бағдаршам» арқылы бағалау.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сендерге қаншалықты сабақтың ұнағанын білгім келіп тұр.
Жасыл түс – «өте жақсы»
Сары түс – «әлі де білімімді толықтыру керек»
Қызыл түс – «мүлде түсінбедім»
Кері байланыс: «Білім бәйтерегі ағшына» смайлик ілу.
ҮІІ. Үйге тапсырма:
«Астанаға барғанда» өлеңін мәнерлеп оқып келу, 175-жаттығуды орындау.