Статья по проведенным мероприятиям


«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым-Желтоқсан»
6-қазан күні №87 жалпы білім беретін мектепте «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым-Желтоқсан» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараның басты мақсаты-өскелең ұрпақты патриоттыққа, отан сүйгіштіккке тәрбиелеу. Биыл желтоқсан оқиғасына 30 жыл толып отыр. Осы орайда еліміздің тәуелсіздігі жолында жанын құрбан еткен, рухты аға-әпкелерімізді үлгі ете отырып, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру әрбір адамзаттың борышы. Мектебіміздегі іс-шараға «Қайсар жүрек» қоғамдық қорының директоры-Ергебаева Шара Бөлегенқызы және «Қайсар жүрек» қоғамдық қорының мүшесі-Нұғманова Ғалия Нұрсалқанқызы қатысты. Іс-шара барысында аталған оқиғаға байланысты бейнефильмдер көрсетіліп, өлеңдер оқылып және әндер шырқалды. 9 «ә» сынып оқушыларының орындауында Қайрат Рысқұлбековтың тергеудегі көрінісі көрсетілді. Содан соң сол оқиғада опат болған аға-әпкелерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Келген қонақтарға сөз беріліп, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Кездесу соңында мектеп директоры Лязат Шаймұратқызы қонақтрарға өз алғысын білдіріп, сый-сияпат табыс етті. Патриоттық рухты арттыратын іс-шарадан соң оқушылар келген қонақтармен естелік суретке түсті.
№87 ЖББМ директордың ТІЖО Ылясов Ербол Үсенұлы