Тіл дамыту. ?ыс?ы киімдер


Тақырыбы: «Қысқы киімдер»Мақсаты: Білімділік: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.Дамытушылық: Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту.Тәрбиелік: Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: ойын сабақКөрнекілігі: қысқы киім үлгілері.Психологиялық сәт:-Балалар сендердің көңіл-күйлерің қалай? (Жақсы)-Сендер көңілді болғанда не істейсіңдер? (Қол шапалақтаймыз)-Ренжігенде ше? (қабақ түйеміз) -Қорыққанда? (көздерін жұмады)-Таң қалғанда? (таңырқаңған кейіпті көрсетеді)-Қуанғанда? (күледі)Ендеше біз бір-бірімізді құшақтаймыз. Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қызықты ойын ойнаймыз.Ол үшін сендер мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:-Жылдың неше мезгілі бар? (төрт мезгілі)-Жыл мезгілдерін ата. (көктем,жаз,күз,қыс).-Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс мезгілі).-Қыста күн қандай болады? (аяз,суық,боран).-Біздер тонғанда не киеміз? (жылы киімдер киеміз).Суретпен жұмыс: Қане,мына суретке қарап киімдердің атын атайықшы: шуба,жемпір,, күрте, етік,қолғап, шапка т.б. -Бұлардың бәрі қандай киімдер деп аталады?-Қыстық киімдер.Ендеше, бүгін біз қыстық киімдер туралы айтып,ойындар ойнаймыз.Топқа пошташы келеді.Ол хат әкеледі.Тәрбиеші хатты алады.-Балалар,бізге қуыршақтан хат келіпті.Кәне, оқып көрейікші.Хат:Балалар, мен Сәуле атты қуыршақпын.Мен тоңып қалдым маған жылы киімдер кигізіп беріңдерші,мен қатты тоңып қалдым.Сендер мені киіндіріп берсеңдер мен сендермен ойын ойнаймын.-Балалар қуыршақ Сәулені жылы киімдермен киіндіреміз бе? (Балалар жауаптары)Ойындар ойнау.«Дүкенде» сюжетті-рөлді ойыны.Ойынның шарты:Дүкен сөрелерінде қысқы киімдер:тон,пима,қолғап,күрте т.б. тұр.Қысқы киім іздеген бала дүкенге келіп,дүкеншіден өзіне қажетті киімді сөрелерден таңдайды.Ол таңдаған киімін алып,сол киімге байланысты сөйлем құрау керек. Дүкеншінің осы тапсырмасын орындаған кезде ғана киімді ала алады.Мысалы:Қыста қалың тон киеміз.Балалар киімді дүкеншіден алған соң қуыршақ Сәулеге апарып киіндіреді.Рахмет балалар!Қандай тамаша.Сендерге мен қызықты ойындар әкелдім.-Ойнаймыз ба? «Мынау кімдікі?-дидактикалық ойын. Шарты: киімдердің қайсысы ер баланікі,қайсысы қыз балаға кигізу керек? Сергіту сәті.Тоңса біздің қолымызҚолғапты киіп аламызСарт - сарт - сартШапалақты соғамызТоңса біздің аяғымызЕтікті киіп аламызТоп - топ - топТопылдатып билеймізДәптермен жұмыс.
1.«Не артық?»-дидактикалық ойын.Бір қатарда тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық?-Туфли артық.Өйткені туфлиді күз,көктем мезгілдерінде киеміз.
2. «Менің киімдерім» санамағы. «1»дегенім-бөрік, Теріден тігер пішіп.Кисең бойға көрік. «4»дегенім-тымақ,«2» дегенім-етік, Қыста кисең жылы-ақ.Киер сәнді етіп. «5»дегенім-байпақ,«3»дегенім-ішік, Іші жылы тайпақ. Қорытындылау.Суретпен жұмыс.-Балалар ,қане мына суретке қарап қысқаша әңгіме құрайықшы. (Әңгіме құрады) -Суреттен біз кімдерді көріп тұрмыз?-Олар дүкеннен не сатып алып тұр?-Қысқы киімдерді біз қай уақытта киеміз?Олай болса,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не туралы айттық?