Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті Та?ырыбы:1-20 сандар к?лемінде санау


Тақырыбы: «1 - ден - 20 - ға дейінгі сандар»
Білім беру саласы: танымТақырыбы: 1 - 20 дейінгі сандарМақсаты: 1. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау,1 - ден 20 - ға дейінгі сандарды тура және кері санауды пысықтау. Есту барысында сандарды ажырата білуге жаттықтыру.Д. м: Балалардың ой - өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау қабілеттерін арттыруТ. м: Балаларды үлкенді сыйлауға, тілін алуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеуТехникалық құрал: компьютер, интерактивті тақтаӘдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, логикалық есептер, санамақтарОқу іс – әрекетінің барысыІ. Ұйымдастыру: 1. Балалар хормен:Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз,Барша адамды құрметтепБас иеміз біз.2. Балалардың назарын сабаққа аудару.Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа пойызбен шығамыз.Балалар, біз қандай сандармен таныстық?- Вагон сандары ретімен тіркелген бе?- Онда ретімен тіркеп алайық.- Енді вагондарды ретімен санайықшы.- Енді кері санайық.- Вагондар саны нешеу екен?- Енді тақтадағы вагондарымызды ретімен қойып шығайық.ІІ. Жана сабақ.Қызығушылықты ояту1, 2, 3Сынып іші тып - тынышЖалқаулықты тастаймызСабақты біз бастаймыз!Дәптермен жұмыс.1 тапсырма. Қалдырған сандарды жаз. Әрбір екінші жапырақты сары түспен боя.2 тапсырма. Әр ыдысқа бір қарындаштан қос. Әр ыдыста неше қарындаштан болады?Мына екі ыдыстағы қарындаштарды бөліп салайық және екі ыдыстағы қарындаштарды тағы қалай өзгертіп салуға болады? Мысалы: 3+2=54+1=52+3=53 Сергіту сәті.4 Балалар сергіп алдық қой, енді ауызша есептер шығарайық. Мен жасырым, сендер жауабын айтасыңдар.- Екі балапан тұр,Екі балапан отыр.Шатаспай тез ойлансаң,Барлығы қанша балапан?(төрт)- Пісіп тұрған төрт алмұрт,Қызығатын көрген жұрт.Екі алмұртты бұтақтан,Алып жеді Мұратқан.Қанша қалды алмұрттан?(екі)- Бес алманың үшеуін,Досың сұрап алды.Айтшы, сонда нешеуі,Өз қолыңда қалды?(2)- Тал бойында тізіліпБес жапырақ тұр еді.Жел соқты да үзіліп,Ұшып кетті үшеуі.Ілініп тұр әліЖапырақтың нешеуі?(3)- Табақта төрт өрік,Қолымда бір өрік.Қосқанда барлығыБолады неше өрік?(5)- Алма ағашта бес алма,Қандай тәтті жесе алма.Бесеуін де жеп қойсам,Қалады сонда неше алма?(0)Алғашында күнара,Қонушы еді бір ара.Бүгін төрт туысынЕртіп кепті бұл ара.Келіп қонды неше ара?(5)5 «Ұяшықтарды таңдайық» д/қ ойыныІІІ. Қорытындылау«Көршісін тап» ойыны.Енді балалар, мына сандарды ретімен кім орналастырады?Бұл сандарды тура, кері кім санайды?Сандардың көршілерін тауып көрейік.ІV. Мадақтау