«Та?балы тас сыр шертеді»


Тақырыбы: «Таңбалы тас сыр шертеді»
Мақсаты: 1. Оқушыларға қазақтың халық музыкасының қалыптасуын, халықтың ой-арманының музыкада бейнелеуі мен оның өмірімен байланыстылығын түсіндіру.
2. Халық әндері мен күйлері арқылы өз халқының салт-дәстүрлеріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
3. Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу.
Cабақтың түрі: аралас
Әдіс-тәсілдері: көрнекі-баяндау, сұрақ-жауап, ой бөлісу.
Жұмыс түрлері: оқулықпен жұмыс, әнмен жұмыс, шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: слайдтар, үнтаспа
Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.
Үйге берілген «Ұстазым менің» әнін сұрау. Домбыра аспабы туралы оқушылардан түсінігін тексеріп, құрылысын қысқаша айтып өту.
Жаңа сабақ. Мұғалім сөзі: – Балалар, сендер «өнер», «өнерлі бала», «өнерің өрге жүзсін» сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?- деп проблемалық сұрақ қойылады.
(оқушылар пікірлері тыңдалады)
Ежелден қазақ халқы өнерді ерекше қасиет деп есептеген. Өнер адамдары – күйші, әнші, композитор, әртүрлі заттардан әсем дүние жасайтын ұсталар, шеберлер мен тігіншілер.
Оқулықпен жұмыс. «Таңбалы тастар сыр шертеді» тақырыбы оқылады.
Міне, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әлі толық ашылмаған өткен тарихымыз азды-көпті түгенделіп, олжамызға марқайып, айналаға асқан құмарлықпен қарайтын болдық. Осыдан болар, талай ғасыр ашық аспан астындағы қараусыз қалған тау мен үңгір қабырғаларындағы бедерленіп, қашалып жазылған суреттер мен белгілерге деген қызығушылық арқылы ата-бабалардың өткен өмірі мен тіршілігінен хабардар болғанымыз. Даламыз қандай кең болса, ондағы құнды жәдігерлер де жеткілікті. Және олардың жер жағдайына байланысты өз атаулары да бар. Жамбыл ауданының батысындағы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймаққа жататын Қарабастау елді мекенінің жазықпен шектескен Таңбалы шатқалындағы талайды тамсандырған тастағы қашалған, бедерленген (петроглифтер) қазіргі кезде туризм көзіне айналып, халқымыздың бай мұрасы ретінде алыс-жақыннан келгендердің назарына ұсынылып, “біздерде мынадай бар, мынадай бар” деп ауыз толтырып айтуға, мақтанышымызға айналғаны да тәуелсіздікпен келген игілік.
 Тарих өткен мен бүгінгінің арасындағы алтын көпір деп тегін айтылмаған. Осылайша ежелгі адамдардың табиғатпен ара қатынасы, тұрмысынан, өмір тіршілігінен хабар беретін жәдігерлер тас дәуірінен (палеолит) бастап, қола дәуірін қамтитынын тарихшылар айтып та, жазып та жүр.

Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адам күйініш-сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше. Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы – ән мен күйі. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп Абай атамыз айтқандай дүниеге шырылдап әнмен келсе, өмірден өтерде де жоқтаумен қош айтысады. Халқымыз дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, барлық оқиғаларды ән-әуенмен жеткізе білген. Қыз ұзату, үйлену тойлары, ойын- сауықтардың - бәрі де ән-күй аясында өткен. Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмір іздеген Қорқыт, ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби, бейбіт, тыныш өмірді аңсап желмаясын желдіртіп, дүниені кезген Асанқайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка тілімен жеткізді. Одан бері Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан сері,Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және т.б. дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет-тағдырларын музыкамен суреттеп өтті. Сөйтіп,халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс-тіршілігімен жұптаса жалғасып келеді.
Сендер, балалар бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып, бойға сіңіріп өссеңдер, тарих тағылымы жалғаса бермек.
Ән үйрену. Қазақтың әні «Көк тудың желбірегені».
Әні: Ермұрат Зейіпханұлы
Сөзі: Алмас Ахметбекұлы
Көктудың желбірегені -Қазақтың асқақ беделі.Махаббат, қайрат екеулеп,Шымырлатқаны денені.
Қайырмасы
Көктудың желбірегені -Жаныма қуат береді.Таласқа түссе жан мен тужан емес,маған керегі-Көктудың желбірегені.
2. Көктудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Жан жаққа тартпай, Қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.
3. Көктудың желбірегені -
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған Қазақтың
Азат отанға жете алмай
Көзінің мөлдірегені.
Ән үйренер алдында жаттығу орындау.
а) Әннің сөзін үйрету.
б) Фраза бойынша үйрету.
в) Дыбыс ырғағына қол соғу.
Шығармашылық жұмыс.
Өнер туралы мақал-мәтелдер жарысы өткізіледі.
Өнерлі бала сүйкімді.
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
Білімді өлсе, қағазда аты қалар
Ұста өлсе, істеген заты қалар.
Қорытынды. 1. Салт – дәстүрге байланысы қандай әндерді білеміз?
Қазақ музыка өнерінің дамуына үлес қосқан композиторлар. Үйге: «Көк тудың желбірегені» әнін жаттау