Орман ертегісі психологиялы? саба? (балаба?ша)


«НұрБөбек» балабақшасы

Психологиялық сабақ
«Орман ертегісі» (ертегі терапиясы)
«Қарлығаш»тобы,»Таңшолпан» тобы
«Орман ертегісі» (ертегі терапиясы)
Сабақтың тақырыбы: «Аңқау аю»ертегісіМақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсінігін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дұрыс айта білуге үйрету. «Аңқау аю»ертегісінің мазмұнымен таныстыру.Балалардың жұмбақтар шешу арқылы ойлау,қиялдау қабілеттерін дамыту.Аңдарды қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Жабайы аңдар суреттері,ойыншықтар,маскалар,буклеттер.Шаттық шеңбер:Шеңбер болып тұрайықАлақанды ашайықТаза ауа жұтайық.Жүрекке жылу салайықЖинаған жылы шуақтыБалаларға шашайық.Сәттілік тілеймін.* -Бүгін келе жатып,сандық тауып алдым. Оның ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды сандықтан шығару үшін жұмбақтарды шешу керек.• ЖұмбақтарСыбдыр шықса қашадыҚырдан бір-ақ асады. (Қоян)• Өзі қу,әрі айлакер,Жүрген жері айқай да шу. ( Түлкі)*Аузы бейне шалғы,орақ,Шөп емес, бірақ малды орады (Қасқыр)• Қыс бойында жатады,Тәтті ұйқыға батады.( Аю)-Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атпаймыз?-Жабайы аңдар-Олар қайда тұрады? Орманда.Сендерге құтқарғандарың үшін рахмет айтуда.• «Аңқау аю» ертегісін түсіндіру.Ерте,ерте,ертеде қоңыр аю болыпты.Ол биылғы көктемде ерте ояныпты. Оның себебі аюдың қарны ашты. Аю орман ішін көп кезді. Ол әрі жүрді, бері жүрді,аузына түйір түспеді. Бекер жүрісті қояйын. Тамақ тауып жемесем, жағдайым болмайды екен»деген оймен аю қорбаң-қорбаң басып,ұзай береді.Жалғыз өзі қамығып, қарны ашып келе жатқанда ескі қырманның орнынан дән жинап жүрген тышқанға кездеседі.Аю аш екендігін айтты.Тышқан: -О, Аю ата,хош келіпсіз,төрлетіңіз!-Екеуі жөн сұрасты.-Тышқан: Қарын тойдыратын бір амал бар.Аю: Ол қандай амал, айтсаңшы!-дейді.Тышқан: Мына қырмандағы шашылып жатқан сабанды жинасақ,бидайдың астында қаламыз, Аю ата.Қоян: Аю аға,жол болсын!Қоян:Сіз менімен бірге сәбіз жинасыңыз,ағажан.Аю: шаршады.Аю мен мысық өзенге келді.Мысық: Аюға ұсталған балықты салатын тас бөгет жасайық,Аю аға.Түлкі: - Сәлематсыз ба,үлкен аға!Екеуі жөн сұрасты. Түлкі: Ағатай, тауық қораға салайықАю: Олай болса,кеттік.Түлкі: (сыбырлап) Аю аға,тауық қораның екі-үш тақтайын суырып алыңыз. Түлкі: Ойбай,аға,тезірек кетейік,күзетші көріп қалды. (Аю қаша жөнелді)Аңқаулығынан әркімнің соңынан бір ерген Аю ақыры аш қалды.*Сахналау( Ертегіні балалар сахналады). Аю, Тышқан, мысық, қоян, түлкі.• Құрастыру жұмысы1 топ Құлпынай 2 топ Бал-Қағаздың түстерін ажырату.- Қию арқылы жапсыру.* Ненің суретін жапсырдыңдар?-Онымен қай аң қоректенеді?-Аю ( тәттіні жақсы көреді)* Сергіту сәтіОрмандағы аюдыңҚұлпынайы көп екен.Теріп-теріп алайықҚалтамызға салайық.• Ойын: «Қай аң қандай вагонға мінеді?»• Вагонға мінген қандай аңдар?-Жабайы аңдар.* -Қандай ертегімен таныстық?Кейіпкерлерін атайық?Сонымен біз аю сияқты аңқау болмайық. Сабағымызды жақсы оқиық. Шыншыл,адамгершілігі мол ұрпақ болып өсулеріңе сенемін! Мадақтау.