Жуан ж?не жі?ішке айтылатын с?здер ашы? саба?


Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Әже
1 - сынып әдебиеттік оқуСабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Әже.Сабақтың мақсаты: 1) Сөздердің жуан және жіңішке айтылуы туралы түсінік беру, өлең мен таныстыру, мазмұнын ашу. Өлеңді мәнерлеп, сауатты оқуға машықтандыру.2) Төрт түлік мал туралы мағлұматтарын кеңейту.Олардың атаулары, ана туралы өлеңдерді оқи отырып, ананы сүю туралы түсініктерін кеңейту.3) Адамгершілік, мейірбандық сезімін қалыптастыру. Төрт түлік малды қадірлеуге, ананы, әжені, үлкенді қадір тұтуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, сызбалар.Сабақтың жүрісі:- Ұйымдастыру.- Өткенді пысықтауЖаңа сабақ- Қазір қай сабақ, бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?- Сабаққа қонақтар қатысып отыр. Өзіміздің әдепті, сауатты оқушы екендігімізді көрсетейік.Қайталау сұрақтары:1. Дыбыс дегеніміз не?2. Әріп дегеніміз не?3. Сөз неден құралады?4. Сөйлем дегеніміз не?5. Сөйлемге мысал келтір.6. Дыбыс нешеге бөлінеді?7. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?8. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?9. Жуан дауысты дыбыстарды ата! Сөз ойла.10. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.11. Төрт түлік мал түрлерін ата.Балалар, біз сендермен төрт түлік мал атаулары мен танысып қана қойған жоқпыз, сонымен олардың адамға пайдасы туралы көптеген әңгімелермен таныстық. Қазақ халқының бүкіл өмірі, тұрмыс тіршілігі осы төрт түлікпен тікелей байланыста өткен. Адамдар бір - бірін көргенде мал жан аман ба деп амандасқан. Сонымен қатар оларға қатысты мақал - мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілер шығарған. Тіпті сол төрт түлікті жыл атауларына да кіргізген.Ал біз төрт түлік туралы не білдік. Қане, ортаға салайық.Ұлттық ойындарды ата.Енді төрт түлік мал туралы мақал - мәтелді, жұмбақты, жаңылтпашты қалай есте сақтадыңдар соны тексерейік.1. ___________ теппейді_____________ төкпейді (мақал)2. Аттың көркі_____ - ___ _____3. Шөре - шөре лағым_______ ______________ _______4. Төрт түлік пікірлерін жаз.5. Малдың төлін сүюі (оқыту)- әр төл өзінің төлін қалай жақсы көреді?- атап шығу.- Балалар осы құлыным, ботақаным, момыным, қозым деген сөздермен сендерді кім еркелетеді?- әрине анамызДүниеге келген күннен бастап аялап, мәпелеп өсіретін кім?- әрине ана.- Суретпен жұмыс- Не көріп тұрмыз?- Не айта аламызОтбасының шуағы, күні ана. Ана өмір сыйлаушымыз ғана емес, бесік жырын айтып, түн ұйқысын төрт бөліп, баласының жақсы ісіне қуанатын, жаман ісіне қиналатын адам.Қосымша тапсырма:(өлеңде жіңішке айтылып тұрған сөздерді тауып дәптерге жазу)- Бесік, бөпем, жілік, үкіАна өміріміздің тірегі. Ақын - жазушыларымыз өлең шығармаларын арнаған. Оларды Отан - анаға, қасиетті Жерге теңеп отырған.Ал біз ата - ана туралы не білеміз?Поэзия минуты.Сергіту сәті.Анамыз күніміз, қамқоршымыз болса. Өмірімнің жалғасы, баламның баласы немерем деп еміренетін кім?Бұл өлеңді С. Қалиев жазған (өмірбаяны)- іштей оқыту- тізбектеп оқытуТіл дамыту. Өзіңнің әжең туралы әңгімеле.Әжеде, анамызда біздің өміріміздің сәні, үйіміздің күні.Балалар, олай болса, отбасымыздың күндері әжеміз бен анамыз аман болсын деп мына күнге анамыз бен әжемізге жақсы тілегімізді айтып күн шашақтарын ілейік, мен бастайын- аналар аман болсын- өткенді пысықтау- марапаттау, бағалау- үйге тапсырма (оқу)