«?аза?станда?ы ?азіргі экологиялы? проблемалар» та?ырыбына ?ткізген саба?ымды ?сынамын.


11 сынып
Тақырыбы: «Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар» тақырыбына өткізген сабағымды ұсынамын.
Мақсаты : 1. Оқушыларға табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың физиологиялық өсіп жетуіне экологиялық мәдениеттің ауадай қажет екендігі жөнінде көз жеткізу.2. Экологиялық аймақтар туралы мағұлмат бере отырып экология ұғымын жан-жақты ұғындыру.3. Табиғатты сүйе білуге, қорғай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : ойын сабақ
Сабақ әдісі :сұрақ-жауап, «Өрмекші», «мұғалім-оқушы»
Көрнекілігі : слайд, реферат, электрондық оқулық
Сабақ барысы
Ι Ұйымдастыру кезеңі
(оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарын дайындау)
СлайдтаЭкология! Бөтен сөз, Тұтқасы бар әлемнің,
Бір туғаның бірақта. Бізше ғылым-логия.
Білгенге бұл көсем сөз, Онсыз мекен, жоқ ұя,
Мәңгі қалар құлақта. Жоқ киесі өлеңнің.
Эко дегені-үй, Отан, Өз үй-өлең төсегің,
Ежелден-ақ ерекше. Табиғат боп қалады.
Сөз патшасын ұнатам, Оған атқан кесегіңЖүрегіме гүл ексе. Өз басыңды жарады.
Омар Қаржау АйтолқынΙΙ Слайдта-2. Үй тапсырмасын тексеру бөлімі.
«Өрмекші» ойыныБарлық тірі организмдер өзара бір-бірімен және сыртқы орта жағдайларымен үнемі байланыста болады. Сырқы орта жағдайларының әсерінен тірі организмдер көбейеді, дамиды және қалыпты тіршілігін жалғастырып отырады. Экология негіздері тарауын «Өрмекші» ойыны арқылы еске түсіреміз.
(Ойын барысымен таныстыру)
1-оқушы
1-Кіріспе. Экология нені зерттейтін ғылым?
(Тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын және олардың орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым)
2-Жалпы экология ғылымының салаларын атаңыз.(факторлық экология, организмдер экологиясы (аутэкология), популяциялар экологиясы (демэкология), бірлестіктер экол-ы(синэкология), ғаламдық экол-ы,тарихи экология.)
3- Экологиялық факторлардың түрлерін атаңыз.
(Абиотикалық-климат, атмосфера, топырақ, су, жарық, t0т.б.
Биотикалық-тірі организмдердің өзара қарым-қатынасы.
Антропогендік-адамның іс әрекетінің табиғатқа әсер етуі.)
4- Экологиялық апат дегеніміз не? Мысал келтір.
(Табиғат пен қоғам арасындағы қарым - қатынас әбден шиленісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғатта қалыптасқан эколг. тепе-теңдік мүлдем бұзылады, оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Экол. апат адамның тікелей немесе жанама әсерінен болады. Өсімдіктер, жануарлар түрлері мүлдем жойылады. Басты экол. апат – ол биосфераның ластануы. 1945 ж. Хиросима, Нагасаки – атом бомбалары радиоактивті заттар таралады, 1986 ж Чернобыль АЭС – ең ірі апат болды.)
5- Су-тіршілік ортасының қандай ерекшеліктері бар? (су көптеген организмдер үшін қолайлы орта. Суда тіршілік етуге бейімделген тобы- гидробионттар. Судың қалың қабатында пелагостар тіршілік етеді. Су түбінде бенкостар. Судың беткі қабатында қалқып жүретін ұсақ организмдер планктондар. Суда жүзіп жүріп тіршілік ететіндер нектондар.)
2-оқушы
Экология терминін ең алғаш ғылымға кім енгізді? (1866 жылы, неміс ғалымы Эрнст Геккель)
Адам экологиясы нені зерттейді?
(Сыртқы орта жағдайларының адам организміне әсерін зерттейді)
3-«Маниторинг» деген ұғым нені білдіреді? (Маниторинг- латынша «monitor»- сақтандыру, немесе бақылау жұмыстары, маниторинг арқылы белгілі бір аймақтың өзгерістеріне(ауаның, судың, топырақтың т.б бақылау жүргізіледі ))
Топырақ-тіршілік ортасы деген не?
(Топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабаты-педосфера, беткі қабатында ұсақ организмдер-бактерия, саңырауқұлақ, құрттар тіршілік етеді. Топырақта тіршілік ететін организмдер-педобионттар деп аталады. )
Адам іс әрекетінің табиғатқа әсері.
(Адам саны күрт өсуі, өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының дамуы, қуат көздерінің өндіруі, көлік түрлерінің пайдалануы. Экология мәселелерінің бірі-адам баласын тамақпен, тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз ету. Жер бетінде адам саны 6,5 млрд. жетіп отыр. Атмосфераны тас көмір, мұнай, газ, автокөліктер. Автокөліктен шығатын күкірттің диоксиді мен озот оксиді- жауын-шашынмен қосылып қышқыл жаңбыр түрінде таралады. Өзендегі балықтар қырылып, ормандағы ағаштар қурайды.)
3-оқушы
Экология және ғылым саласы болып қай ғасырда қалыптасты?
( - ғасырдың бас кезінде)
Өсімдіктер экологиясы нені зерттейді?
(Өсімдіктердің өзара және қоршаған ортамен байланысын зерттейді)
Табиғи апаттарға нежатады?
(Жер сілкіну, жанартаудың атқылауы, сел жүру, қатты дауылдар, құйындар, қар көшкіні т.б)
Құрлық-ауа тіршілік ортасының ерекшеліктерін атаңдар.
(Бұл ортада тіршілік ететін организмдер –аэробионттар деп аталады. Бұл ортаның тығыздылығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Бұл организмнің тіршілігі үшін t0, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл мезгілдерінің алмасуы негізгі рөл атқарады)
Б.Комманердің экологиялық заңдарының қағидалары.
«Барлығы да бір-бірі арқылы байланысқан» Бұл заң биосферадағы тірі организмдердің бірінде болған өзгеріс міндетті түрде басқаларына да әсерін тигізеді.)
«Барлығы да өз орнын табу керек.» Барлық организмдердің өз орны бар, табиғатта қалдық болмайды.
«Табиғат жақсы біледі» Бұл заң адам баласының табиғат заңдылықтарын әлі де толық білмейді.
«Еш нәрсе бостан босқа берілмейді» Бұл заң табиғаттан алғанынан орнын толтыруды ұмытпа деген ұғымды білдіреді.
Б.Комманердің экология заңдары табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді түрде жүргізе білудің басты шарты екендігін ескертеді.
Слайдта-3 ΙΙΙ Жаңа тақырып«Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар»
Қазақстан Еуразия құрлығының орталық бөлігінде кең байтақ жерді алып жатыр. Ол жердің аумағы жөнінен дүние үзі бойынша 9 орында. Қазақстанның табиғат байлықтары сан алуан. Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көп көріп отырған мемлекеттің бірі. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады.Сол арқылы табиғатты өзгертеді. Неміс ғалымы Александр Гумбольт «Адамның алдынан орман кездессе, артында шөп қалады.» деп дәл айтқан. Табиғаттың өзгеруінен елге экономикалық, әлеуметтік шығындар келеді. Жер климаты өзгереді. Осыдан барып экологиялық қауіп пайда болады.
Сонымен жаңа тақырыпты өздігімен меңгеру кезеңі басталады. «Мұғалім-оқушы» ойыны.(ойын барысын түсіндіремін, уақыт беремін). Оқушылар дайындалғанша, реферат оқылады.
Үшінші кезең- деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Сабақ айтқан оқушы бағаланады.
ΙV Қорытындылау.Слайд -4 / көрсету/.
Қорыта айтқанда Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар кімді болса да толғандырды. Өйткені дүние жүзі бойынша экологиялық жағдайы жағынан Қазақстан 133 елдің ішінде 70 орында. Еліміздің экологиясы жақсартуда ғылыми озық технологиясын өндіріске кеңінен енгізу, экологиясы таза энергия көздерін пайдалануға барынша көңіл бөлу т.б қажет.
Адамзат баласының алдында шешетін 3 мәселе бар
Олар 1.Әлемде бейбітшілік орнату.
2.Адамның сана-сезімін дамыту.
3.Табиғатты қорғау.
V Бағалау. Үйге тапсырма §23. Реферат дайындау.