Ерте?гілік Т?уелсіздік елімні? еркіндігі


Тақырыбы:
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»
Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Тәрбиеші; Құрметті «Құлыншақ» балабақша ұжымдары, ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Ақбота: Тәуелсіздік таңын сүйем .Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Алмаз:
Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.
Ғали:
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы іліндіЖылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Айкөркем:
Маған қымбат ұлы елімнің .Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.
Жасмин:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Инабат:
Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
Ән «Анашым»
Иманәлі:Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.
Мейірхан:
Тәуелсіздік –
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.
Ділназ:
Балабақша серпін нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік –ынтымақ,
Тәуелсіздік еркіндік.
Абылай:
Қыста келген бақыт бұл,
Қыспай берген жақұт нұр.
Аппақ қардай пейілінӘлемге елім шашып тұр.
Инабат:
Тәуелсіздік – ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,Терезесі тең болу.
Ақбота: Ән «Біз өмірдің гүліміз»
Дамир: Өз меншігіңТау, дала
Көкке өрле, самға да!
Сену,
Келу тәубаға!...
Аянат: Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздар-ай
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай
Ән» Қошақаным»
Ихсан: Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын.
Теңескен төбем көкпенен.
Би: «Хатуба»
Нұртілек: Егеменді ел бақыты ертеңгі,
О, халайық Құтты болсын қуаныш!
Ақбота: Би» Шығыс биі»
Хор: « Менің Қазақстаным»
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар естиярлар тобының дайындаған «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
«Асанәлі»балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Елімнің
еркіндігі -
Тәуелсіздік»
Өткізген: Үсенғалиева А
2013-жыл