?аза?стан Республикасыны? Т???ыш Президенті к?ніне арнал?ан Б?йтерек т?л?а Елбасы салтанатты жиынны? сценарииі


«Бәйтерек тұлға Елбасы»тақырыбындағы салтанатты жиынның
сценарииі
Мақсаты : Елімізге еңсе тіктетіп,мемлекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып , елі үшін аянбай еңбек етіп жүрген Елбасын құрметтеу.
Түрі: салтанатты жиын
Көрнекілігі : мультимедия, кітап бұрышы,презентация ,гүл , шар т. б
Жүру барысы :
І.Ұйымдастыру .
1.Қонақтарды қабылдау.
Жумалиева Нұргүл-тәрбие ісінің орынбасары
Елбасының аз ғана жылдарда адам айтса нанғысыз атқарған қыруар істері болашақ ұрпаққа аңыз болып жетері сөзсіз. Аумалы-төкпелі, алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақтың, үш ғасыр бодан болған елдің тізгінін Нұрағаңдай азаматтың ұстауы- Алланың халыққа берген сыйы еді. Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жетті.Осы жылдарда біз Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін айқын таныдық.
Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, Елдің даңқы бар жаһанға естіліп. Елбасыны құрметтейтін ерекше Армысыздар, ақ пейілді көпшілік! Азаттық пен елге қонды тосқан бақ, Қазақ елін мойындауда дос таңдап. Елбасының еңбегімен нұрлана Қазағымның мерейі тұр аспандап. Елі үшін олжа салып қиырдан, Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан. Мерекеңіз құтты болсын көпшілік Елбасының құрметіне жиылған!
Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентті күніне арналған «Бәйтерек тұлға Елбасы»салтанатты жиынға қош келдіңіздер !
1.Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Күйге толы дүние-ай, дүбірлеген,
«Қайран шешем», «Кішкентай» күнім деген.
«Көбік шашқан», «Сары өзен» жағасында,
«Ерке сылқым», «Айжан қыз» күлімдеген.
2. Домбыра ансамблінің орындауында :
1. Құсайыновтың күйі «Мереке»
Күй: «Келіншек»
Н.Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәр­биеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жиған, тілін, тарихын, мәдение­тін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлт­жанды Азаматы; қалың елдің жанашыры; мұңдасы, тағдырласы; қорыққанға – қорған, тарыққанға – пана, зарыққанға сана бола білген өз елінің шын перзенті; алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсемі; елінің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары; халық­аралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөзі асатын, егес­кен­де еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын аузы уәлі, сөзі дуалы саясаткері.
Алғашқы құттықтау сөзі ауыл әкімі Бауыржан Зұлыпыхарұлына жолданады
.Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасыр­дың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, хал­қын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, тек­шіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, өз елім менің – өзегім дейтін Азамат.
Келесі құттықтау сөзі ардагер ұстаз Шолтыров Нариманбек ағайға жолданады
.Назарбаев – әлем мойындаған, жа­һан­ға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі за­манның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.
Қариялар кеңесінің төрағасы Қабиев Рапих ағайға жолданады .
Елбасы ата-бабалардың төрт аманатын көзінің қарашығындай сақтап, қорғап, әлемге танытуға күш салып, еңбек етуде. Ол аманат-Ел, аманат-Жер, аманат-Тіл, аманат-Тәуелсіздік. Осы аманатқа адалдық көрсетіп, бүкіл Қазақстан халқының тағдыр-талайын жауапкершілікке алуы. Сондай-ақ еліміздің 24 жылдағы қол жеткізген жетістіктері Елбасының атқарған еңбегінің көрінісі.
Сөзі Ермек Жұматаев
6. Әні : Ибрагим Дәрібаев «Қазақтай ел қайда?!» орындайтын Уапов Қанаткали
Дана халқымыз қателiктерiмiздi түсiнедi, оларды кешiре де бiледi. Халық кешiрмейтiн бiр-ақ нәрсе бар, ол – елдiң қолына зарықтырып барып қонған Бақыт құсынан, Тәуелсiздiктен айрылып қалуды кешiрмейдi. ЕгербiзТәуелсiздiктенайрылсақ, бiзгекешiрiмжоқ.
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де жердің де иесі екеніңді ұмытпа»
7.Сөзі : Н.Назарбаев
Әні : А.Қоразбаев «Үшқоңыр» орындайтын Воколдық топ.
Қазақтың құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған соншама алып далада, мұндай алып кеңістікте мемлекет құру қиынның қиыны еді. Бір кезде жығылған Орданы қайта тігу, құлаған туды қайта тіктеу, елдің елінің ғана, ердің ерінің ғана қолынан келетін іс еді. Бізде ондай елдің де барын, бізде ондай ердің де барын мақтаныш етеміз. Елдің аты – Қазақстан, ердің аты – Нұрсұлтан. Қазақстан, Астана, Назарбаев дейтін сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымға айналды.
8.Халық биі : «Қамажай» . Орындайтын «Айгөлек» бишілер тобы
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,Астанамен айшықталған ортасы. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Бұның бәрі Елбасының арқасы.
9.Көркемсөз : «Елбасы» оқитын Өмірзахова Ару
«Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы керек.» ( Н.Назарбаев)
10 .А.Жұбановтың күйі «Би күйі» орындайтын 7а сынып оқушысы Қайыржанов Елболсын
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,Болашағым, өнер- білім, өркенім.
11. «Туған жер» орындайтын Серікова Айнара
Бақытты боп жүргенім , сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім, құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы, күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды, баршамызға Ұлы Отан.
12. Сөзі : М.Мақатаев
Әні : Н.Тілендиев
Ән: «Сарыжайлау » орындайтын Абат Нұржан 5а сынып оқушысы
Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде:
Тәуелсізбін! Бар ма мұң? Тәләйлі болсын талғамың!
Өркені өссін қазақтың,Осы – менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,Осы – менің мұратым!
О, Ақорда, Ақ шатыр,Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,Осы – менің мақсатым!
Халқым – менің тірегім,Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,Осы – менің тілегім.
13. Ән : «Атамекен» орындайтын Уапов Қанатқали
Барша халқымыздың ең басты құндылығы – Тәуелсіздік! Біз – көшпенділердің ұрпағымыз, ат үстінде жүрген елміз.  Ержүрек халықтың жалғасымыз.    Біз бір ұлтпыз, қанымыз бір, жанымыз бір.   Еліміздің мәртебесі биіктей берсін!Қазақстан жасасын! Елбасы жасасын!
. Айымыз жарық, күніміз нұрлы болсын ағайын ! Қош сау болыңыздар !