1 – желто?сан т???ыш президент к?ніне арнал?ан мерекелік кеш


№ 116 орта мектеп
Жеріне лайықты елі туады,
Еліне лайықты Ері туады!
1 – желтоқсан тұңғыш президент күніне арналған мерекелік кеш
«Жас ұлан» ұйымы
2015 – 2016 оқу жылы
224790253365
Жусупова Гаухар Сериковна
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы
№116 орта мектептің ІІ – санатты тәлімгері
Тақырыбы: Жеріне лайықты елі туады, Еліне лайықты Ері туады
Өткізілетін орны: Мектеп Мәжіліс Залы
Өткізілетін уақыты: 15.00 28 қараша
Сахна тақырыпқа сай безендіріледі. Музыкалық фанфар беріліп, ортаға жүргізушілер шығады.
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
(Бейнеролик қосылады)
Ортаға Екі ұлан шығады.
742950165100
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты қауым!
Жүргізуші: Армысыздар, ақ пейіл ауыл жұртшылығы! Қазақстан Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
ҚР Әнұраны орындалады.
Ортаға екі жүргізуші шығады.
656590635
1 - Жүргізуші:
Жиырма төрт жыл белесіндегі Тәуелсіз Қазақстан – бүгінде іргесі берік, экономикасы қуатты, саяси жүйесі сараланған, ынтымағы жарасқан елге айналды. Ол – әлемдік қауымдастық алдындағы беделі биік, өз жолын, әрі өз болашағын айқындаған мемлекет. Оның туған халқын заманынан сан қырлы сынынан аман алып келе жатқан елін сүйген Елбасы бар.
2 - Жүргізуші:
Бүгін сіздер Қазақстан Республикасы Президентінің туған күніне орай өткізгелі отырған «Жеріне лайықты елі туады, Еліне лайықты Ері туады» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Ел еңсесі қашанда Елбасымен биңк. Ендеше, қалың елімізді биіктен биікке бастай беріңіз, еңсесі биік – Елбасы!
Бүгінгі салтанатты кешімізді ашып беру үшін сөз мектеп директоры Бақбергенов Нұржан Қожабайұлына беріледі.
Ән: «Қазақ елі осындай» Орындайтын Телеу Жаннұр
1 - Жүргізуші:
Міне осындай егеменді еліміз,Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.Туған елін, туған жерін сүйетін,Біз қазақтың ұланымыз еріміз. – дей келе ортаға мектептің жас ұландарын шақырамыз.
2 - Жүргізуші:
Тарихы бар дастанындай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.
Қазақстан – алтын бесік Отаным,
Нұр ордасы татулық пен теңдіктің.
1 - Жүргізуші:
Жығылмас ешқашанда елі жорға,
Алдында Ту ұстайтын ері барда.
Көтеріп көк байрағын ер қазағым,
Қадам басып келеді үлкен жолға!
2 - Жүргізуші:
Барша қазақстандықтардың тапжылмайтын таңдауы да, қапысыз қалауы да – Нұрсұлтан Назарбаев!
1 - Жүргізуші:
Елбасымыз - Нұрсұлтан!
Жасай бер, Қазақстан!
Ән: «Көк тудың желбірегені» Орындайтын Тоқтамұрат М
58166064135
2 - Жүргізуші:
Елбасы ортақ Отанымыз – Қазақстанды дамыту жолында елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті басшылыққа алды. Тәуелсіздікке жиырма жыл толмай жатып-ақ елімізді Еуропа төріне шығарып берген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігінде стратегиялық қуаты күшті, маңызы үлкен мемлекеттер ретінде мойындалып отыр.
1 - Жүргізуші:
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан.
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа,
Әр қазақ берік болсын намысына.
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына! – дей отырып, мектебімізде қаламы ұшқыр, ойы жүйрік, жас ақындарымызды шақырамыз. «Елбасымызға арнау» өлеңдерімен.
624205146685
Ән: «Егемен ел Қазақстан» Орындайтын Алтынбек Нұрдәулет
2 - Жүргізуші:Биіктей бер, Нұр аға,Қыран қанат талмасын.Қадірлемей тұрама,Халық сіздей тұлғасын.Жүргізуші:Гүлдене бер, Отаным,Көтерген туын Нұр ағам.Көбейткен достың қатарын,Нұр аға - біздің ұлы адам.
«Елбасының қызмет еткен жылдары» жөнінде мағлұмат беру үшін ортаға Амангелді Мадиярды шақырамыз.
Ән: «Отанның жас өркені» Орындайтын Марғұланқызы Гүлжайна
1 - Жүргізуші:
Тәуелсіздікті тәу етіп, ежелден еркіндік аңсаған халқымыз ұлтымыздың үміті, мұраты анық, іс-қимылы қанық Елбасын таңдады. Халқымыздың таңдауы қалт кетпегеніне көз жетті. Кешегіміз қаһармандыққа, бүгініміз жасампаздыққа, ертеңіміз келешегіміздің кемелін келтірер батыл бастамаға толы.
2 - Жүргізуші:
Төрткүл дүниеге танылып, төбедегі келді. Әлем алдында еліміз – еңселі, халқымыз – қадірлі. Ұлттар достығын, елімізде бейбітшілік пен ынтымақты дамытуда Елбасының рөлі ерекше. Екінші мыңжылдақ барша қазақстандықтардың дүркіреген дәуірі, жарқыраған жұлдызы болып басталды.
Көрсетіп алаш ұлы асқақтығын,
Бағындырды, сан белес, асқар шыңды.
Жұртына төрткүл дүние үлгі болып,
Келеді көш басында бастап бүгін.
624205365760Ән: «Туған жер» Орындайтын Жақсылық Нұрсұлу
1 - Жүргізуші:
Президентіміздің болашақты қапысыз болжайтын табанды саяси бағыты, жаһандық түйіндерді шешуде тізгінді тең ұстайтын мәмілегер саясаты мен даналарға сай ақыл – парасаты нәтижесінде Қазақстан әлемдік қауіпсіздіктің кіндігіне айналды.
Елордамыз – Астана төрт мұхиттың арасындағы дүние жүзі саясаткерлері мен мәдениет және дін қайраткерлерінің, алпауыт іскерлердің Жерұйығы болып табылады.
Азат елім – Тәуелсіз азаматым,
Сенсің ертең мінберден сөз алатын.
Аттан барыс бейнелі болашаққа,
Барша әлемге шығаршы қазақ атын!
2 - Жүргізуші:
«Аман бол, ел ардағы, ел арманы,Сезімің - қызғалдақ гүл қоғамдағы.Батырсың баяғыдан күткен елің,Шақырсын тек бақытқа жол алдағы.
1 - Жүргізуші:
Аман бол, сәулеңді шаш төңіреккеЖалғасыңа жасырмаймын, көп ретте.Шығарды тарих анаң қалап сеніХалқыңды бастайтұғын ер керек те.2 - Жүргізуші: Аман бол алтын жүрек, дана басымЕл үшін өлімге де бара аласың.Буының бүгілмесін ел алдындаЕртең де еңбегіңді бағаласын.1 - Жүргізуші:
Аман бол, бір туған ел анадан,Жамандық өтпес болсын шекараданЕңсесі аласармай жүреді еркін,Елімнің жолы болсын деген адам».2 - Жүргізуші:
Құрметті кеш қонақтары! 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні тағы да құтты болсын!
Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізейік!
Еліміз аман, жұрт тыныш болсын!
1 - Жүргізуші:
Тұғырымыз-тыныштық, тірегіміз-тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын!
Кездескенше күндеріңіз көркем болсын!