1-ші Желто?сан Президент к?ніне арнал?ан.Ашы? т?рбие са?аты


Тәрбие сағаты
Тақырыбы: 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған
«Ұлтына қамқор әке – Нұрсұлтан аға»  - атты ашық тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу;
ә) Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту
б) Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу.
Жүргізілу барысы
Мұғалім сөзі:
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтыбілмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қарттаамандығын тілеп, тілеулес болып отырады.Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға, қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.
Бейне баян «Ел басы сөз сөйлейді»
( Залдағы қонақтарды тұрғызу)
Мемлекеттік әнұран қосылады.
1 – Жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 – Жүргізуші:
Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған тәрбие сағатымыз, ашық деп жарялаймыз..
1 - Жүргізуші:
Мен ұлымын осы елдің ұланы
Туын көкке көтеретін қыраны.
Елбасының еңбегіне құрметпен
Қарайтұғын менде азамат боламын.
2 - Жүргізуші:
Мен гүлімін осы елдің қызымын
Батыр ана,апалардың ізімін.
Елбасының тұрғызған нұр елінде,
Көк аспанға,қолымды шексіз созамын.
1 – Жүргізуші:
Бүгінгі мерекелік тәрбие сағатымыз 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналып отыр
2 – Жүргізуші:
Ендеше барлығымыз Елбасымыздың өмір баяны жайында дайындалған
материалға назар аударамыз!!!
(Бейне ролик қойылады.) – 3 мин
1 - Жүргізуші:
Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген.
Ендеше өлең жолдарына кезек берейік....
Оқушы:
Отан дейміз –от жаққан жерімізді,              Отан дейміз- өсірген елімізді.              Отан дейміз – туған жер, атамекен-              Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.              Отан дейміз- кең байтақ астананы,              Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,              Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,              Ол бірақ өз үйіңнен басталады
2 - Жүргізуші:
Қошеметтеріңізді аямаңыздар!!!
Ал,енді «Мақалшы» ойынын ойнаймыз.
Мен сөз айтамын,кім сол сөзге мақал тауып айтса,соған ұпай жазылады.
(Отан, жер, халық, ел, басшы, бірлік, ынтымақ, батыр, ер, хан)
(тапқан қатысушыға бір смайликтен беріліп отырады)
1 – Жүргізуші:
«Елбасына»Ауыр күнді артымызға тастауы –Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
2 – Жүргізуші:
Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік! – дей отыра, «туған жер» жайында,өлең жолдарына кезек берейік!
Оқушы:
Сыр бойындай баулардан,Алатаудай таулардан,Сарыарқадай даламнан,Теңіз Каспий, Аралдан.Ұл-қызы бар елімнің,Жұлдызы бар жерімнің.Ұлы тойдай ұлы ісім,Жарлған ер жер үшін,Сырда сұлу күрішім,Қырда бидай ырысым.Жыршы-жырау салтымнан,Әнші, күйші халқымнанСәлем саған, туған ел
1 – Жүргізуші:
Қазыр «Егерде мен президент болсам » - атты,қызықты ойын жүргіземіз.
(Балалар өз ойларын қағаз бетіне жазады немесе ауызша айтады )
2 – Жүргізуші:
Ал,енді барлығымыз тақтаға назар аударамыз
(тақтада сөзжұмбақ берілген,сөз ортасында «Президент»)
П Р Е З И Д Е Н Т
СҰРАҚТАР
1.Қазақ халқы қонақ келсе астына не төсеген?
2.Қазақстан Респудликасының мемлекеттік туын,елтаңбасын,ән ұранын қысқаша қалай атаймыз?
3.Қазақта қандай сан киелі?
4.Қазақ халқы ертеден бері баспана қылып келген уй?
5.Қазақта жеті қазынаның бірі?
6.Қазақтың ұлттық аспабы?
7.Қазақстанның ұлттық валютасы,ақшасы?
8.Мемлекеттік рәміздің бірі?
9.Білім ордасы?
Мүғалім:
(Президент – ұғымына түсінік береді)
(Ағай ойын ұйымдастырады)
Президент – сөзінің мағынасы!
Президент – қазақ тілінде – елбасы,деген мағынаны білдіреді.
Президент сөзі,термин ретінде қолданылады.
Елбасы деп,Елді,халықты,жерді басқаратын,білімді,мейірімді,жан-жақты,т.б жақсы қабілеттермен қамтылған,лауазымды кісіні айтады.
Қане кім айтады? Сыныпты кім басқарады?
Мектепті ше?
Ауылды ше?
Мемлекетті ше?
Мінекей сол сияқты,әр жерге ,әр нәрсеге,әр кімге басшы керек балалар.
Мына суреттерді дұрыс орналастырайық қанекей.
1 – Жүргізші:
Ел басымыз ылғида,жастардан үміт күтеді.Болашақ жастар қолында дейді.
Кішкентай кезінен қиындық көріп өскен президентіміз,оқу да,білім де,өте озат болған.Ел басымыз, көп оқыған және де жастардың көп оқығаның қалайды.
Ендеше еліміздің келешектерің ортаға шақырамыз.
Өлең жолдарына кезек берейік
(Бірінші сынып оқушылары)
2 – Жүргізуші:
Әр елдің болар: ұраны,
Жүректегі жыр әні,
Биіктегі жалауы,
Бейнесі азат қыраны
Болар елдің таңбасы,
Білдірер елдің мол жасын!
1 – Жүргізуші:
Жұмбақ
1.Жүрекке қуат,күш берген
Әуезді әнді,сөз терген
Тарихы елдің жиылған
Ұраны елдің құйылған
2.Белгісі елдің айнасы
Керегелері айқасып,
Екі пырақ,шаңырағым
Көгінде жұлдыз жайғасып
3.Аспандай түсі көк екен
Шапағы күннің,көп екен
Жарайды ал,енді осы бір еліміздің мемлекеттік рәміздеріне бір шолу жасап кетейік. (бейне баян)
2 – Жүргізуші:
Кезекті өлең жолдарына береміз
4 сынып оқушылары
ТУ
Айнымайды аспаннанБіздің тудың бояуы.Оны халық қашан даБиікке іліп қояды.Туымызға жас туғанБір қарамай өтпейді.Сол көк тудың астындаКөгереміз көктейміз.
ЕЛТАҢБА
Қатар шапқан қос тұлпар,Ай акстында қазақ үй.Қалықтаған жас сұңқар,Шарықтаған таза күй.Бұл таңбасы елімнің,Елдігімнің, белгісі.
ӘНҰРАН
Естігенде көк аспанның астында,Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.Бар қазақтың үніндей шарықта,Шарықташы, Әнұраным, шарықта!Оны айтуға, жас ұлан, жлықпа.
1 – Жүргізуші:
Қол соға,отырайық!!!
Ал енді,біраз демалып, сергіту сәтін жасаймыз!
Ағай айтады,біз қайталаймыз
2 – Жүргізуші:
Мұғалім қимыл көрсетеді біз қайталаймыз.
Тұрамыз орнымыздан
Ту алып қолымызға.
Былғаймыз оңды-солды
Қозғалып жолымыздан.
Қолымыз белімізде
Басымыз жеріміздей
Дөңгелеп,айналады
5,6,7 мен 8 дей
Тік болып тұрамыз
Сарбаздай сап құрамыз
Аяқты кезек,көтеріп
1,1,1,2,3,4- деп
Біз жаттығу қыламыз
Тынығып та, алдыңыздар
Демалып та, болдыңыздар
Ал енді баршамыз да
Отырайық орнымызға
2 – Жүргізуші:
Өлең жолдарына кезек берейік
Оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім .Жатыр алып жарты дүние әлемін!Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далада жылап келіп, уанғанБұл даланы көріп алғаш қуанғанБұл далада өскен жанда жоқ арман
2 – Жүргізуші:
Барлығыңа кескін қағаз таратып беремін,тілектеріңді сөз түрінде жазып немесе салып тақтаға ,Бәйтерекке жабыстырамыз!!!
1 – Жүргізуші:
Елбасына, Қазақстанға, халыққа, ата-анаңа, достарыңа тілек жазсаңдар болады,немесе сурет салыңдар!!!
(Қонақтарға сөз беріледі)
2 – Жүргізуші:
Тәрбие сағатымыз өз уақытына жетіп қалды,Елбасымыз аман,жұртымыз тыныш болсын!!!
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
1 – Жүргізуші:
Барлығыңызға үлкен алғыс айтамыз!!!
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды!!!