?аза?стан Т?уелсіздігіні? 25 жылды?ына арнал?ан лицейішілік 10-11 сыныптар арасында «Жас мерген» жарысы


Облыстық Ж. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар лицей
-1593851186180Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған лицейішілік 10-11 сыныптар арасында
«Жас мерген» жарысы
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған лицейішілік 10-11 сыныптар арасында
«Жас мерген» жарысы

Ұйымдастырушы: АӘД оқытушы – ұйымдастырушысы
Қосмұханбетов С.Ш.
Атырау 2016
Мақсаты мен міндеттері:
Әскери колданбалы спорт түрін насихаттау, оқушылар арасында
Нысана ату спорт түрін кеңінен тарату, жастарды өз елін, жерін сүюге патриоттық рухта тәрбиелеу.
Пайдаланатын кұрал-жабдықтар:
ҚР туы, ИЖ-38 пневматикалық мылтық, мишень-№8, оқ
Жарыстың өтетін орны: Спорт зал
Ұйымдастыру:
Команда кұрамы: 3-ұл, 2-қыз бала
Нысананы ату жағдайы
Тіректі пайдалана отырып ату, қашықтық-10 м, 3-байқау атыс, 10-сыныптық атыс
Жарыстың өткізу барысы:
Сағат 14:30-де лицейдің спорт залында командалар сапқа тұрғызылып, командирлер дайындақтары жөнінде әскери жетекшіге баяндайды.
Жүргізуші: Жарысқа қатысушылар сап түзе!, тік түр!, түзелу ҚР-туына!,ҚР-туы әкелінсін! Ту әкелушілер саптың сол жақ қанатынан бастап, оң жақ қанатына қарай саптық адыммен ҚР-туын алып өтіп , саптың оң жақ шетіне барып тұрады.
Әнұран орындалады.
Сөз лицей директоры Ф.Ғ. Шангерееваға беріледі. Жарысқа қатысушы оқушыларды құттықтап, тілегін білдіреді.
Жарыстың бағдарламасымен әділқазы мүшелерімен таныстырады.
Әділқазы мүшелері:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.М. Мұхтарова
Дене тәрбиесінің мұғалімі: Ғ.Ж.Идрисов
Дене тәрбиесінің мұғалімі: С.С.Дюсембаев
Ату алаңына оқушылар жеке-жеке шақырылып, төрешінің рұқсатымен қару-жарақты оқтап, дайындығы жөнінде баяндап, төрешінің рұқсатымен ату алаңынаң шығарылып, келесі оқушы шақырылады.
Жарыстың аяқталуы: Әділқазылар мүшесі жарысты қорытындылап, жеңімпаздарды командалық және жекелей ретте арнайы дипломдармен марапаттайды. Марапаттаушылар саптан саптық адыммен шығып келіп, өздерінің марапаттануға келіп тұрғаны жөнінде мәлімет береді, диплом алғаннан кейін сапқа карап бұрылып ҚР- кызмет етемін деген жауап катып, содан кейін 2-3 адыммен жүріп әрі қарай өзінің саптағы орнына барып тұрады. Марапаттау аяқталды.
Жүргізуші: Жарысқа қатысушылар, сап түзе! Тік тұр! Назар ҚР туына! ҚР туы шығарылсын! Ту ұстаушылар тура, қалғандарың оңға саптық адыммен адым бас!
Келген көрермендерге рахмет айтып, шығарып салу.